Биомасса мен қалдықтардың метанға және органикалық тыңайтқыштарға биоконверсиясы
Қалдық суларды тазартуда әдістерді саралап, тиімді әдісті і қолдану
Қалдық суларды тазартқанда 4 негізгі сатыдан тұрады (аэробты және анаэробты жлдарының байланысы)
1. Біріншілік өңдеуде қалдық суларды механикалық қоспалардан тазарту жүреді: (құм-аулағыштар, торлар, жинақтағыштар, майаулағыштар).
2. Екінші сатыда аэробты микроорганизмдердің қатысуымен (белсенді лай) аэротенкте еріген органикалық заттардың ыдырауы.
3. Үшінші сатыда белсенді лайды екіншілік тұндырғыштарда тұндыру. Қосымша сатысы (міндетті емес) - 2–ші және 3–ші сатыларда түзілетін артық белсенді лайді анаэробты ыдырату (метантенкте).
Нәтижесінде тұнба көлемі азаяды, иісі жойылады және бағалы органикалық тыңайтқыштар мен биогаз - метан түзіледі.
4. Төртінші сатыда қалдық азот және фосфордан толық тазарту өсімдіктер, микробалдырлар және микробтар арқылы жүзеге асады.
Қалалық ластанған ағынды суларды тазарту жолдары:
1. Механикалық
2. Биологиялық
3. Физикалық
4. Биологиялық
5. Химиялық
Өндірістік ағынды суларды тазарту жолдары:
1. Механикалық
2. Физика-химиялық
3. Биологиялық
4. Физикалық
5. Биологиялық
Техникалық су Механикалық тазарту Мақсаты – ағын судан фильтрация, еріту, сору, сорғыту және басқа да процестер арқылы ірі және ұсақ механикалық бөлшектерді бөлу.
Механикалық тазалау – түрлі темір торлардан өткізуден, құм аулаудан және сүзгілеуден тұрады. Бұл қондырғылардың түрлері және өлшемдері ластанған ағынды сулардын түрлеріне (тұрмыстық/өндірістік ағын сулардын құрамына) байланысты. Механикалық тазалау алдын ала ластанған ағын суларды тазалаудың бірінші сатысы болып табылады.
Физика-химиялық тазарту Әдіс ұсақ бөлшектерді және коллоидті заттарды өндірістік ластанған ағынды суларда, сонымен қатар, иондардан, қышқылдардан және сілтілерден жою үшін қолданылады. Физико-химиялық әдістің ішіне: электролиз, сорбция, экстракция, нейтрализация (әк, аммиак), коагуляция (минералды қосылыстардан тазарту – алюминий, темір тұздары) және флокуляция (органикалық қосылыстардан тазарту – белсендірілген кремний қышқылы) процестер кіреді.