28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет122/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

Жанр дегеніміз
– белгілібір шығарманың, газет, журнал материалының, радио, 
телевизия хабарының көріністабу формасы. Нақты болмыс-құбылыстыжазып
суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт 
таныған формалары болады. Өзіндіксипаты, өзіндік белгілері барсол формалар-
дың әрқайсысы жанр деп аталады. 
Баспасөз жанрлары белгілі бір оқиғаларды, құбылыстарды нақты деректер мен 
мәліметтерге сүйене отырып баяндайды. Әр жанрдың өзіне тән ерекшеліктері 
мен сипаты, әрі бәріне ортақ белгілері бар. Ақпаратты жанрлар күнделікті 
оқиғаларды жедел де шынайы түрде хабарлап, жаңалықтар мен өзгерістерді 
оқырман қауымға қаз-қалпында жеткізуге тырысады.
Талдамалы жанрларға оқиғаларды салыстыра зерттеу, деректер мен 
мәліметтерді тарата талдап, солардың төңірегінде ой қорыту, бағалау тәсілі тән. 
Ал, көркем-публицистикалық жанрлар типтік деректерді талдау, суреттеу 
әдісімен жазылады; әрқилы әдеби тәсілдер (даралау, образ жасау, мінез-құлық 
қақтығысы, оқиға шиеленісі, т.б.) арқылы әлдебір деректі құбылыстың ішкі 


111 
мән- мазмұнымен идеялық сипатын көркем-публицистикалық деңгейде ашып 
көрсетеді. Сатиралық жанрлар әлеумттік тұрмыстағы келеңсіз құбылыстар мен 
кертартпа қылықтарды юморлық не сатиралық пішіммен әшкерелейді, 
кемшіліктерді жоюға шақырады. 
Баспасөз жанрларының негізгі, басты міндеті – өмірдегі нақты оқиғалар мен 
құбылыстардың күнделікті тізбегін жазу арқылы белгілі бір кезеңнің тарихи 
шежіресін жасау. Ол үшінжурналистіңбілімі терең, ой-өрісі кең, жазу қабілеті 
мол болуы, сонымен қатар Баспасөз жанрларының қыр-сырын жетік меңгеруі 
шарт. Баспасөз жанрларын тиянақты меңгеру – журналистің кәсіби шы-
ғармашылық шеберлігін жетілдірудің, баспасөзматериалдарының сапалық 
деңгейін арттырудың кепілі.
 
Ақпарат бүгінде демократияландыру үрдісінің басты өлшемдерінің біріне де 
айналды. Нейдер деген американ заңгерінің «Информация – основная валюта 
демократии» деген сөзін осы жерде еске алуға болады .Сондай-ақ, ақпарат 
дегеніміз қоғамдық мәніне сай жаңа мағлұмат, білім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет