Егер зат жинағыш линзаның қос фокус аралығынан ары орналасқанда, кескін: а) нақты; б) кішірейтілген; в) кері (төңкерілген) болатынын көреміз. Мұндай кескін
фотоаппаратта қолданылады.
2. АВ нəрсе линзаның фокусы мен қос фокусы аралығында орналассын (2-сур.).
Өткен жағдайдағыдан А нүктесінен екі сəуле жүргіземіз. Олардың қиылысу нүктесі А 1
,
А нүктесінің кескіні болады. Енді В нүктесінен екі сəуле жүргіземіз. Олардың қиылысу
нүктесі В 1
, В кескіні болады. А 1
B 1
нүктелерін қосып, АВ затының кескіні болатын А 1
В 1
кесіндісін
аламыз.
Егерзат жинағыш линзаның фокусы мен қос фокусы аралығында орналасса, онда оның кескіні: а) нақты; б) үлкейтілген; в) кері (төңкерілген) болатынын көреміз. Мұндай кескін
проекциялық аппараттардың (диапроектор, кинопроектор жəне т.б.) жұмысында пайдаланады.
3. АВ заты линза мен оның фокусы аралығында орналассын (3-сур.). А нүктесінен линзаға
стандартты екі сəуле жібереміз, линзадан сынғаннан кейін олардың шашырап шығатынын көруге
болады. А нүктесінің кескіні бұл жағдайда сəулелердің өзінің қиылысуынан емес олардың кері
созындыларынан пайда болады. Сонымен A 1
, А нүктесінің кескіні болады.
Сондай жолмен В нүктесінің жалған кескіні болатын В 1
нүктесін аламыз. A 1
жəне B 1
нүктелерін
қосып, АВ затының жорамал кескіні болатын А 1
В 1
кесіндісін аламыз.