28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет61/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

XV–XVII ғғ. қазақ 
тарихының фольклорлық нұсқасы»
тақырыбында диссертациялық зерттеу 
орындалды. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты тарихи фольклор 
материалдары негізінде XV–XVII ғасырлардағы қазақ халқының тарихын 
көрсету еді. Автор өз мақсатын толығымен орындады. Бұл дәуір Алаш 
жұртының енші алу, қазақ, ноғай және өзбек болып бөліну процесінің жүріп 
жатқан кезі еді. Сондықтанда оның жинаған тарихи деректері осы бауырлас үш 
халыққа да ортақ. 
Тарихи оқиғаларды баяндай отыра, автор қол жазба түрінде немесе ауызша 
айтылып 
жүрген 
тарихи 
фольклорлық 
фрагменттермен 
сюжеттерге 
текстологиялық талдау жасау және тұтас деректік қор қалыптастыру, дерек 
түрін 
өзара 
салыстыру 
сияқты 
әдістемелік 
жұмыстар 
жүргізген. 
Диссертациялық зерттеу негізінде автор қазақ тарихының белгілі бір кезеңін 
зерттеуде фольклорлық деректердің құныдылығын дәлелдейді. 
3. Халық ауыз әдебиеті нұсқалары тарихи дерек 


54 
Жатар алдында анасының баласына айтатын ертегісін халықтың еріккеннен 
ойлап тапқан дүниесі деп ойлау үлкен қателік болар еді. Ұзақ жылдар бойы 
халықтың есінде екшеленіп қалған ертегілер мен аңыздарда тұнып тұрған тарих 
бар. 
Ертегі халық прозасының дамыған, көркемделген түрі. Ол әрі 
тәрбиелік, әрі көркемдік-эстетикалық рөл атқарады. Ертегінің негізін 
қалаған жанрлар деп мифті, хикаяны, әпсананы айтамыз.
Ертегі пайда 
болған заманда халық оны қиял деп қабылдамаған. Онда баяндалатын оқиғаға 
толық сенген. Әлбетте, ертегі адам есінде қалу үшін оны ойдан шығарылған, 
адам сенбейтін, шым-шытырық уақиғалармен көркемдеген. Алғашында шын 
болған уақиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте-бірте ел арасына тараған 
сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен. Бұл 
күнде қазақ ертегілері том-том кітап болып басылып жатыр. Тарихшының 
міндеті – осыларды деректанулық сыннан өткізіп, өз кәдесіне жарату. 
Үлкен тарихи мағлұмат беретін деректердің тобына қазақтың аңыздары 
жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет