26.Дамыған елдердегі өндірістік және тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу сызбасының нақтылығы Бүкіл әлемде ең өзекті мәселелердің бірі қалдықтармен тиімді жұмыс істеу мәселесі болып табылады. Қалдықтармен бақылаусыз жұмыс істеу маңызды экологиялық салдарға әкеп соғады, осыған байланысты барлық дамыған елдерде адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін, жердегі өмірі тәуелді болатын қалдықтарды кешенді басқаруды (жинау, тасымалдау, сұрыптау, залалсыздандыру, қайта өңдеу, кәдеге жарату, жою, көму, қоймалау орындарына қойылатын талаптар, таңбалау және сақтау ережелері) реттейтін арнайы заңнамалық актілер қабылданады.
Қоршаған ортаның қалдықтармен ластануын болдырмауды заңнамалық реттеудің принциптері мен әдістері көптеген елдерде әртүрлі, ал нормативтік актілер мен заңдардың өздері қалдықтармен жұмыс істеудің қатаң дәрежесімен (шығарындыларға шектеу қою), қалдықтарды қайта өңдеуде және аз қалдықты және үнемді технологияларды жасауда кәсіпкерлерге жәрдемдесу дәрежесімен, қалдықтарды қайталама пайдалану және қалдықтардағы құнды компоненттерді барынша ықтимал кәдеге жарату талаптарымен, қалдықтардың құрамы мен қасиеттерін бақылауды регламенттеумен және т. б. ерекшеленеді. Бірқатар елдердің заңнамасында мемлекет қызметінің басты мақсаты қоршаған ортаны қорғау және табиғи ортаны ластаудың негізгі көздері ретінде қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және санын азайту ережелерін белгілейтін заңдарды орындау өте қатаң бақылануда.
Мемлекет басшысы Қазақстанның даму бағыты Сингапурдың жолындай болуы керек дегенді жиі айтады. Сингапур қолданатын бүкіл энергия қуатының үш пайызын осы тұрмыстық қалдықтарды өңдеу арқылы алады екен. Жиналған қоқыс елде орналасқан төрт электр станциясында өртеліп, одан электр энергиясын өндіріп шығарады. Еуропа елдерінде де қоқыспен күрес, оны қайта өңдеу жұмыстары оң жолға қойылған. Мәселен, қоқыс жинап, оны зауытқа апарып өткізген Берлин жеткіншектері міндетті түрде бұл жұмыстары үшін ақы алады. Ал Голландияда мұндай жасөспірімдерге купон беріледі екен. Бұл купон арқылы коммуналдық қызмет түрлерінің ақысын төлейтін кезде жеңілдіктерге ие болады. Сондай-ақ Испания билігі қоқысты сұрыптап, кәсіпорынға өткізген балаларға балмұздақ және өзге де тәттілерін сатып әпереді.
Дамушы елдердегідей, қалдықтарды жоюдың дәстүрлі әдістері - мысалы, полигондарда орналастыру немесе іріктеп жинау арқылы қайта пайдалану өндірістік қиындықтарға және материалдарды шығаруға қолайлы кеңістіктердің сарқылуына әкеліп соқтырды.
Шет елдерден табиғат қорғау қызметі саласындағы жетекші елдер ЕО, Жапония, АҚШ және басқа да елдер болып табылады.
Еуропалық Одақтың табиғат қорғау заңнамасының негізгі принциптері:
- қоршаған ортаны қорғау және оның сапасын жақсарту;
- халықтың денсаулығын қорғау; - табиғи ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану. 1960 жылы Еуропалық қоршаған ортаны қорғау агенттігі құрылды. Қалдықтарға қатысты бес тармақты қамтитын арнайы қарар қабылданды:
- қалдықтардың пайда болуын болдырмау;
- қалдықтарды қайта өңдеу және қайта пайдалану;
- қалдықтарды көмуді оңтайландыру;
- қалдықтарды өңдеу жүйесін жетілдіру;
- қалдықтардан болған залалды жою. АҚШ- та қоршаған ортаны қорғау агенттігі құрылды (ЕРА - Environmental Protection Agency).
ЕРА негізгі функциялары:
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманы жетілдіру;
- өнеркәсіптік қалдықтарды залалсыздандырумен айналысатын фирмалардың қызметін жүйелі бақылау;
- қауіпті қалдықтардың апатты үйінділерінде жұмыстарды ұйымдастыру және орындау.
Қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды ынталандыру үшін мемлекет қаржылық, заңнамалық және әкімшілік шараларды пайдаланады. Кәсіпкерлер арасында да, халық арасында да ресурстарды рециклирлеу қажеттілігін насихаттау да аса маңызды.
Жапон заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қалдықтар деп өндірістік қызмет процесінде пайда болатын қалдықтар, оның ішінде күл, шлактар, пайдаланылған майлар, қышқылдық, сілтілік қалдықтар, пластмассалар және т. б. түсіндіріледі, бұл ретте өңдеу өнеркәсібінде пайда болатын қалдықтар: қағаз, тоқыма, резеңке, ағаш, металл, шыны, домна шлак, бетон сынығы және т. б. ерекше ерекшеленеді.
Заң бойынша өндірушілер шаруашылық қызметінің нәтижесінде пайда болған қалдықтарды қайта өңдеуге жауапты болады.
Бұл ретте қалдықтарды қайта өңдеуді тиісті технологияға ие мамандандырылған кәсіпорынға ғана қайта тапсыруға болатынын көрсетеді.
Жапонияда зиянды өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу және жою стандарттары бар. Мысалы, теңіздер мен мұхиттардың ластануын болдырмау мақсатында стандарттар осындай қалдықтарды су басуға тыйым салады. Олар көмілген жағдайда олардың қоғамдық тұтынуға түсетін су ресурстарынан және жер асты суларынан оқшаулануы талап етіледі.
Өнеркәсіп салалары арасында қалдықтарды пайдаланудың ең жоғары дәрежесімен Ағаш өңдеу, көлік машина жасау, қара металлургия, жиһаз өнеркәсібі ерекшеленеді, оларда барлық қалдықтардың 70- тен 95% дейін кәдеге жаратылады, полиграфия (шамамен 60%) және электр энергетикасы (50% дан астам). Тұтастай алғанда, Жапонияның өңдеу өнеркәсібі бойынша барлық түзілетін қалдықтардың жартысынан астамы (52,3%) өңдеуге ұшырайды.