28.Блум таксономиясын математиканы оқыту барысында қолдану. Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы. Бенджаминнің «Білім беру мақсаттары таксономиясы» атты еңбегінің маңызы өте зор.
Блум таксономиясы негізінен «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясымен тақырыптас, өзектес бір мақсат мүддеге бағытталады. «Оқу мен жазу арқылы жеке дара пікір туғызу, ол мынадай құрылымнан тұрады: шыңдалған ойлау, кез келген тану деңгейіне байланысты мәселелерге пікір қосу, күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды жауапты шешімдер қабылдауға әкелту. Үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығуынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым».
Блум бойынша оқыту – бұл процесс және оқытушылар оқушылардың қойылған мақсатқа жетуге ықпал ететін сабақ пен тапсырмаларды дайындау әрекеті деп есептелінеді. Б.Блумның білім берудегі маңызды үлесі ойлау әрекеттерінің деңгейлерін ұсыну, яғни фактілерді қарапайым жаңғыртудан талдау және бағалау, яғни күрделі деңгейіне жеткізу болып табылады.
Блум таксономиясы арқылы тапсырмалар құрастыру әдістері Блумның бұл таксономиясы танымдық үрдісті ең қарапайым деңгейден бастап бірте-бірте күрделенетін 6 деңгейге жіктейтіндігін ескере отырып, қарапайым деңгейге есте сақтау, түсініп білу, еске түсіру, ал одан кейінгі түсіну деңгейінде сол ақпаратты басқаша, өз сөзімен жеткізе алумен жалғасады. Жаңа ақпаратты бөліктерге бөліп зерттеуден кейін оны өз тәжірибесінде тасымалдай алу сияқты алдыңғыға қарағанда күрделі әрекетке ұласады. Қарама – қарсылық туғызу, шешім қабылдау, баға беру оқушының білімін дамытудағы ойлаудың жоғары деңгейінде жүретін жұмыстар. Сөз етіліп отырған деңгейлерге сәйкес танымдық үрдістің мақсаттары бірте-бірте күрделенетіндігі заңдылық. Әр қадам сайын сол деңгейде орындалған әрекетке баға беруді жүзеге асыру арқылы оқушының білім деңгейі артып, шығармашылығы шыңдалады. Оқу мақсаттарының негізгі категориялары: · 1) Білім;
· 2) Түсіну;
· 3) Қолдану;
· 4) Талдау;
· 5) Синтез (жүйелеу, жинақтау);
· 6) Бағалау.
Блум бойынша оқыту – бұл процесс және оқытушылар оқушылардың қойылған мақсатқа жетуге ықпал ететін сабақ пен тапсырмаларды дайындау әрекеті деп есептелінеді. Б.Блумның білім берудегі маңызды үлесі ойлау әрекеттерінің деңгейлерін ұсыну, яғни фактілерді қарапайым жаңғыртудан талдау және бағалау, яғни күрделі деңгейіне жеткізу болып табылады.