28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет7/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

тарихи-типологиялық
әдіс. Өздеріңізге белгілі кез келген елдің тарихы бірнеше кезеңдерге
дәуірлерге, белестерге бөлінеді. Әрбір кезең өзіне дейінгі, өзінен кейінгі 
дәуірлерден кейбір ерекше белгілерге қарай бөлектенеді.Әрбір кезең өзіне тән 
деректер тобын туғызады. Міне, осы белгілеріне қарай ұзын-сонар адамзат 
тарихы жіктеледі. Әрбір кезеңді талдау, оның ерекшеліктерін анықтау ғылымда 
топтау немесе типтеу
деп аталады.
Тип деген терминді мен кейде қалып деген терминмен салыстырамын. Өйткені, 
бір қалыпқа салынып тігілген етіктер бір-біріне өте ұқсас. Тарихи процесті 
типтеу дегеніміз тарихи танымның нақтылы түрі. Типтеу деген терминмен 
қатар ғылымда 
классификация
деген де термин бар. Типтеу сол 
классификацияның бір түрі. Бірақ типтеу классификацияға қарағанда тарихи 
процестің мәніне тереңірек үңіледі.
Тарихтан мысал келтірейік. Дәстүрлі қазақ қоғамында шаруалардың негізгі 
кәсібі мал шаруашылығы мен егіншілік екені бәрімізге белгілі. Сондықтан да 
қазақ шаруашылығын екі ғана топқа немесе классификацияға бөлеміз. Бірақ 
малшылардың да, егіншілердің де шаруашылығы біркелкі емес. Бір топтың 
ішіндегі шаруалар байлық жағынан, еңбек құрал жабдықтарына қатынасы жа-
ғынан 
әртүрлі. 
Олардың 
ішінде 
ірілері, 
орташалары, 
қоңсылары, 
жалданбалылары тағы сол сияқты әртүрлі топтары бар. Бұларды талдап, жіктеп 
әртүрлі топқа жатқызу үшін типологиялық әдісті пайдалану керек. Яғни, әрбір 
топтың өзіне тән белгілері болады. Сол белгілерді анықтау типологиялық 
әдістің міндеті. 
Тарихи-жүйелілік әдісі. 
Соңғы кездері тарихшылардың пайдаланып жүрген 
әдісі. Бұл әдіс те жаратылыстану ғылымынан келген әдіс. Жүйелілік әдісінің 
объективті негізі болып қоғамдық өмірдің ішкі байланысының, тарихи 
процестің ерекше және жалпы белгілерінің бірлігі. Адамзат тарихында болып 
өткен құбылыстар бір жүйеге бағынады. Қоғамда болған құбылыстар ол жеке 



адамның немесе бір топ адамның мақсатты әрекеті. Әр елде, әр жерде, жер 
шарының әр өңірінде болған тарихи оқиғалар біріне-бірі ұқсас. Бірақ олардың 
айырмашылықтары да бар. Мысалы, ХІХ ғасырдың орта шенінде қазақ жерінде 
орыс отаршыларына қарсы ұйымдасқан қарсылық дәл осы дәуірде Үндістан 
жерінде ағылшын отаршыларына қарсы болған үнді халқының қозғалысына өте 
ұқсас. Бірақ әлбетте, оның ерекшеліктері де бар. Жалпы алғанда бұл сол кездегі 
отаршылдыққа қарсы күрес жүйесінің бір ғана үзігі. Яғни, адамзат тарихы 
осындай ірілі-уақты үзіктердің жүйесі. Тарихи құбылысты жүйелі зерттеу 
барысында тарихшы әртүрлі тәсілдерді, амалдарды, әдістерді пайдаланады. 
Сөйтіп, жүйе жасайтын (системообразующий) белгілердіанықтайды. Осы 
бірімен-бірі байланысып жатқан белгілер арқылы оқиғаның, құбылыстың ішкі 
құрылымын анықтаймыз. Неғұрлым белгілері көп болса, соғұрлым зерттеу 
терең болады, мазмұнды болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет