№2(78)/2015 Серия педагогика



Pdf көрінісі
бет12/185
Дата04.02.2023
өлшемі4,99 Mb.
#65135
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   185
 
болашақ
физика мұғалімдерінің шығармашылығын қалыптастыру 
Мақалада жоо-ның негізгі мақсаттарының бірі — болашақ мамандардың шығармашылығын, 
шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру. Осыны негізге ала отырып, мақала авторлары 
«Оптика» пəнін оқыту үдерісінде электрондық оқыту құралдарын қолдануды ұсынды. «Физика» 
мамандығы бойынша оқитын студенттердің басым бөлігі линзалардан кескіндер алуды түсіндіруде 
қиналатындары рас. Осы қиындықты жеңілдету мақсатында «Оптика» пəні бойынша есептер 
шығарудың, тəжірибелер мен демонстрациялардың компьютерлік үлгілерін жасаған. Физика 
курсының «Геометриялық оптика» бөліміне жасаған анимациялық компьютерлік модельдері туралы 
мəліметтер жəне оларды оқу процесінде қолдану əдістері баяндалған. 
Кілт сөздер: болашақ физика мұғалімдері, оптика, ақпараттық технологиялар, электрондық ресурстар, 
шығармашылық, креативті ойлау, қалыптастыру.
Қaзaқcтaн Pecпубликacы Үкiмeтi eл экoнoмикacын дaмытудың бacым бaғыттapының бipi peтiндe 
бiлiм мeн ғылымғa бaca көңiл бөлудe. Өйткeнi XXI ғacыpдa өpкeниeттi дaмушы eлдep мeн 
бəceкeлecтiк apқылы eл экoнoмикacын дaмытудa бүгiнгi қoғaм жacтapының бiлiктiлiгi мeн бiлiм 
дeңгeйлepi caй бoлуы Қазақстан Республикасының бiлiм бepудi дaмытудың 2011–2020 жылдapғa 
apнaлғaн мeмлeкeттiк бaғдapлaмacындa aтaп көpceтiлгeн [1].
Қоғам мен білім беру жүйесіндегі жаңа жағдайлар өзгермелі қоғамда жұмыс жасай алатын 
мұғалімдерді даярлауды талап етеді. Қазіргі таңда мұғалім жалпы мəдениеттің жоғары деңгейінде, 
психологиялық-педагогикалық құзыретті болумен ғана шектелмей, түрлі бағыттағы мəселелерді 
шеше білуге, шығармашылықты негізге ала отырып, өз қызметін ұйымдастыра алуы қажет.
Ақпарат ағыны, бір жеке тұлғаға алып қарағанда, күн өткен сайын артып келеді. Үлкен 
көлемдегі ақпаратты игеру қазіргі заман мұғалімі үшін жеткіліксіз талап болып табылады. Барлық 
көкейкестілік жаңа нəрсені жасай алуға бағытталған. Кез келген бағытта ақпараттық-креативтілік 
бағыт өте тез қарқынмен дамуда: ғылыми, өндірістік, əсіресе педагогикалық бағыттарда. 


Білімді ақпараттандыру жағдайында… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
19 
Қоғам талабына сай əлеуметтік бейімділігі жоғары, мəдениетті, ұлттық тəлім-тəрбие алған, 
білімі мен біліктерін өмірде пайдалана алатын, жан-жақты дамыған болашақ мұғалімді қалыптастыру 
мəселесі тұр. Білім беру жеке тұлғаға бағытталып, педагогикалық үрдісте шəкіртті үнемі даму 
үстіндегі əрекет иесі — субъект ретіндегі орынға қойып отырғаны белгілі. Осындай мəселелердің 
шешімін табуда болашақ мұғалімдердің креативтілігін дамыту мəселесінің өзектілігі айқындалады [2]. 
Жаңа ақпараттық оқыту технологиялары пайда болмай тұрып, көптеген эксперименттер 
жүргізген ғалымдар, берілген материалды меңгеру əдістері мен алған білімді біраз уақыт өткен соң 
еске түсіре алу қабілеттілігі арасындағы байланысты тапқан болатын. Егер материал дыбысты түрде 
берілсе, онда адам оның төрттен бір бөлігін ғана меңгере алған. Егер ақпарат көрнекті (визуалды) 
түрде баяндалса, үштен бір бөлігі ғана меңгеріледі. Егер ақпаратты көзбен көріп жəне ести отырып 
қабылданса, онда ақпараттың жартысына дейін меңгеруге болады. Егер адам оқу үдерісіне белсене 
араласса, материалды меңгеру 75%-ға дейін жоғарылайды.
Физика курсының «Оптика» пəнін оқыту үдерісінде болашақ физика мұғалімдерінің 
креативтілігін қалыптастыруда электрондық оқыту құралдарын қолданудың ролі өте зор. Оқыту 
үдерісінде кеңінен қолданыс тауып жүрген электрондық оқулықтар, мультимедиалық бағдарламалар 
мен автоматтандырылған оқыту жүйелері оқу материалын беру, ақпаратқа талдау жасау, білімді бекіту 
жəне бақылау сияқты бірнеше қызметті қатар атқарады. Физиканы оқыту үдерісінде электрондық оқу 
басылымдарының студенттерге өздігінен білім алу мен өзіндік бақылау жасауда маңызы зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет