28 3-БӨлім. Психодиагностикалық Əдістердің сапасын бағалау жəне танымал түрлері


ІІІ. А. А. Бодалев, В. В. Столин бойынша психодиагностика-



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата21.12.2022
өлшемі263,99 Kb.
#58671
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс-3-------- 5 және 6 жұмаға арналған

 ІІІ. А. А. Бодалев, В. В. Столин бойынша психодиагностика-
лық əдістер топтамасы:
1. Əдістемелік сипаты бойынша:
- Объективті тесттер (дұрыс жауаптың болуы мүмкін, яғни тап-
сырма дұрыс орындалуы тиіс)
- Стандартты тестер.
- Сұрақнамалық ашық тесттер.
- Шкалалық-техникалық тесттер (Ч. Осгудтың семантикалық 
дифференциалдық тесті). 
Субъективті тестер: жеке-бағдарлық техникалық, сюжетті – 
рөлдік ойындар.
- Проективті əдістемелер;
- Диалогтық техникалар (сұқбаттар, диалогты ойындар)
2. Психодиагностика процедурасының жүзеге асуы жəне оның 
нəтижеге тигізетін əсері: объективті жəне диалогтық болып бөлінеді. 
Ал енді əдістер топтамасына тоқталайық:
1) Əдістердің нəтижелерін өңдеу – суреттер мен бейнелер 
негізінде зерттеу. Бұған ТАТ, САТ, Розенцвейгтің фрустрациялық 
тесті, Жиля тесті, Сонди тесті жатады.
2) Г. Роршах тесті .
3) Конструктивтік əдіс.
4) Шығармашылық əдіс.
Психологияда психиканы зерттеу объективті қағида болып табы-
лады. Бұл қағида кез келген психикалық құбылысты сол күйінде зерт-
теу қажеттілігін білдіреді. Объективті қағида адамның психикалық 
ерекшеліктері жайлы, оның нақты істері мен қылықтарына қарай
дұрыс пікірге келуге болатын адамды қызмет процесі барысын-
да зерттеуді талап етеді. Бұл принципті басшылыққа ала отырып
психикалық құбылыстарды белгілі бір адамға неғұрлым тəн, сондай-
ақ тəн емес жағдайларда зерттеу қажет.


32
Объективті принцип жиналған материалдарды өңдеуде де көрініс 
табуы мүмкін. Алынған фактілердің барлығы, оның ішінде бір-біріне 
қарама-қайшылық жан-жақты талдауға түсуі керек. Қарама-қайшы 
фактілерге ерекше назар аударған жөн. Психологиялық зерттеулерді 
құрудың тағы бір маңыздылығы, психикалық құбылыстарды даму 
барысында зерттеу принципі болып табылады. Егер объективті 
дүние ұдайы қозғалыста жəне өзгерісте болса, онда осыған орай, 
оны бейнелендірудің қозғалыссыз, өзгеріссіз болуы мүмкін емес. 
Психикалық құбылыстарды олардың даму барысында зерттеу адам 
бойында қалыптасқан психикалық қасиеттерді ғана емес, сонымен 
қатар жаңа пайда болып келе жатқан психикалық ерекшеліктерді 
зерттеудің, əсіресе, оқушы психикасын бақылаудың маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет