59
зушының туған жері Солтүстік Қазақстанда сол заманда өмір сүрген шежіреші
қарттар жөнінде де мағлұмат бар. Бір қызығы солардың ішінде ССРО халық
әртісі Ермек Серкебаевтың әкесі Бекмағамет те бар.
Шежіре жинау, оны зерттеу, ғылыми айналымға кіргізу жөнінде алдына жан
салмаған ғалым – Әлкей Марғұлан еді. Кеңес үкіметі заманында шежірені
өзінің ғылыми еңбегіне негіз қылғанМұхаметжан Тынышпаев қазақтар
жөніндегі алғашқы еңбектің авторы болды. Онда ол өзіне белгілі қазақ руларын
талқыға салды. Өткен ғасырдың 20-шы жылдары Ташкент қаласында жарық
көрген оның кітабы көпшіліктің сүйіп оқитын шығармасына айналды.
Тағдыры тәлкекке түскен, атақты Е. Бекмаханов өз еңбектерінде шежіре
материалдарын арнаулы тарихи дерек ретінде молынан пайдаланды. Одан
кейінгі Х.Арғынбаев, Ж.Артықбаев, М.Мұқанов, В.Востров, Н.Әлімбай,
Б.Жакинжәне тағы да басқа тарихшылар шежіре деректеріне зор баға берді.
Өткен ғасырдың 90 жылдары Моңғолия мен Қытайда Абақ Керейдің ру-
тайпалық құрамын зерттеу кең етек алды. Зерттеу нәтижесінде бірнеше кітап
жарық көрді. 1995 жылы Ұлан Баторда Сұлтан Тәукейұлының «Шежіре» деп
аталатын кітабы оқырмандар қолына тиді. Шежіре схемалық түрде жазылған.
Қазақ Шежіресінде тайпа, ру, аталардың таралуымен қатар, оларға байланысты
тарихи оқиғалар, елдің қоныс аударуы, бір ел мен екінші елдің қарым-
қатынасы, ол елдерден шыққан шешендер, батырлар жайлы әңгімелер қоса
жазылады.
Қазіргі таңда шежірені дереккөзі ретінде қарастырып, одан алынған
мәліметтерге
ғылыми
пайымдаулар
жасау,
тарихи
материалдармен
байланыстыру біршама жолға қойылып келеді. Қазақ тайпаларының шежіресі
«Өнер» баспасынан бірнеше том болып басылып шықты. «Алаш» ғылыми-
зерттеу орталығы да (жетекшісі Х.Ғабжәлелов, Т.Омарбеков) шежіре
деректерін жинақталып, қазақ ру-тайпаларының нақты тарихы жан-жақты
баяндалудаТама-үш том, Табын-екі том, Кердері-бір томдақ, Керейт бір томдақ,
Жағалбайлы- екі том, Рамазан- бір томдақ Телеу- бір томдақ, Жалайыр- екі том,
Арғын- үш том, Найман- үш том, Дулат- екі том, Қаңлы- бір томдақ, Қаракесек
бірлестігі-бір том,алты ата әлім-Әлім-Кете-Шөмекей»-төрт том, Қоңырат-1,
Керей- бір томдақ шежірелері жарық көрді.Шежіренің қазақ қоғамындағы рөлі,
одан алынатын құнды мағлұматтар тарихшы мамандар тарапынан зерттелу
үстінде.
Шежіреге бүгінгі күні үлкен көңіл бөлінуде жер-жерде, әр облыстарда
жергілікті рудың шежіресіне арналған кітаптар жарық көруде. 2010 жылы
Қостанайда720 беттік керей тайпасының шежіресі жарық көрді.
Шежіре материалдарын ғылыми зерттеу дәрежесіне дейін көтерген ұмтылыстар
да бар. 2007 жылы Алматыда Шыңғыстану институтында
Достарыңызбен бөлісу: