…
Серия «Филология». № 2(62)/2011
21
қазақ, монғол тілдерінде есімше тұлғаларынсыз жасалған шақтық баяндауыштар екі тілде де
дара түрінде беріледі;
қазақ тілінде бұйрық рай, шартты рай, қалау райдың -ғай тұлғалары жіктеліп дара баяндауыш
жасалса, монғол тілінде бұйрық тілеу (захирах хүсэх) формаларының 10 түрлі тұлғасының
барлығы да дара баяндауыш жасайды, бұлар белгілі бір жаққа тəуелді болып келеді, қайтадан
жіктік жалғауларын қабылдамайды;
дара есім баяндауыш қазақ, монғол тілдерінде тек атау тұлғасында ғана емес, барыс, жатыс
(өгөх орших), шығыс (гарах) септіктерімен тұлғаланып жасалады;
қазақ, монғол тілдерінде бірнеше етістік тіркесіп, оның негізгісі көсемше тұлғасында,
қалғандары көмекші ретінде өзінің лексикалық мағынасынан толық, не жартылай ажырап,
негізгі етістікке шақтық, модальдік мəн жамап күрделі баяндауыш болады;
қазақ тілінде есімшенің -атын, -мақ, -ар, -ған тұлғаларынан соң көмекші е-, бол- етістіктері,
монғол тілінде де есімшенің -даг, -сан, -х тұлғалары а-, бол-, бай- көмекші етістіктері немесе
безендіруші сөздердің (сан, даг) тіркесімен күрделі баяндауыштар жасалады.
Сонымен қатар бұл тілдердің даму барысында өзіндік ерекшелігі болып қалыптасқан мынадай
деректерді атауға болады:
1. Қазақ тілінде баяндауыш өзіне тəн жіктік жалғаулары арқылы бастауыштармен қиысып
тұрады, ал монғол тілінде баяндауыш бастауышпен тең қатынастағы мүше, олар жақтық, сандық
қиысуға түспейді, олардың арасындағы байланыс — салалас байланыстың бір түрі координациялық
байланыс ретінде танылады.
2. Қазақ тілінің дара баяндауыштарына монғол тілінің күрделі баяндауыштары немесе,
керісінше, сəйкес келетіндері бар: қазақ тілінде есімшенің -атын, -ар, -мақ тұлғаларымен жіктеліп
жасалған дара баяндауыштар монғол тілінде есімшенің -х, -даг тұлғаларынан соң модаль, шақтық
мəнді байх, болно сөздерімен тіркесіп, күрделі түрде беріледі; сондай-ақ қазақ тілінде көсемше
тұлғалы негізгі етістік пен көмекші етістіктердің тіркесінен жасалған жəне кейбір рай формалы
күрделі баяндауыштар монғол тілінде дара баяндауыш ретінде көрінеді.
3. Қазақ тілінде қимыл есімі мен жатыс септігінен жасалған -уда тұлғалы баяндауыш монғол
тілінде созылмалы іс-əрекетті білдіретін -саар көсемше тұлғасымен, ал -уда осы шақтық мəнді
аңғартып тұрса, -ж байна ретінде күрделі етістік түрінде беріледі.
4. Қазақ тілінде іс-əрекеттің немқұрайлы орындалғанын білдіретін баяндауыштар -ған болды-
ның жіктелуі арқылы берілсе, олар монғол тілінде немқұрайлы (оромдох) көсемшенің -хчаан
тұлғаларынан соң бол- етістігі шақ тұлғаларында келу арқылы жасалады.
5. Монғол тілінде күрделі баяндауыш жасауға белсенді қатысатын іс-əрекеттің созылмалығын
білдіретін көсемшенің -саар мен көмекші етістіктердің тіркесінен жасалған баяндауыштар қазақ
тілінде мынандай жолдармен беріледі: -умен тұлғасына тиісті етістіктің тіркесуі арқылы; -ып бақ-қал-
жəне -а бер- ретінде; негізгі жəне көмекші етістіктер да, де демеуліктерімен байланысу арқылы;
қимыл есімі (-у) -лы, -лі жұрнағын алып, соңынан бол- көмекші етістігі тіркесуі арқылы; есім сөзбен
жатыс септігіндегі көмекші есімдердің тіркесімен көрініс табады.
6. Монғол тілінде біргелік септігінің -тай тұлғасымен жасалған есім баяндауыштар қазақ
тілінде не көмектес септігінің, не сын есімнің -лы жұрнағымен тұлғаланады.
7. Монғол тілінде юм (лексикалық мағынасы: зат) деген сөз күрделі, құрама баяндауышты
тиянақтап, шақтық, модальдік мəн жамап тұрады.
Салғастырылған тілдердің деректерінен байқағанымыздай жəне жүргізген зерттеу
жұмысымыздың негізінде, бұл тілдерде тұрлаулы мүшелердің айырмашылығы тұрлаусыз мүшелерге
қарағанда анағұрлым көп деген қорытындыға келеміз. Біздің ойымызша, оның төмендегідей
себептері бар:
1. Бас мүшелер сөйлемнің негізіне тірек болатындықтан, тілдегі қандай да бір өзгешелік əуелі
бас мүшелерге қатысты болады немесе олардың елегінен өтеді. Бұл өз кезегінде тілдің сапалық
өзгеріске түсуіне жол ашады.
2. Тіл ойлаумен, ал ойлау предикативтілікпен тығыз қарым-қатынаста болатынын ескерсек,
сапалық өзгеріс тілдің құрылым-құрылысына əсер етпей қоймайды.
Абдикарим Н.
22
Вестник Карагандинского университета
Əдебиеттер тізімі
1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. — Алматы: Білім, 2004. — 86-б.
2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. — Алматы: Мектеп, 1966. — 97-б.
3. Бертагаев Т.А. Синтаксис современного монгольского языка в сравнительном освещении. Простое предложение. —
М.: Наука, 1964. — С. 4.
4. Бадамдорж Д. Орчин цагийн монгол хэлний утга судлалын үндэс. — Улаанбаатар, 1997. — 163 х.
5. Санжеев Г.Д. Сравнительная грамматика монгольских языков. — Т. І. — М.: АН СССР, 1953. — 240 с.
6. Қазақ грамматикасы: фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис / Жауап. ред. Е.Жанпейісов. — Астана, 2002. — 634-б.
7. Пүрэв-Очир Б. Орчин цагийн монгол хэлний өгүүлбэрзүй-1. — Улаанбаатар, 2001. — 383 х.
8. Цыдендамбаев Ц.Б. Грамматические категории бурятского языка в историко-сравнительном освещении. — М.: Наука,
1979. — 36 с.
9. Тодаева Б.Х. Язык монголов Внутренней Монголии: Очерк диалектов. — М.: Наука, 1985. — 92 с.
10. Ермекова Т.Н. Қазіргі қазақ тіліндегі есім баяндауыштар: Филол. ғыл. канд. ... дис. — Алматы, 1995. — 124-б.
11. Алтаева А.К. Көмекші етістіктердің семантикасы: Оқу құралы. — Алматы: Арыс, 2006. — 90-б.
12. Гаджиева Н.З., Серебренников Б.А. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Синтаксис. — М.:
Наука, 1986. — С. 39.
13. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. — Алматы: Ана тілі, 1993. — 120-б.
ƏОЖ 81’1:81’36
Белгісіздік мəннің модаль сөздер арқылы берілуі
Ажарбекова Э.Н.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Для казахского языкознания категория определенности/неопределенности является вопросом
нерешенным. В статье рассматриваются и анализируются факты выражения неопределенности,
относящиеся к казахскому языку. На материале казахского языка выявлено, что такое значение может
выражаться посредством модальных слов. Автором дается характеристика использования модальных
слов, выражающих значение неопределенности, и анализируются речевые ситуации, характерные для
казахского языка.
For Kazakh linguistics category of certainty/uncertainty is a undecided question. The facts of the expression
of uncertainty, referring to Kazakh language are considered and analyzed in article. On the material of Ka-
zakh language it is found that such meaninq can be expressed throuqh modal words. Author qives characteris-
tics of usinq modal words expressinq meaninq of indefiniteness and speech situations peculiar to Kazakh lan-
quaqe are analyzed as well.
Модальділік мəселесі — бүгінгі күндегі тіл білімінде түрлі көзқарастар мен пікірлерге ие болған,
тіл зерттеушілерінің назарын ерекше аударып отырған мəселелердің бірі.
Модальдік мəселесін əр қырынан қозғаған зерттеушілер қатарында орыс лингвистикасында
В.В.Виноградов, И.П.Распопов, Н.Ю.Шведова, Н.В.Бондаренко, Г.В.Колшанский, В.А.Белошапкова
жəне т.б. атауға болады.
Етістіктің модальдік мағынаны білдіру қызметіне алғаш арнайы назар аударған академик
В.В.Виноградов болды. Оның модальдікті синтаксиске байланысты қарастырғанымен, көбіне
морфологиялық қырына зер салып отырғаны, морфологиялық тəсілдер есебінде модальдік мағына
білдірушілерге шақ, рай тұлғаларын жатқызғаны анық. Солай болса да, ғалымның пікірінше, сөйлем
мағынасын айқын айырудың бір жағы — оның модальдік мағынасын айыру [1].
Жалпы тіл біліміндегі сияқты түркітануда да модальділік жөнінде түрлі көзқарастар мен пікірлер
баршылық. Татар тілінің зерттеушісі М.З.Закиев модальділік турасында: «…Сөйлеу мазмұны туралы,
сөйлеуші жақ туралы, өзі туралы, сөйлеу жағдайы мен оның құрылысы туралы əрдайым қатынас
білдіреді. Бұл қатынастар шындыққа деген айтушы қатынасы, немесе модальдік қатынас, деп
аталады», — деген біршама тиянақты тұжырым айтады [2; 351].
Белгісіздік мəннің модаль сөздер арқылы берілуі
Серия «Филология». № 2(62)/2011
23
Қазақ тіл білімінде модальдік мəселесін зерттеу 1927 жылдан кейін ғана қолға алынды.
Сөйлеушінің көзқарасындағы мұң, болжал мағыналарының рай тұлғалары арқылы берілетіндігі
жөнінде алғашқы мəлімет А.Байтұрсынов еңбектерінде кездеседі. Бұл жердегі ғалымның нұсқауы —
етістік формантты баяндауыштарда рай тұлғалары арқылы модальдік мағына үстеу орайы пайда
болатыны [3]. Демек, сөйлемнің жалпы модальділігі туралы сөз қозғалмайды.
1967 жылы шыққан «Қазақ тілінің грамматикасы» атты еңбекте: «Сөйлем мазмұнының ақиқат
шындыққа қатынасы жəне сөйлеушінің ол жөніндегі пікірі тіл білімінде сөйлемнің модальділігі деп
аталады» деген анықтама берілген [4; 72].
Ал Т.Сайрамбаев сөйлемдегі предикаттықтан кейінгі мəселе модальділік екенін көрсете отырып,
«сөйлемнің ең негізгі қаңқасынан кейінгі мəселе сол сөйлем арқылы адамның қуану, шаттану,
еркелету, шошу, ашу-ыза, күдіктену, күшейту, есерлеу, құптау-құптамау, жақтырмау, сену,
мімкінділік, қажеттілік, болжалдық, т.б. қасиеттерді, яғни, осылардың семантикалық белгілерін
айқындау — екінші орындағы үлкен мəселе…
Сөйлемнің бойындағы мұндай қасиеттердің барлығы да модальдік белгісі арқылы беріледі»
деген ой айтады [5].
Қазақ тіл білімінде синтаксистік модальдік мағынаны айыру жайында алғаш сөз еткендер ішінде
А.Қалыбаева, Н.Оралбаева, О.Төлегенов, Т.Сайрамбаев, М.Балақаев, Р.Əміров, Е.Жанпейісов сынды
ғалымдарды атауға болады.
Модальдік мағына туралы аталған ғалымдардың пікірлері, негізінен, орыс тіл білімін
зерттеушілердің көзқарастарымен астарласып жатады, яғни модальдік мағына ретінде оларда да
жалпы шындыққа деген айтушының көзқарасын таниды. Мəселен, О.Төлегенов «айтушы көзқарасын
білдіріп, предикатты саралайтын мағына — модальдік мағына» деп, В.В.Виноградовтың пікіріне
қосылады. Ал Қ.Мамаділов аналитикалық етістіктің модальдік құрылымдарын морфемдік құрамы
мен мағыналық қызметі тұрақтанған бір тілдік құбылыс ретінде қарастырады да, оны «морфо-
синтаксис шеңберінде тану керек» деген тұжырым жасайды, яғни А.Байтұрсынұлы көрсеткен
бағытпен іздестіреді. Біздіңше, сөйлем модальділігі баяндау мазмұнына деген айтушының
субъективтік көзқарасына негізделеді. Өйткені сөйлеу барысында айтушы шындықты белгілі бір
мезгілге, жаққа, орайға қатыстылығы жағынан онда баяндалған іс-əрекеттің қалайша, қандай
жағдайда болғанын, болып жатқанын, оның кімге арналғанын т.б. жақтарды түрліше бағалап береді.
Модаль сөздер түркі тілдерінің бірқатарында (солардың ішінде қазақ тілінде де) негізінен
көмекші сөздер тобына кіреді. Ол сөйлеуші субъектінің айтылған ойдың шындыққа қатынасы
(сəйкестігі) жөніндегі көзқарасын айқындайды. Модаль сөздердің өз алдына бөлек, арнайы бір
лексика-семантикалық, грамматикалық топ ретінде сараланып шығу, даму жолдары тілдерде жалпы
біркелкі емес. Олар, мысалы, орыс тілінде тек сына («вставные») сөйлемдердің ғана емес, сонымен
қоса үстеулер мен ықшамдалған (редуцированные) сөйлемдер негізінде де дамып, дараланып
шыққан. Ал түркі тілдерінің көпшілігінде негізінен кеңес дəуірінде жазба əдеби тілдің қарқынды
дамуымен байланысты дербес көмекші сөз табы болып қалыптаса бастады. Жалпы модальділік,
модаль сөздер табиғаты, əсіресе, осы тілдерде əлі нақтылы танылып болған жоқ. Сондықтан да бұл
лексемалардың сандық көлемі оларда қазір əр түрлі болып келеді. Модаль сөздер мен модаль
тіркестердің заттық семантикасы болмайды. Олардың семантикасы модальділікті білдіретін
грамматикалық мағынамен астасып жатады. Осы жағынан алғанда модаль сөздер мен етістіктің рай
категориясы жалпы бір тектес төл құбылыстар. Себебі райлар да əрекеттің ақиқаттығына не ақиқат
еместігіне сөйлеуші тарапынан субъективті баға берудің, яғни сөйлем модальділігін білдірудің,
морфологиялық тəсілі болып табылады.
Модальділік ең алдымен сөйлемде көрінеді. Сөйлем модальділігі тілдің негізгі өзек
категорияларына жатады. Ол барынша айқынырақ түрде жəне алуан түрлі реңктерді білдіреді.
Сөйлемде айтылған хабардың ақиқат-шындыққа қатынасы болып табылады. Жалпы модаль сөздер,
олардың лексика-семантикалық ерекшелігі қазіргі жалпы тіл білімінде де, қазақ тіл білімінде де
өзекті мəселелердің қатарына жатады. Предикаттық қатынастан кейін синтаксистік құрылымның
күретамыры осы модальділік мағына болып келеді.
Модаль сөздер тілдегі модальділік жəне предикаттылық құбылыспен тығыз байланысты.
Предикаттылық сөйлем мазмұнының ақиқат-шындықпен жалпы арақатынасын (соотнесенность)
білдіреді. Ал сөйлемде айтылған хабардың ақиқат шындыққа қатынасы модальдік қатынас болып
табылады. Яғни сөйлеуші өзінің бұл хабарын қалай түсінеді, өз тарапынан оған қандай сипаттама
береді, ақиқат шындыққа қалай қарайды — модальдік қатынастың мəні міне осында.
Ажарбекова Э.Н.
24
Вестник Карагандинского университета
Ал предикаттылық — ең алдымен ойды тіл заңдылықтары мен ережелеріне сəйкес қалыптап
көрсетуге (к оформлению) қатысты сипат. Демек, бұлар өзара тығыз байланысты болғанымен, бір-
бірінен елеулі айырмашылығы да бар. Модальділікке əдетте сөйлемнің негізгі тұрақты белгілерінің
ішінен ойдың тиянақтылығын белгілейтін (анықтайтын) интонация, яғни хабардың айтылу ырғағы,
сөйлеушінің тағы басқа модальдік қатынасы тиесілі. Предикаттылықтың қандай бір формасы
болмасын, бəрі тікелей тілмен, ал модальділіктің түрлі формалары сөйлеумен (речь актісімен)
байланысты.
Модальділік ең алдымен сөйлемде көрінеді. Сөйлем модальділігі тілдің басты
категорияларының бірі болып табылады. Ол, біріншіден, барынша айқынырақ түрде жəне алуан түрлі
реңкте интонация əдісімен беріледі. Модальділік, сондай-ақ етістік райларының синтетикалық жəне
аналитикалық формалары білдіретін барлық мағынасы мен реңкі арқылы да беріледі. Ол инфинитив
пен есім негізді сөздер тіркесі, сөйлемнің модальді қыстырма мүшелері арқылы да білдіреді.
Қысқасы, модальділік — тіл мен сөйлеудің əр түрлі деңгейлерінде көрінетін грамматикалық
мағыналардың өз алдына бір тұтас саласы, жүйесі болып табылады. Сонымен, сөйлемде айтылған
хабардың ақиқат-шындыққа қатынасының көрінісі объективті модальділік те, ал ол хабарға деген
сөйлеушінің қатынасының көрінісі субъективті модальділік болып табылады. Мысалы: Ол жақта
қыс ерте түседі (объективті). Ол жақта қыс ерте түсетін сияқты (субмодальділік).
Жалпы тіл білімінде модальдік мағыналар турасында Чехия, Голландия, Америка лингвистері өз
зерттеулерінің нəтижесінде біраз ілгері шыққаны мəлім. Түркі тілдерінде модальдік категориясының
теориялық бастаулары бар. Бірақ қазіргі уақытқа дейін модальдік мəселесінде түркітануда ғылыми
негізде жасалған теориялық тұжырым жоқ. Татар тіл білімінің зерттеушісі М.З.Закиев: «Сөйлемде …
сөйлеу мазмұны туралы, сөйлеуші жақ туралы, өзі туралы, сөйлеу жағдайы мен оның құрылысы
туралы əрдайым қатынас білдіреді жəне бұл қатынастар шындыққа деген айтушы қатынас немесе
модальділік қатынас деп аталады», — деген тұжырым айтады [2; 51].
Сонымен, тіл біліміндегі пікірлерді саралай келе, «модальділік» құбылысын жалпы шындыққа
айтушының субъективті көзқарасының белгіленуімен байланысты алуға болады. Жалпы сөйлемдегі
баяндау, яғни предикаттық, ақиқат-шындыққа деген айтушы тарапынан қатысты болады жəне ақиқат,
ақиқат емес іс-сапа ретінде не ерік-талап реңкі ретінде беріледі.
Сөйтіп, сөйлем модальділігі, бір жағынан, айтушының шындық-ақиқат жөніндегі қатынасына,
екінші жағынан, баяндау мазмұны жөніндегі қатынасына негізделеді.
Модальдік тілдің коммуникативтік функциясының жемісі болып табылады. Осыдан келіп
морфологияда модальділікті білдіретін əр түрлі амал-тəсілдер пайда болады. Олардың ішіндегі ең
басты əрі жетекші роль атқаратын түрлері — модальдік мағынаның лексикалық, морфологиялық
жəне интонация арқылы берілуі. Тілдік модальділік — грамматикалық құбылыс. Демек, тілдік
модальділікті білдіретін құралдар қызметінде фонетикалық, интонациялық, лексика-грамматикалық
(көмекші сөздер), синтаксистік жəне айтылған хабарға сөйлеушінің қатынасын көрсететін басқа да
жекелеген грамматикалық амал-тəсілдер қолданылады. Соның арқасында кейбір жеке мəнді сөздер
(қыстырма сөздер) сөйлеуде модальділік мəнге ие болады.
Модальділіктің қызметі сөйлеушінің қимыл-əрекетке көзқарасын білдіруімен байланысты.
Қимылға деген субъектінің көзқарасы түрлі болуы заңды. Осымен байланысты модальдік
құрылымдардың мағынасы да түрліше болып келеді. Мысалы:
1. Аралықты белге соққандай бір дағдарыста қалған сияқты (М.Əуезов).
2. Бұған бұрынғы Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Əз Тəуке ханның
«Күлтөбенің басында күнде кеңес» болғанда «Жеті жарғысын» білмек керек (Абай).
3. Қалайда көңілін бір нəрсемен демеу керек (Қ.Жұмаділов).
Бірінші сөйлемде -ған сияқты құрылымы субъектінің қимыл-əрекет жөніндегі болжалын
білдіріп тұр. Екінші сөйлемде -мек керек құрылымы кеңес беру реңкіндегі міндеттілік мағынасын
білдіреді. Үшінші сөйлемде -у керек құрылымы қажеттілік реңкті міндеттілік мағынасын білдіреді.
Бұл мысалдардан модальділіктің мағыналық құрамының кең екендігін көруге болады. Мұндай
жағдай түркі тілдеріне де ортақ қасиет болып табылады. Оны зерттеушілердің еңбектерінен көруге
болады. Мəселен, М.В.Зайнуллин модальділікті үлкен екі топқа бөліп қараған.
1. Ақиқат модальділігі.
2. Неғайбыл модальділігі.
Модальділіктің екінші тобын міндеттілік, қажеттілік, қозғау, қалау, ниет, болжал модальдіктері
деп алтыға жіктеген.
Белгісіздік мəннің модаль сөздер арқылы берілуі
Серия «Филология». № 2(62)/2011
25
М.Р.Федотов чуваш тіліндегі аналитикалық конструкциялар қалау, қажеттілік, мүмкінділік,
міндеттілік жəне басқа да қимылға субъективті қатынасты білдіретіндігін айтады. Н.Г.Агадзаде
модальдік мағынаның бірнеше түрінің райға қатыстылығын көрсетеді.
А.Н.Кононов түркі тілінде модальділіктің үш формасы бар деп, оған болымдылық, шарттылық,
субъективтілікті жатқызады. Е.Н.Петров түркі тілінде модальділіктің 30 тобы бар екендігін
дəлелдейді. Д.Г.Тумашева модальділікті бес топқа бөлген: міндеттілік, мүмкінділік, қажеттілік, ниет,
болжал.
Бұл айтылғандардан байқайтынымыз — модальділіктің мағыналық құрамының кең екендігі.
Тілші-ғалымдардың бұлардың қатарына райдың модальділік реңкін қосуымен байланысты
модальділіктің мағыналық құрамы одан əрі молайған. Бұдан тілдегі модальділіктің мағыналық
құрамын топтастырудың қажеттілігін айқын аңғаруға болады.
Қазақ тіліндегі модальділік мəселесін арнайы зерттеген ғалым Е.Жанпейісов модаль сөздерді
болжал, міндеттілік, сенімділік, күмəнділік, қалау т.б. мағыналарды білдіру үшін қолданы-
латындығын айтады. Осыған ұқсас пікір М.Балақаевтың еңбегінде де кездеседі.
А.Ысқақов модальділіктің түрлі мағыналарын райлық мағынамен бірлікте қараған. Ғалым
модальділік мағына арқылы берілетін міндеттілік, қажеттілік мағыналарын райлық мағынаға
жатқызған. Модальділік мағынаның жекелеген түрлері жөніндегі пікірлер Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев,
Н.Оралбаев, Т.Қордабаев, Ф.Ахметжанов сынды зерттешілердің еңбектерінде кездеседі. Осындай
модальділік мағынаны арнайы зерттеудің нəтижесінде, олардың төмендегі мағыналық топтары
анықталды.
1. Міндеттілік мағына білдіретін модаль сөздер.
2. Болжал мəнді модаль сөздер.
3. Мүмкінділік мағына білдіретін модаль сөздер.
4. Қостау, растау мəнді модаль сөздер.
5. Қалау, тілек мəнді модаль сөздер.
6. Күмəн, күдік мəнді модаль сөздер.
Осы аталған модальдік топтардың ішіндегі болжал мəнді модаль сөздердің бойында белгісіздік
мəн айқын аңғарылады. Ол белгісіздік мəн субъектінің іс-қимылға болжалмен қарау негізінде туын-
дайды.
Модальділік мағынаны білдіретін сөздердің ең көбі, басқаларынан гөрі дамыңқырай түскен са-
ласы болжал мəнділер. Тіл білімінде болжал мағынасы жөніндегі пікірлер Е.Жанпейісовтің
зерттеулерінде көрініс тапқан. Модаль сөздердегі болжалдық мағына мүмкін, шығар, бəлки, болар,
секілді, көрінеді, ұқсайды, шамасы, ықтимал, тəрізді сөздердің қатысуымен жасалады.
Болжалдық мағына лексикалық жəне грамматикалық тəсілдер арқылы беріледі. Болжалдылық
мағынаның лексикалық тəсілдер арқылы берілуі мүмкін, шамасы, бəлки, бəлкім, білем, жобасы,
қисыны тəрізді қыстырма сөздер арқылы, ал грамматикалық тəсіл арқылы берілуі сияқты, болар,
шығар, -са/-се керек, -у керек, -ға/-ге ұқсайды, -уы/-уі мүмкін тəрізді тілдік құрылымдар арқылы
жүзеге асады.
Е.Жанпейісов керек сөзі өзінің номинативтік мағынасында сөйлемнің баяндауышы болатынын
көрсете келіп, модальдік мағынаны білдіру үшін, етістіктің шартты рай жəне тұйық етістік
тұлғаларын қажет ететіндігін айтады [6; 11]. О.Төлегеновтің пікірі де бұдан алшақ кетпейді [7; 72].
Д.Г.Тумашева шартты райлы етістік тұлғасы мен керек модаль сөзінің тіркесіп, болжал
модальділігін білдіру қызметін түркі тілдеріне тəн құбылыс екендігін көрсетеді [8].
-са керек модальділік құрылымының -са керек еді, -са керек екен сияқты күрделенген түрлері
бар. Оның қызметі жөнінде А.Ысқақов: «Күрделі -са екен форманты болашақта істелетін амалды тек
аңсап тілейді. Күрделі -са еді форманты амалға тек арман мəнін үстейді» деген ой айтады.
Баяндауышының құрамында -са керек, -са керек екен деген құрылымдары бар сөйлемдерде
субъекті көзқарасы сенімді емес. Өйткені субъекті болып өткен құбылысты немесе қимыл-əрекетті
жəне оқиғаны бір жерден оқыған соң, болмаса біреуден естіген соң айтады. Əйтеуір айтар ойы,
білдірер көзқарасы жайында алдын ала хабарланады. Айта тұрып, өзінің көзқарасын білдіреді. Өз
көзқарасын болжамдап, жорамалдап жеткізеді. Ал ол болжалының қаншалықты шындыққа сай
екендігі белгісіз. Сөйлеушінің жеке көзқарасында белгісіздік мəн болады. Мысалы:
1. Үлкен үйдің ішінде жігіттер мен қыздар айтысып жатса керек (Б.Момышұлы).
2. Зиялы ата-ананың жалғыз өскен шолжаңы болса керек (М.Мағауин).
3. Егер жақсы көрсем, қылықтарын қолдасам керек еді (Абай).
Ажарбекова Э.Н.
26
Вестник Карагандинского университета
Мұндағы бірінші, екінші сөйлемдердегі -са керек құрылымы субъектінің сөйлемдегі қимыл-
əрекеттің ақиқат-шындыққа айналуы жөніндегі көзқарасын болжал, жорамал тұрғысынан білдіріп
тұр. Ол жорамалы белгісіздікке ие, яғни, шын мəнінде қыздар мен жігіттердің айтысып жатқандығы
не айтысып жатпағандығы, зиялының ата-анасының жалғыз өскен шолжаңы екендігі не шолжаңы
еместігі белгісіз. Үшінші сөйлемде Абайдың көзқарасын болжал, қарсылық, жақтырмау мəнінде
беріп тұрған -са керек еді құрылымы. Абайдың ол қылықтарды қолдау-қолдамауы белгісіз, тек
болжал, жақтырмау бар. Сөйлемдерге белгісіздік мəн үстеп тұрған -са керек, -са керек еді
құрылымындағы модаль сөз.
-у керек құрылымы бірде міндеттілік, бірде болжал модальдіктерінің көрсеткіші болады. -у керек
құрылымы бол етістігіне ғана тіркеседі. Мысалы, Сірə, мені мақтаған болуы керек (Н.Ғабдуллин)
деген сөйлемде субъект жүзеге асқан амал-əрекеттің жайын топшылай болжап тұр. Дегенмен,
мақтаған-мақтамағандығы белгісіз. Болу тұйық етістігі мен керек көмекші сөзінің тіркесуі арқылы
жасалған модаль сөз сөйлемге белгісіздік мəн үстейді.
Сияқты, сықылды, секілді, іспетті, тəрізді модаль сөздері бастапқы лексикалық
мағыналарында белгілі бір ұқсастықтарды салыстыру үшін қолданылады. Бұл сөздер сөйлеушінің
айтылған ой жөніндегі пікіріне болжал модальділігін білдіруде, есім сөз таптарымен де кез келген
шақтағы етістіктермен де тіркесе береді. Бұлардың ішінде сияқты сөзінен басқасы кірме сөздерге
жатады. «Қазақ тілінің грамматикасында» сияқты сөзінің сиық тұлғалы зат есімнен жасалғандығы
айтылады [4; 105].
-ған сияқты құрылымы болжал мағынамен қатар белгісіздік мəнді де білдіреді. Мысалы: Іштей
Құнанбаймен айтысып қалған сияқты (М.Əуезов). Бұл сөйлемдегі -ған сияқты модаль сөзі салысты-
ра суреттеу реңкті болжал мағынаны білдірумен қатар сөйлемге белгісіздік мəн үстеп тұр. Яғни,
субъектінің Құнанбаймен айтысып қалғандығы-қалмағандығы белгісіз.
Тілімізде кездесетін болжал мəнді модаль сөздің бірі — мүмкін модаль сөзі. Бұл модаль сөз
қазақ тілінде сөйлемде əрі синтаксистік қыстырма мүше позициясында, əрі қимыл есімді
баяндауыштың шылауында көмекші қызметінде қолданылады. Мүмкін сөзінің құрамы күрделенген
сайын ондағы мағына да күрделене түседі. О.Төлегенов, Д.Г.Тумашевалар мүмкін сөзі мүмкінділікті
білдіретінін қостайды [7; 113]. Ал Е.Жанпейісов оның болжалдық мағына білдіретіндігін айтады
[6; 12]. Сондықтан бұл тұрғыдан Е.Жанпейісов пен Г.Медетованың пікірлеріне қосылуға болады.
Өйткені тұйық етістік пен мүмкін (ықтимал) модаль сөзінің тіркесі арқылы субъекті сөйлемдегі
қимыл-əрекеттің іске асу мүмкіндігін, құбылыстың өз ойымен сəйкес келу мүмкінділігі жөніндегі
көзқарасын білдірмейді, керісінше, сол мүмкінділіктің ақиқат-шындыққа айналуы жөніндегі болжал-
ды көзқарасын білдіреді. Сондықтан «мүмкінділік» -уы мүмкін құрылымында болжал модальділігінің
қосымша мағыналық реңкі болып қалады. Сонымен қатар бұл модаль сөзде белгісіздік мəн де бар.
Мысалы: Бізге кең көрінген жер ертең баламызға тар болуы мүмкін (Б.Нұржекеев). Берілген
сөйлемде баяндауыш құрамындағы мүмкіндік модаль сөзі болжалдық мағынаны берумен қатар
сөйлемге белгісіздік мəн үстеп тұр, яғни жердің тар болуы беймəлім, сондай болжал ғана бар.
Сол сияқты -уы ықтимал, -уы кəдік сөздері де іс-əрекеттің іске асу мүмкінділігі жөніндегі
болжалдық мағынамен қоса белгісіздік мəнді білдіреді. Мəселен, Торы аттан сəл алыстаса, көз жа-
зып қалуы кəдік (С.Жүнісов); Қас қағымда сарт етіп келіп, алып соғуы ықтимал (Д.Досжанов) деген
сөйлемдерде предикат құрамындағы модаль сөздер келер шақтағы қимыл-əрекеттің іске асу
мүмкінділігі жөніндегі болжалмен қатар белгісіздікті де білдіріп тұр. Көз жазып қалуы-қалмауы,
алып соғуы-соқпауы белгісіз.
Сондай-ақ шығар, болар сөздерінің модальдік мағына білдіру қызметі бірқатар түркі тілдерінде
де танылған. Қазақ тіліндегі шығар сөзі қырғыз тіліндегі чигар түрінде қолданылады. Ал болар сөзі
татар тілінде дербес сөз булур түрінде де, -ған болур, -ған болыр тіркесі түрінде де қолданылады.
Шығар, болар сөздерінің модальдік мағынасы өзі тіркескен етістіктің шақтық мағынасынан басым
болады да, болжалдық, белгісіздік мағыналарын үстейді.
Көрінеді модаль сөзі модальдік мағына беру қызметінде атау тұлғадағы есім сөзден кейін тұрып
та, -ған, -атын, -мақ есімше тұлғалы етістіктермен тіркесіп қолданылады. Көрінеді сөзі қазақ тілінде
бірде өзінің бастапқы лексикалық мағынасында, бірде модальдік мағынаны білдіру функциясын-
да қолданылады. Бұған Е.Жанпейісов, О.Төлегенов сынды ғалымдар мынадай пікір айтады: «-ған,
-атын көрінеді құрылымдары субъекті, негізінен біреуден естіген, оқыған қимыл-əрекет, оқиға,
құбылыс жайын жорамалдайды. Сондықтан тыңдаушы жақтың назарын өзге субъектінің ақпаратына
аудара отырып, ол тарапындағы болжалды көзқарасын білдіреді». Сонымен қатар сөйлемге
Белгісіздік мəннің модаль сөздер арқылы берілуі
Серия «Филология». № 2(62)/2011
27
белгісіздік мəн де үстейді. Мысалы: Ораш келсе, қонаққа шақырсам, азамат емеспін бе? — деп, бір
тоқтысын семіртіп жатқан көрінеді (О.Бөкеев). Бұл сөйлемде субъекті біреуден естіп хабардар
болған оқиғадағы қимыл-əрекеттің ақиқат-шындыққа айналу мүмкіндігін болжайды, ал баяндауыш
құрамындағы көрінеді модаль сөзі сөйлемге белгісіздік мəн үстейді.
Ұқсайды модаль сөзі көрінеді модаль сөзі сияқты модальдік мағынаны құрама баяндауыштың
құрамында тұрып білдіреді. Ұқсайды сөзі үнемі барыс септігіндегі есім сөзден соң тұрып, сөйлемнің
баяндауышы болады. Бұл модаль сөз есім сөзден кейін келгенде, болжал мағынадан гөрі салыстыру
мағынасын айқын білдіреді. Сондай-ақ ұқсайды модаль сөзі сөйлемге белгісіздік мəн үстейді. Мыса-
лы: Алыстағы биік жота жымырайған пішінмен, тіршілікті көмген молаға ұқсайды (М.Əуезов) де-
ген сөйлемдегі ұқсайды модаль сөзі алыста көрінген биік жотаны молаға ұқсатады, салыстыру бар.
Бірақ сол биік жотаның нақты мола екендігі белгісіз. Сөйлемге белгісіздік мəн үстеп тұрған модаль
сөз.
Сонымен қатар тілімізде деймін деген сөз модаль сөз ретінде қолданылады. Деймін сөзінің де
етістігінен шыққандығы белгілі. Ғалым А.Əбілқаев де етістігінің деймін тұлғасындағы мағыналық
қызметі жөнінде былайша тұжырымдайды: деймін келер шақтық есімшенің формасымен жəне -ау,
ғой, ма, ме шылау сөздерімен тіркескенде ойлау етістігінің мағынасына ие болады, тұтас алғанда сол
сөйлем иесінің бір іске болжалын, жорамалын, не оған күмəнділігін білдіреді [9].
Деймін модаль сөзінің модальдік мағына білдіру қызметі қазақ тіл білімінде анықталған. Деймін
сөзі мынадай жағдайларда модальдік мағына білдіреді:
а) -ау, ғой, ма, ме демеулік шылауларынан кейін келгенде жорамал мағынасын білдіреді;
ə) шығар, болар сөздерімен тіркескенде ол сөздердің модальдік мағынасына сол типтес мағына
береді.
Деймін сөзі жорамал, болжал мəндерімен қатар белгісіздік мəн де бере алады. Мəселен,
Айтылған мəселеге қатысты ойын ол жеткізе алар ма деймін деген сөйдемдегі сөйлеушіге оның
ойын жеткізе алар, алмасы белгісіз, жорамал ғана бар. Сөйлемде белгісіздік мəн үстеп тұрған деймін
модаль сөзі.
Сонымен, жоғарыда аталған модаль сөздер сөйлеушінің айтылған ой жөніндегі пікіріне болжал,
жорамал модальділігін білдірумен қатар, белгісіздік мəн де үстейді.
Əдебиеттер тізімі
1. Мамаділов Қ. Етістіктің модальдылық құрылымдары. — Астана: Елорда, 1996. — 4-б.
2. Закиев М.З. Синтаксический строй татарского языка. — Казань: Изд. Казан. ун-та, 1963. — 198 с.
3. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. — Алматы: Ана тілі, 1992. — 51-б.
4. Қазақ тілінің грамматикасы. — Алматы: Ғылым, 1967. — 264-б.
5. Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі жəне жай сөйлем синтаксисі. — Алматы: Рауан, 1991. — 18-б.
6. Жанпейісов Е. Модальные слова в современном казахском языке. — Алматы: Ғылым, 1958. — 182 с.
7. Төлегенов О. Қазіргі қазақ тіліндегі жалпы модальдық жəне мақсат мəнді жай сөйлемдер типтері. — Алматы: Мектеп,
1968. — 163-б.
8. Тумашева Д.Г. Татарский глагол. (Опыт функционально-семантического исследования. Грамматические категории). —
Казань: Изд-во Казан. ун-та, 1986. — С. 149.
9. Əбілқаев А. «Де» етістігінің мағыналары мен қызметі. — Алматы: Ғылым, 1958. — 96-б.
Əділова А.С.
28
Вестник Карагандинского университета
ƏОЖ 81’42:811.512.122
Достарыңызбен бөлісу: |