29
Психологиялық зерттеулердің негізгі əдістері
Жеке адамды зерттеуде Кэттелдің психодиагностикалық əдіс-
темесінің бірнеше түрінің сипаттамасын келтіруге болады.
1. Жеке тұлғаны зерттеуге арналған психодиагностикалық тестер.
2. Түрлі
материалдарды, сұрақтар
мен тапсырмаларды сөздік
сипаттау немесе сұрақ-жауап тəсілі.
3. Вербалды емес əдістер.
4. Суреттер негізінде əңгіме құру.
5. Дифференциалдық-диагностикалық тестер.
Психодиагностикалық тестердің мазмұнына қарй төмендегі топ-
тамасын көрсетуге болады:
1. Типологиялық тест – мұнда тестілеуге жеке тұлғаның мінезі,
темпераменті, нерв жүйесін диагностикалы жəне зерттелінушінің
мақсаты, қызығушылығы, шыдамдылығы зерттеледі.
2. Тестілеу сапасына стандартты жəне
стандартты емес тестер,
яғни:
- жалпы диагностикалық (Кэттелл, Айзенк,
Векслер сауалнама-
лары жəне т.б.);
- кəсиби тесттер (Армиялық классификациялық тест);
- қасиеттерді зерттеу тесттері (техникалық, музыкалық жəне т.б.);
- жетістікке жетуді зерттеу тесттері.
Сонымен қолданылатын жабдықтарға
байланысты тесттер
төмендегідей болып бөлінеді:
- бланкілік тестер («қарындаш-қағаз») қолдану арқылы;
- Вэкслердің қиын фигураларын қолдану;
- аппаратты тесттер, олар: ойлау, ес, зейін-танымдық процестерді
зерттеу тестері;
- компьютерлік тестер.
Қолданылу аясына қарай психодиагностикалық зерттеу əдістерін
төрт топқа бөлінеді:
1. Ұйымдастырылған əдістер.
2. Эмпирикалық əдістер.
3. Мағлұматтарды өңдеу əдісі.
4. Интерпретациялық əдістер.
Психодиагностикалық əдістер бағыттарына сəйкес қазіргі таңда
кеңінен қолданылып жүрген кейбір
авторлардың топтамасын
ұсынуға болады: