27. Бекет батыр жырының негізгі мазмұнын ашыңыз



бет3/4
Дата12.05.2023
өлшемі25,31 Kb.
#92216
түріПоэма
1   2   3   4
Байланысты:
3.15.27..

«Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ ұзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып».

Бұл - Абай заманындағы типтік көрініс: түндей қараңғы, қапас тұрмыста қоңыр іңірдей күңгірт мұңы, арман-сыры бар кедей үйінің жабырқау өмірі. Таңның атысы, күннің батысы аяғы сайға тимей, ұйқысыз да күлкісіз, бай малының соңында сабылып өзі жүрсе, азынаған қырық қүрау қараша үйде ең болмаса жылынар отыны да жоқ, құныса бұрісіп, жыртық шекпенін жама пәйелі отыр. Бұл-бір көрініс: кедейдің қоңыр лашығындағы күй-жай. Осыған салыстыра ақын бай үйінің бір қалпын көзге елестете: «Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі...», — дейді де, әлгісіне қайта оралып: «Қай жерінде кедейдіңтұрсын күйі? Қара қцдан орта қап ұрыспай берсе, О да қылған кедейге үлкен сыйы» - деп, тағы да өз ортасындағы тапшы тұрмыс жайын айтып, теңсіздік сырын баяндайды. «Қар жауса да тоңбайды бай баласы, Үй жылы, киіз тұтқанайналасы...» Уайым жоқ, қайғы жоқ, тамақ тоқ, көйлек көк, бұлаңдап өскен бай баласы... Бұл - бір көрініс. Жә, енді кедей баласы, әлгі жыртық лашықтағы жарлы-жақыбай ата-ананың жалғыз Ұлы не күйде? «Бай ұлына жалшы Ұлы жалынышты, Ағып жүріп ойнатар көздің жасы». Жалшыдан туған күнәсіз сәби бала дажалшы. Байға әке-шешесі қызмет етсе, бай баласына бұл да тәуелді халде... Бәрінен бүрын, дәл осы шындықты, дәлірек айтқанда, теңсіздікті Абайдың тура тауып, тануы керегендік қана емес, кемеңгерлік болатын. Оның үстіне, өзі танып қана тынбай, өмірді өнерге көшіріп, өзгеге танытуы - өзінен бұрын көп адамның қолынан келе бермеген шыншылдық.
Абай өзі суреттеп отырған өмір шындығынан көрінген кедейдің ауыр тұрмысына оқырманның аяныш сезімін туғызып, өзі де іштей сол жағында болады. Тілегі ауып, мейірімі тұсіп тұрады. Бірақ қайткенде кедейдің халі жақсарып, жеке басына теңдік тиеді? Осы жолда жөн таппай көп түйткілдейді. «Байда мейір, жалшыда бейілдежоқ, Андыстырған екеуін, құдайым-ай!..»- деп, не істеудің бабын таба алмай, тіпті ыза да болады. Ақыр аяғында белгілі бір жөн жолға тұсе алмай, бұлыға-бұлыға келіп, бай мен жарлыны алдына қатар келтіріп алады да: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет