25. Көліктік тариф дегеніміз не? Көлік тарифтері мен оларды қолдану ережелері



Дата18.02.2022
өлшемі18,52 Kb.
#25855
Байланысты:
25-30


25. Көліктік тариф дегеніміз не?

Көлік тарифтері мен оларды қолдану ережелері

Көлік ұйымдары көрсететін қызметтер төлем ақысы көлік тарифтері арқылы жүргізіледі. Тарифтерге мыналар жатады:

жүктерді тасығаны үшін алынатын төлемдер;

жүктерді тасымалдаумен байланысты қосымша операциялар үшін алынатын жинақтар;

төлемдер мен жинақтарды есептеу ережелері.

Экономикалық категория ретінде көлік тарифтері көлік өнімнің бағасының формасы болып табылады. Олардың құрылуы төмендегілерді қамтамасыз ету қажет:

көлік кәсіпорнына — пайдалану шығындарды

өтеу және пайда алу мүмкіндігі;

көлік қызметтерін сатып алушыларға — көлік шығындарын жабу мүмкіндігі.

Алдыңғы бөлімде көрсетілгендей, тасымалдаушыны таңдауға әсер ететін маңызды факторлардың бipi тасымалдау құны болып табылады. Клиенттер үшін күресте көлік тарифтеріне өз әсерін тигізе алады. Мысалы, Қазақстанның темір жолы шағын және аз тоннажды жүктерді тасымалдауда, автомобиль көлігімен қатаң бәсекелесуде. Бұл сәйкес темір жол тарифтерінің өсуіне тежеулі әсер етеді.

Әр түрлі көліктердің тарифтер жүйесінің өздеріне тән ерекшеліктері бар. Оларды қысқаша сипаттап өтейік. Teмip жол көлігінде жүктерді тасымалдау құнын анықтау үшін жалпы, ерекше, жеңілдік және жергілікті тарифтерді пайдаланады.

Жалпы тарифтер — тарифтердің, негізгі түpi. Олар арқылы негізгі жүктердің тасымалдау құнын анықтайды.

Ерекше тарифтер деп, арнайы қосымшалар немесе жеңілдіктер түрінде, жалпы тарифтерден ауытқу арқылы белгіленетін тарифтер аталады. Бұл тарифтер жоғары не төмен болуы мүмкін. Олар тек нақты жүктерге ғана таралады.

Ерекше тарифтер өнеркәсіпті орналастыруға әсер ете алады, сeбeбi олар аркылы шикізаттың жеке түрлерін тасымалдаудың, құнын реттеп отыруға болады, мысалы, тас көмip, кварцит, кен және т.с.с. Тасымалдау құнын ерекше тарифтер аркылы жоғарылата немесе төмендете отырып, темір жолдардағы тасымалдаудың біркелкі еместігін төмендетеді. Мұндай мақсаттарды ерекше төмендетілген тарифтер ұстанады.

26. Қызмет өрісінде баға белгілеудің кеңінен қолданылатын әдістерін атаңыз

Баға жасау деп тауарға бағаны қалыптастыру процесін атайды. Жалпы алғанда баға жасаудың екі жүйесі бар: орталықтандырылған және нарықтық.

Бағаның нарықтағы орны қандай. Нарықтың өзі тауарлы-ақшалай қарым-қатынастарын және құндық категорияларды (қаржы, несие, еңбек ақы, өзіндік құн, пайда, баға) іске асырудың негізгі формасы болып табылады. Егер де сұраныс және ұсыныс бар болса мұнда міндетті түрде нарықтық қарым-қатынас пайда болады. Олардың мүдделері қарама-қайшы болады. Сондықтан да оларды үйлестіретін тек баға ғана болады. Солымен, нарық деп сатушылардың және сатып алушылардың мүдделерін қақтығысу арқылы бағаның пайда болуына мүмкіндік жасайтын экономикалық процесті атайды. Яғни баға нарықтық қарым-қатынастарда орталық орын алады.

Нарықтық экономикада ең маңызды рөлді құн заңы орындаса, жоспарлы орталықтандырылған экономикада жоспарлы даму және орталықтандырылған бөлу заңдары негізінен қолданылады. Құн заңы баға жасау механизмі және сұраныс пен ұсынысты тепе-тең жасау процесіне негізделеді.

2. Орталықтандырылған экономикада өнім бағасы кейде өндірістің басталуына дейін анықталуы мүмкін, яғни баға негізінде шығындарды есептеу болатын.

1. Нарықтық баға жасаудың ең түбегейлі ерекше белгісі ретінде тауар бағасының өндірісте, тіпті кәсіпорында емес, өткізу өрісінде анықталатынын, яғни сұраныс пен ұсыныстың ықпалына тәуелді болатынын атау қажет. Тауар бағасы және оның пайдалылығы тек нарықта ғана тексеріледі және қалыптасады. Біздің елде, өкінішке орай әлі де болса, тауар бағасы негізінен кәсіпорын шығындарына қарай қалыптасады. Оның себебі ретінде біздің еліміздегі сұраныстың ұсыныстан әлдеқайда көп болуын және монополиялардың бар болуын атауға болады.

2. Нарықтық баға жасаудың келесі белгісі ретінде тауар бағасын оны өңдірген тұлға белгілейтінін атауға болады (яғни мемлекет бұл процеске араласпайды). Мемлекет тек шектелген тауар түрлеріне ғана бағаның жасалу процесіне реттеу жүргізе алады. Сонымен қатар, мемлекет баға жасаудың жалпыға бірдей ережелер мен қағидаларды іске қоса алады (мысалы, тиімділіктің шекті деңгейін орнату). Бірақ нақты тауар бағасын бәрібір кәсіпорынның өзі қояды. Сонымен, нарықтық баға жасау мемлекеттік баға реттеу жүйесімен өте икемді үйлесуі керек.

3. Нарықтық экономикада бағалардың динамикасына екі маңызды фактор әсер етеді: стратегиялық және тактикалық. Стратегиялық фактор – бағалар тауарлар құнының негізінде құрылады. Бағалар осы құнның төңірегінде тербеліс жасау мүмкін. Бұл өте күрделі және ұзақ уақытты процесс. Тактикалық фактор – бағалар нарық конънктурасына тәуелді өзгеру мүмкін. Осы екі факторды кез келген кәсіпорын жақсы меңгеріп білу қажет, әйтпесе қосымша шығындарға ұшырау мүмкін. Бірінші фактор өте жақсы ұйымдастырылған фирма, яғни шығындары ең аз кәсіпорын үшін тиімді. Екінші фактор нарық конъюнктурасын әрі тез және икемді қолдана алатын фирмалар үшін тиімді. Мұнда тыңғылықты дайындық және жоғары білікті кадрлардың маңызы зор. Ал ең көп пайданы осы екі факторды пайдалана алатын фирмалар алады.
27. Іс жүзінде пайдаланатын калькуляциялық өлшем бірлігінің топтарын атаңыз

Калькуляциялағанда шығындар есебінің объектілері мен өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын дұрыс белгілеу маңызды. Кәсіпорын өндіріріске кеткен шығындарға аналитикалық есеп ұйымдастыратын объектілер шығын есебінің объектілері болып табыады. Кәсіпорын калькуляциялайтын өнімнің, орындалған жұмыстың, көрсететін қызметтің түрлері калькуляция обьектілері болып шығады.

Кез келген кәсіпорындағы калькуляциялау, қызмет түріне, меншік мөлшері мен пішініне қарамастан, белгілі бір принціптерге сәйкес ұйымдастырылады.

Шығын есебінің объектісі – өзіндік құнды басқару мақсаты үшін өндірісттік шығыстарды топтастыратын белгі.

Көпмақсатты есеп жүйесінде есеп объектісінің екі тобын бөледі: жауапкершілік орталықтары мен өнім бірліктері. Бұл жағдайда шығын есебі объектілеріне: шығын пайда болған орындар, жауапкершілік орталықтары, шығын баптары, өндірісттік қызмет факторлары, біртекті өнім түрлері немесе топтары жатады.

Барлық аталған есеп объектілерінің анықтамалары 2 – тарауда берілген, сондықтан мұнда өндірістік қызмет факторларына тоқталамыз. Бұлар ресурс түрлері еңбек құрал – жабдықтары, еңбек керек – жарақтары мен қызмкт ету шығындары, басқару шығындары. Өндірістік жағдайлар бойынша шығындарды бөлу өндіріске қатысатын жеке элементтер арасындағы баланысты анықтайды және ресурстарды бөлудің дұрыстығын және тиімді жұмсаудың дұрыстығын бақылауды қамтамасыз етеді.

Шығын есебі объектілері бойынша топтасқан ақпарат басқарма талаптарына сай келуді және бітпеген өндіріс пен дайын өнім арасындағы шығындарды бөлуге және барлық шығындардың да, кейбір өнімдерді де калькуляциялау үшін де негіздеме болып қызмет етуге тиіс.

Калькуляция объектісі - белгілі бір құнды жұмыс пен көрсетілетін қызмет, өнім, жартылай өнім, әр түрлі дайындық деңгейіндегі кейбір азық – түлік өнімдерінің түрлері.

Калькуляциялау объектілерінің негізгі номенклатурасын әрбір кәсіпорын өндіріс типін, өнім ассортименті мен күрделілігін, бөлшектер мен тетіктердің бұйымда бірегейлену деңгейі және шығынның қай топқа жататындығын сипаттайтын, басқа да белгілерді есепке ала отырып, жасайды. Көбіне калькуляциялау объектісін шығынды көтерушілер деп атайды.

Өнеркәсіптің кеткен өндіруші, газ – энергетико салаларында бітпеген өндіріс болмаса шығын есебінің объектісі калькуляциялау объектісімен тура келеді.

Бұл жекелеген данамен, шағын сериялармен, жаппай өндірістегі бұйымның кейбір түрлерін дайындауға, бір жолғы тапсырыстарды, тәжірбиелік –экспериментальды және біртекті жұмыстарды орындауға қатысты.
28. Биржалық бағалар дегеніміз не?
Биржа бағамы, котировка (фр. Cote, ағылш. Financial quote) - қор биржасына айналымға түскен бағалы қағаздардың құны. Биржа бағамы қарыз ақша пайызы мен сол бағалы қағаз табыстылығы деңгейінің арақатынасымен анықталады. Қай дүкеншiсi немесе сатып алушысы жариялайтын және олар бойынша сатып алуды немесе сатуды болуға дайын болатын тауардың бағасы (бағамы, проценттi жалаки).[1]

Биржалық бағам - биржада сатылатын акциялардың, облигациялар мен басқа да бағалы қағаздардың бағасы. Биржаның ашылу және жабылу сәтіндегі бағам; биржада жасасылатын мәмілелер бойынша үздіксіз бағам (тикердің "жүгірме" жолы); сауда күні бойына ең жоғары және ең төмен бағам; спот мәмілесі бойынша және мерзімді мәміле бойынша бағам; нақты эмитент-компаниялардың бағалы қағаздары бойынша бағам, т. б. түрлеріне бөлінеді. Биржалық бағамның тағы бір түрлері: сатушы бағамы (ол сүрайтын баға) — asced price; сатып алушы бағамы (сатып алушы ұсынатын баға) — bid; ресми бағам— сатушы мен сатып алушының бағамы үйлесетін баға — matching.[2]


29. Бөлінбейтін қызметтер мен бөлінетін қызметтер жиынтығын атаңыз
30. Жиынтық шығындар дегеніміз не?
Кемімелі шекті өнім заңдылығы – өндіріс факторының саны артқан сайын фактордың шекті өнімділігінің кему қасиеті.

Сонымен, өндіріс функциясы өнімді өндіруге жұмсалған өндіріс факторларының саны мен өндірілген өнім көлемі арасындағы байланысты көрсетеді.

Қысқа мерзімде фирманың кемімелі шекті өнім заңдылығына сәйкес, өнім көлемі артқан сайын оның жиынтық шығындары өсе бастайды. Шығындар шамасы мен шығарылатын өнім көлемі арасындағы өзара байланысты зерттеп талдағанда фирманың қысқа мерзімдегі өндіріс шығындарын мынадай түрлерге бөліп көрсетуге болады:

Тұрақты шығындар (FC) – өнім шығару көлеміне байланысты емес тәуелсіз шығындар. Мәселен, тұрақты шығынға ғимаратты жалдау ақысы жатады.

Айнымалы шығындар (VC) – өнім көлемі өзгергенде өзгеріп отыратын шығындар. Мәселен, айнымалы шығынға өнім өндіруге қатысты шикізаттар, отын-материалдар, т.б. жатады.

Жиынтық шығындар (TC) – фирманың өнімді өндіруге және оны сатуға жұмсайтын барлық шығындарының жиынтығы:

TC (Q) = FC + VC (Q)

Шығынның осы түрлері туралы мәліметтерді «Экономикс» оқулығының осы тақырып бойынша келтірілген мысалдары арқылы түсіндіруге болады.

Өндірушілер көбінесе орташа шығын (АС – өнімнің 1 бірлігіне шаққандағы шығындар) шамасына көп көңіл бөледі. Оның үш түрі болады:

1) орташа тұрақты шығын: AFC = FC / Q;

2) орташа айнымалы шығын: AVC = VC / Q;

3) орташа жиынтық шығын: AТC = AFC + AVC.

Өнімнің қосымша 1 бірлігін өндіргенде жұмсалатын қосымша шығындарды шекті шығын деп атайды: МС = ∆TC / ∆Q = ∆VC / ∆Q, яғни ∆TC = FC + ∆VC, ал FC – const.

Орташа шығын мен шекті шығын қисықтарының пішінін және олардың өзара байланысын «Экономикс» оқулығында келтірілген сызбалардан байқауға болады.



Дәрістің екінші сұрағында біз қысқа мерзімде қарастырылатын шығындардың түрлерін талдағаннан кейін, ұзақ мерзімдегі шығындар мәселесіне көшеміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет