28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды


Тіке есеп коммунист партиясының, бүкіл еліміздің өмірінде болған елеулі  оқиғаларға арналады.  Кеңейтілген есеп



Pdf көрінісі
бет125/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

Тіке есеп
коммунист партиясының, бүкіл еліміздің өмірінде болған елеулі 
оқиғаларға арналады. 
Кеңейтілген есеп

Есептің бұл түрінде жиналыста, мәжілісте қаралған 
мәселелер түгел көрсетіледі.
Мұнда баяндамашы да, сөйлеушілер де түгел 
қамтылады. Журналисттің болған оқиға, қаралған мәселе туралы өзінің пікірін 
білдіруіне толық жағдай туады. Журналисттің шеберлігі де, мәселені қаншама 
терең білетіндігі де, тақырыпты қандай дәрежеде меңгеретіндігі де, оның 
адалдығы мен принциптілігі де осы есептің кеңейтілген түрін жазу үстінде 
анық байқалады.Қеңейтілген есеп екі түрлібоп жазылады. Ол такырыптық және 
сын формасында кездесіп отырады. 
Суреттеме есеп
.
Есептің бұл түрісуреттеу стилімен жазылады.
Мұнда автор 
оқиғаны тартымды да қызғылықты әдеби стильде береді. Мұның өзі мерекенің 
өтуіне, салтанатты жиындар мен слетке, әртүрлі көрмелерге, бүкіл халықтық 


113 
мерекені мейрамдау демонстрацияларын келісті теңеулерді кең қолдана оты-
рып, жүрекке жылы тиетін әдемі тілмен жазады. 
Интервью (сұхбат) 
оқиғаға екі адамның, журналист пен оның 
әңгімелесушісінің, қатысуымен жүргізіледі.
Бұл жанр оқиға туралы интервью 
берушіден алынған қосымша мәліметтерге көбірек сүйенеді. Бірақ фактілердің 
берілу дәлдігін байқау мен оларға журналистің қатынасын түсінуде қажетті 
болғандықтан, интервьюдің тексті мұхият талдау керек. 
Журналист қоғам қайраткерлерімен немесе шаруашылық салаларында 
істепжүрген озаттар мен сан алуанмәселелер жөнінде әңгімелесіп, пікір 
алысады. Әрине, бұл әңгімелермен пікірдің біздің ұшан теңіз болыптолқып 
жатқан өміріміз үшін маңызы менқоғамдық саяси мәні зор болуға тиіс. Әңгіме 
болып отырған мәселеніңмән-жайын жақсы білетін, болған оқиғаны дұрыс 
бағалай алатын адамнан интервью алу газет үшін өте бағалы болып саналады. 
Сұбхаттың мазмұндыболуы мынадай жайларға байланысты: журналист 
әңгімеге лайық тақырыптытаңдай білді ме, интервью беретін тұлғаның 
біліктілігі, журналистің әзірлігі, сұрақтардың тереңдігі және өзектілігі. Міне, 
осындай негізгі талаптар орындағанда ғана интервью көңілдегідей болып 
шығады. 
Қазіргі баспасөзімізде:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет