К Е Л Е Ш Е К К Е К Е М Е Л Б І Л І М М Е Н
AK
ZHOL
TAIGA
ZE
TI@mail.
ru
№8/Мамыр/ 2015 жыл
25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде соңғы
қоңырау үні сыңғырлады. Алда – жаз маусымы, артта – 9
айлық еңбек. Әрбір оқушы бұл күні әртүрлі ойда болады.
Қандай?
Бастауыш сыныпта оқитын бүлдіршіндер әлі оқудың
ауырлығын көре қоймағандықтан, мектеппен жылап
қоштасып жатады. Олар үшін барлық пәннен беретін бір
мұғалімі – екінші анасындай болып кетеді. Сол себепті үш ай
бойы ұстазын көре алмайтынын түсінетін бала бұл күні гүлін
құшақтап, апайының жанындағы орын үшін таласады.
Төменгі сыныпта оқитын оқушылар енді ата-анасынан
тығылмай ойын ойнай алатынына риза болып, мектеп форма-
сын соңғы рет киіп, қуана-қуана келеді.
Ал жоғары сыныпта оқитын оқушылар мен түлектер екіұдай
сезімде жүреді. 9-сынып пен 11-сынып оқушылары алдында
күтіп тұрған мемлекеттік емтихан мен ҰБТ-ны уайымдап, бар
ойы сол жақта болады. Дегенмен бұл сыныптастарымен өтетін
соңғы қоңырау екенін түсінетін түлектер бір-бірін қимай
құшақтасып, жылап жатады.
Әйгілі «түлек лентасы» бұл күннің басты элементі. Көк лен-
таны тағынған оқушылар алғаш мектепке келгендегі дәстүрді
қайталап, қыз-бала болып жұптасып, қол ұстасып соңғы
вальске шығады. Қыздар ақ бантиктерін тағып, жігіттер
костюмдерін киіп, бұл күні уақыттың тез өтпеуін тілейді.Көк
лента күннің соңында көк сияға толып, естелікке айналады.
Бұл күнді ешбір түлек ұмытпайды.
«Мектебім – сағынышым, балалығымның тәңірісің,
Шуақты күндерді, жұлдызды түндерді сәуледей болған
жарығысың...» деген әнді қосылып айтып, теңселе қол
шапалақтап, көңілдерін қиымастық сезімі тербейді. Себебі ол
бүгіннен бастап – жас түлек, болашақ студент атанады.
Құрметті оқушылар, биылғы оқу жылын сәтті
аяқтағандарыңызбен құттықтаймыз! Алдарыңызға қойған
мақсаттарыңыз сүрінбей жетіп, барлық емтихан, сынақтардан
өтіп, қалаған бағаларыңызды алуларыңызға тілектеспіз!
Фариза Абилова
АЛТЫН ҰЯМ, СЕНІ ҚИЯ АЛМАЙМЫН...
ҰБТ-ҒА 21 200 ЖАҢА СҰРАҚ ЕНГІЗІЛДІ
Биылғы жылы да Білім және ғылым министрлігі ҰБТ
тәртібінің қатаңдай түсетіндігін ескертті. 2014-2015
жылғы оқу жылын тәмамдаған мектеп бітірушілер
ұлттық бірыңғай тестілеуді жаңа тәртіппен тапсыра-
тын болады. Бұл туралы өткен аптада Астанада өткен
брифингте белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz
тілшісі Түркістан халықаралық саяси апталық газетіне
сілтеме жасай отырып.
Әдеттегідей, бұл жылы да тест сұрақтары жаңартылмақ.
Ұлттық бірыңғай тестілеу сұрақтары қатарына биыл 21
200 жаңа сұрақ енгізіліп отыр. Биыл сұрақтардың ішінде
логикалық және функционалдық тапсырмалар көбірек
қосылған. Ал тест тапсыратын аудиторияны ІТ мамандар
қадағалап, шпаргалкамен қолға түскен оқушылар биыл
жоғары оқу орнына түсу құқығынан біржола айыры-
лады. ІТ мамандар тест тапсыратын аудиторияда ұялы
байланыстың болмауын, бейнебақылау камераларының
дұрыс жұмыс істеуін, жауап парақтарындағы белгіленген
нұсқалардың дұрыс есептелуін қадағалайды. Білім са-
ласына жауапты мамандар осындай тәсіл арқылы ҰБТ
кезіндегі тәртіпті күшейтпек. Ал тест тапсыру кезінде
бітірушіден тыйым салынған заттар мен шпаргалка табыл-
са, ол аудиториядан шығарылады. Сөйтіп бітіруші тест
тапсыру құқығын жоғалтады. «Онда тест материалдары
жойылып, мектеп бітіруші аудиториядан шығарылады.
Ол биыл жоғарғы оқу орнына түсу құқығынан айыры-
лады. Бірақ мектепте емтихан тапсырып, аттестат алуы-
на толық мүмкіндігі болады», – деп мәлімдеген Алматы
қаласы білім саласын бақылау департаментінің басшы-
сы Қанай Батырбаев. Министрліктің тест талаптарын
барынша қиындата түсуіне жыл сайын түрлі тыйым
салынған заттар мен шпаргалка пайдаланушылардың
қатарының артуы себеп болғаны жасырын емес. Қазір
мектеп бітіруші түлектер ҰБТ-ға дайындық барысында
шпаргалканы қалай пайдалану қажеттігін де меңгеретіні
талай оқушылардың әңгімесіне арқау болып жүргені
рас. Оқушылардың шын білімін айқындауға тиісті
ұлттық бірыңғай тестілеудің балаларды қулыққа үйрете
бастағанын әлі де аңғармай жүрміз-ау.
Астанадағы брифингте осыған дейін Қазақстан бойын-
ша ҰБТ 155 пунктте тапсырылып келсе, биыл тест тап-
сыратын орын саны 165-ке жететіні айтылды. Білім және
ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы
бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов: «Бұрын бір
күнде бір пунктте 800-ге дейін түлек тест тапсыратын. Бұл
ҰБТ тапсыруды ұйымдастыру жұмыстарына қосымша
жүктеме болатын. Биыл бұл жүктемені жеңілдету үшін
бір күнде бір пунктте тест тапсыратын түлек санын 600-
ге дейін азайтатын болдық», – деп отыр. Сондай-ақ,
биыл түлектер тестілеу нәтижесін аты-жөні арқылы емес,
өздеріне берілетін идентификациялық нөмірі арқылы ғана
біле алады.
Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы – түлектердің
тестілеу кезінде алған бағасы мен жылдық қорытындысы
қосылып, орташа арифметикалық бағамен есептеледі.
«Ұлттық бірыңғай тестіні тапсырған кездегі алынған
баға мен қорытынды бағаның орташа арифметикалық
бағасы қойылады. Егер де дау туған жағдайда, баға
жоғарылатылады. Мысалы, егер де оқушы тест тапсырған
кезде 4 деген баға алса, ал енді оның қорытынды бағасы 5
болған жағдайда онда оқушыға жоғарылату мақсатында
5 деген баға қойылады», – дейді Қанай Батырбаев. Ре-
спублика бойынша ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары
көрсеткіш көрсетіп, алдыңғы орында келе жатқан Алматы
қаласында биыл 7905 оқушы алтын ұясымен қоштаспақ.
Ал оның ішінде ұлттық бірыңғай тест тапсыруға 6247
бітіруші өтініш білдіріпті. Олардың 279-ы «Алтын
белгіге» үміткер. Он бірінші рет өткізілгелі отырған
ұлттық бірыңғай тестілеу маусым айының 2-сі мен 15-і
аралығында жалғаспақ.
Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын «2015
жылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі түп-
тамырымен жойылады» деген мәлімдеме таратқан бо-
латын Білім және ғылым министрлігі. Оның орнына екі
кезеңді сынақ – жазбаша емтихан мен кешенді тестілеу
енгізілетіндігі айтылған. Сол кездегі Білім және ғылым
вице-министрі Мұрат Әбенов ҰБТ-ның айтарлықтай
нәтиже көрсетпегендігін сөз еткен еді. Сол себепті, мектеп
түлектері екі кезеңді сынақтан өтеді деген. Әуелі бірнеше
пәннен жазбаша емтихан тапсырған түлектер жоғары
оқу орнына түсер сәтте кешенді тестілеуге қатысады
деп жоспарланды. Тіпті, Білім және ғылым министрлігі
емтиханның өткізілу формасының өзгеретінін де хабар-
лады. Осы арқылы мектеп бітірушілердің жаттанды білімі
ғана емес, оны тәжірибе жүзінде қалай пайдалана алаты-
ны анықталады деп сендірген. Бірақ өткен оқу жылының
соңында-ақ Білім және ғылым министрлігі «ҰБТ 2015
жылы алынып тасталады» деген ақпаратты жоққа
шығарды. Ал уәде етілген 2015 жылы тестілеу жүйесін
екі кезең бойын¬ша тапсыру туралы сөз де болмады.
Жыл басында Білім және ғылым министрлігі тестілеуге
еш өзгеріс енгізілмейтіндігін мәлімдеумен ғана шектелді.
Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев: «ҰБТ
негізіне алынған, 2004 жылы біз таңдап алған технология
өзін-өзі ақтады деп айтуға болады. Бір емтиханмен екі
міндетті шешеміз, түлектер үшін тең жағдай жасалуда.
Мемлекеттiк бiлiм беру жүйесiн дамыту мемлекеттiк
даму бағдарламасына сәйкес сынақ жүйесін қайта құру
ұсыныстары болған-ды. Өткен жылы ұлттық бірыңғай
тестілеуді жетiлдiру бойынша министрлiкте комис-
сия құрылған болатын. Бiз осы жылы тестiлеу форма-
тын өзгерiссiз қалдырамыз деген шешiм қабылдадық.
Бiз қауiпсiздiк, жауапкершiлiк мәселесiне ғана шама-
лы түзетулер енгiзудеміз. Олар қабылданған кезде бiз
қосымша хабарлайтын боламыз», – деп атап өткен бола-
тын.
Ал екі кезең бойынша тапсыру жүйесінің биыл
енгізілмеуінің нақты себебін Ұлттық тестілеу орталығының
директоры Қали Әбдиев El.kz сайтына берген сұхбатында
түсіндіріпті. «2015 жылы болады деген өзгерістер 12
жылдық білім беру жүйесіне көшу бағдарламасы бойын-
ша жоспарланған болатын. Бұл жоспардың өзгертілуіне
байланысты өзгерістер де кейінге қалдырылды. Жоспар
бойынша ҰБТ-ны екі кезеңде өткізу емес, екі түрлі емти-
хан енгізуге дайындық жұмыстары жүргізілген болатын.
Жоғары оқу орнына түсу емтихандарының мазмұнына
мамандықтарға байланысты бейіндік пәндерді енгізу
жоспарланған. Мысалы, Жалпы медицина мамандығына
түсетіндер үшін химия және биология пәндері. Егер,
бірнеше мамандық таңдалатын болса, онда тапсыратын
пәндер саны да көбейеді. Мектеп бітіру емтихандары
тест және дәстүрлі түрде жоспарланған болатын», – дейді
Қали Әбдиев мырза. Міне, жыл сайын жаңалық енгізуден
жалықпайтын және сол жаңа реформаларын жүзеге асы-
руды кейінге қалдырудан талмайтын Білім және ғылым
министрлігінің бір жобасы екінші бір жоспардың орын-
далуына кедергі келтіруде.
Қарлыға Бүйенбай
ҰБТ-ДА ГАДЖЕТ ҚОЛДАНҒАН ТҮЛЕКТЕРДІҢ ТЕСТІЛЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖОЙЫЛУЫ МҮМКІН
Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде
гаждеттерді қолдану ҰБТ өткізу тәртібін
бұзу болып есептеледі және тестілеу
қорытындысын жоюға әкеп соғады.
«Мектеп түлегінен ҰБТ кезінде тыйым
салынған заттар табылса, ол автоматты
түрде аудиториядан шығарылып, тестілеу
қорытындысы жойылады», - дейді ҚР Білім
және ғылым министрлігі Білім және ғылым
саласындағы бақылау комитетіндегілер.
Сонымен қатар, ресми сауалға берілген
жауапта жыл сайын 30-ға жуық тестілеу
қорытындысының жойылатыны айтылған.
Бұған дейін министрліктер, тыйымға
қарамастан 2014 жылы ҰБТ пунктіне кіретін
жерде тыйым салынған 30 мың заттың
тәркіленгенін хабарлады.
«Ол түлектер сол жылы қорытынды
аттестациялауға жіберілмейді және жоғары
оқу орнына түсу мүмкіндігінен айырылады»,
- деп мәлімдейді комитеттегілер.
Арнайы техникалық құралдарды жа-
сап шығару, өндіру, жөндеу мен сатудың
лицензияланған
қызмет
түрі
болып
есептелетінін және ол жедел-іздестіру
қызметінің субъектілері үшін ғана жүзеге
белгілі. Бұл саладағы лицензияларды ұлттық
қауіпсіздік органдары береді.
Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес, егер
арнайы техникалық құралдар заңсыз жол-
мен дайындалып, өндіріліп, сатып алын-
са немесе сатылса және қолданылса,
қылмыстық жауапкершілікке тартудың
тағайындалатыны (Қылмыстық кодекстің
399-бабы) айтылды.
«Арнайы техникалық құрал болып
есептелетін микроқұлаққаптар мен өзге
де гаджеттерге қатысты мәселе бойынша,
ақпаратты жасырын түрде алу техникалық
тексеруді талап етеді, осыған байланысты
тиісті шаралар қолға алынды», - делінген
сауалға берілген жауапта.
Сонымен
қатар,
министрліктегілер
ҰБТ өтетін уақытта қоғамдық тәртіп пен
жол қауіпсіздігін сақтау бойынша тиісті
шаралардың атқарылатынын жеткізді.
Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін ҰБТ
өтетін орындарға, түлектер тұратын жер-
лер (ҰБТ тапсыруға алыс ауылдардан
келгендер туралы - Авт.) мен соған жақын
аймақтарға тәулік бойы күзет қойылады,
сонымен қатар, ҰБТ өтетін орынға дейін
түлектерді таситын көліктерге еріп жүру
және оларды діттеген жерге дейін жеткізіп
тастауды ұйымдастыру көзделген.
«ҰБТ өтетін кезде бұл мәселе қатаң
бақылауға алынатын болады», - деп
мәлімдейді министрліктегілер.
Қарлыға Бүйенбай
Қазақстандық студенттерге Ұлыбританияда жоғары білім алу мүмкіндігі
берілді. Мұндай мүмкіндікке Елордада ашылған Нобель академиясының
өкілдігі арқылы қол жеткізуге болады.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРГЕ ҰЛЫБРИТАНИЯДА ЖОҒАРЫ БІЛІМ АЛУ МҮМКІНДІГІ БЕРІЛДІ
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Астанада Но-
бель академиясының елшігілін ашудың арқасында
еліміздің үздік оқушылары тағайындалған 5 грант-
ты сарапқа салады. Түлектер маусым айында
бағдарлама бойынша емтихан тапсырады.
«Қазақ елінің Нобель отбасымен тарихи қарым-
қатынасын ескере отырып, Астана қаласында ака-
демия ашуды жөн санадық. Мұндай өкілдіктерді
Алматы, Атырау және Қазақстанның басқа да
қалаларында ашу жоспарланған. Орталықта үздік
оқыған студенттер Ұлыбритания мен Швейцарияның
жоғары білім дипломдарына ие болады. Ең үздік
оқушылар әлемнің кез келген университетінде өз
білімін жетілдіруге мүмкіндік алады», - дейді Nobel
International Fraternity Academy төрағасы Филип Но-
бель.
Айта кетейік, бірінші кезекте, жаңа орталықта
түлектер ағылшын тілін жетік меңгергенін
көрсетулері керек. Студенттер бұл орталықта эконо-
мика, бизнес және заң салаларындағы мамандықтар
бойынша білім алады.
№8/Мамыр/ 2015 жыл
Сингапурские школьники занимают
первые места в международных со-
ревнованиях по математике и другим
наукам. Сингапур один из самых про-
двинутых финансовых, торговых и
технологичных центров мира. Связь
между системой школьного образова-
ния и процветанием страны прямая.
Реализация
программы
Thinking
Schools, Learning Nation, запущенная в
1997 году, позволила стране воспитать
поколения открытых миру лидеров,
способных работать в команде и тесно
интегрировать школьное образование
с экономикой страны.
Стратегия Thinking Schools, Learning
Nation была нацелена на усиление
преподавательского состава, созда-
ние автономных школ и поощрение
успешных проектов. «Хорошие учите-
ля и директора стали ядром этой про-
граммы», – говорит Хо Пенг, директор
общего образования в Сингапуре.
К 2015 году город-государство наде-
ется достичь своей цели – нанимать
учителей только из топ-выпускников
университетов, так как в Сингапуре
убеждены, что качество преподава-
ния напрямую зависит от квалифи-
кации учителей. Монополистом в пе-
дагогическом образовании является
Национальный институт образования,
созданный на базе Наньянгского тех-
нологического университета.
Институт готовит специалистов и по
согласованию с министерством на-
правляет их в сингапурские школы
для работы. Согласно условиям кон-
тракта учителя обязаны проработать
в школе три года, в противном случае
они должны возместить государству
все затраты на их обучение. Однако в
реальности такие случаи встречаются
редко. Стартовая зарплата преподава-
теля вполне конкурентоспособна и со-
ставляет около $2,5 тыс. Кроме того,
государство постоянно начисляет пре-
мии и полностью оплачивает 100 часов
повышения квалификации в год.
С педагогическим образованием мож-
но продолжить карьеру вне школьно-
го класса. Лучший учитель, или, как
его называют, мастер-учитель, может
стать ментором новых учителей или
директором школы. Директор обязан
быть успешным мас¬тер-учителем,
пройти через череду тестов и полуго-
довой тренинг. В этот период будущие
директора ездят за границу и пере-
нимают лучший опыт, ищут пути его
применения в стране. По возвращении
в страну директора делятся опытом со
своими однокурсниками.
Преследуя идею автономных школ, в
Сингапуре сформировали кластеры,
каждый из которых включает в себя
от 12–14 школ. Руководитель класте-
ра – суперинтендант – одновременно
выступает и наставником для дирек-
торов. Всего в стране четыре образова-
тельных округа, в каждом из которых
семь школьных кластеров. Внутри
кластера, по согласованию, школы
могут использовать инфраструктуру:
спортивные сооружения, лаборатории
и т.д.
Система среднего образования в Син-
гапуре предполагает 10-летнее школь-
ное обучение, включая шестилетнее на-
чальное, где дети могут обучаться по
индивидуальной программе, составлен-
ной из комбинаций предметов по вы-
бору и предметов, рекомендованных
школой. Тем самым система адаптиру-
ется под нужды каждого ребенка.
Основной акцент Министерство обра-
зования Сингапура делает на персона-
лизацию образования, одновременно
предоставляя школьникам широкий
выбор нишевых школ. На реализацию
программы нишевого образования го-
сударство готово потратить $55 млн
в течение следующих пяти лет. По
мнению Хенг Суи Кита, министра об-
разования Сингапура, каждая школа
должна развивать ту или иную специа-
лизацию в обучении, в сфере, где шко-
ла имеет лучшие результаты. Каждое
учебное заведение может выбрать соб-
ственную специализацию и обосновать
реальность ее развития перед мини-
стерством. По информации ведомства,
больше половины школ, а это около
190 школ, уже занимают определенную
нишу. Это может быть спорт, искус-
ство или экологическое образование.
Такие школы получают дополнитель-
ные бюджеты от государства в разме-
ре $150 тыс. один раз в три года. На-
пример, отличительная особенность
Edgefield Primary School в Пунголе
– спортивные бальные танцы. Школь-
ники изучают разные стили танцев
от ча-ча-ча до вальса. «После получе-
ния дополнительных ресурсов школа
смогла отправить на международные
соревнования в 2 раза больше школь-
ников», – говорит заведующий школой
Вилли Тан.
Особое внимание уделяется естествен-
ным наукам, математике и языко-
вой подготовке. Большое количество
времени в школе приходится на вне-
классные занятия, обычно связанные
с занятиями спортом, творчеством,
окружающей средой, реализацией со-
циальных проектов.
СТАРТОВАЯ ЗАРПЛАТА ПРЕПО-
ДАВАТЕЛЯ СОСТАВЛЯЕТ
$2,5
ТЫС.
Основная задача нишевого образова-
ния – выявление и развитие способ-
ностей и талантов ребенка на каждом
этапе школьного образования. «Чтобы
каждая школа стала хорошей школой
(один из трех базовых принципов си-
стемы. – Прим. ред.), они не должны
походить друг на друга. Опыт показы-
вает, что ученики могут получить го-
раздо больше вне школьных стен. Это
важный этап развития социально-эмо-
циональных навыков наших студен-
тов», – считает Хенг Суи Кит.
Бахытгуль Журкабаева
Елімізде білім сапасын арттырып, болашақта
еңбекқор мамандар дайындау мақсатында Білім және
ғылым министрлігі үнемі білім жүйесіне жыл сайын
өзгеріс енгізіп отырады. Олар төмендегідей:
- Ғылымға кіріспе сабағының барысында оқушылар
табиғатқа деген қызығушылықтарын арттырып, болашақ
өмірде қажет болатын ерекше қасиеттерді қалыптастырады,
- деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі мектепке
дейінгі және орта білім департаменті директорының орын-
басары Жанабай Абуов.
1. Бірінші сынып оқушылары өнер пәнін өтеді
Бұл пәннің аясында шенеуніктер өнер мен еңбекті
селбестіре білді. Оқулық авторлары музыканы да кіргізгісі
келген. Алайда педагог мамандар әзірге сурет салу мен
өлең айтуды оқушыларға ауырлық түспейтіндей етіп өткізу
тәсілін ойлап таппады. Жоспарға сәйкес жаңа пән 2016
жылдан бастап өтіледі.
Екінші-үшінші
сыныптарда
«ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар» пәні өтіледі. Атауы
ұзақ пән компьютерді пайдалануға дағдыландырып қана
қоймай, ақпаратты қалай өңдеу керектігін де үйретеді.
Информатикаға ұқсас пәнді оқушылар 2017-2018 жылдан
бастап меңгере бастайды. Абуов мырза:
- Бұл жерде баланы жастайынан сапалы ақпарат
таңдауға үйретіп, артынша оны кесте, графика, диаграмма
түрінде көрсету мәселесі сөз болып отыр, - деп анығырақ
айтып кетті.
2. Дүние тану курсына тарих пен қоғамтануға
қатысты материалдар қосылады
2016 жылдан кейін ұстаздар алты жасар
оқушыларға маусымның ауысып отыруын ғана
емес, маңызды тарихи оқиғалар мен қоғамның
құрылымы туралы айтатын болады. Осы-
лайша жас өрендер қоғамдық-гуманитарлық
ғылымдарды меңгере бастайды.
Бастауыш сыныптардың бағдарламасында
айтарлықтай өзгерістер бар болғандықтан,
орта буынның жайы белгілі. Оларда да мектеп
бағдарламасы қиындайды. Бар мәселе бұл жасқа
арналған мемлекеттік стандарттар әлі де өңделіп
жатқандығында. Десе де кейбір жоспарлар белгілі
болды.
3. Физика, химия, биология пәндері бесінші
сыныптан бастап өтіледі
Шамамен 2020 жылдан бастап бесінші сы-
нып оқушылары қазір жетінші сыныптан бастап
өтіліп жүрген пәндерді меңгере бастайды.
Ұлттық білім академиясы орта білім институтының ди-
ректоры Марьям Мұқатова:
- Мұндай ұсыныс кездейсоқ түскен жоқ. Оқушылар жа-
ратылыстану пәнін бір жыл оқып, физика, биология, химия
пәндерін екі жылдан кейін ғана өте бастайды. Арадағы
үзіліске бола оқушылар оқыған материалдарын ұмытып
қалады. Мұндай болмасын деген ниетпен аталған пәндерді
бесінші сыныптан бастап меңгеруді ұсындық.
Жоғарғы сынып оқушыларында өзгерістер аз емес. Ол
өзгерістер туралы көп айтылуда. Десе де әлі толық өңделіп
үлгермеген.