28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды


Парсы тіліндегі нарративті деректер



Pdf көрінісі
бет100/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

Парсы тіліндегі нарративті деректер
 
*
«Бадай ал-Уакаи»
(«Таңғажайып оқиғалар») (1485–1551/56) естеліктер 
түрінде жазылған тарихи шығармасы.Парсы тіліндежазылған бұл шығарма 46 
тараудан тұрады. Әр тарауда автордың өзі куә болған оқиғалар баяндалады. 
ШығармадаХорасан,Орталық Азияныңтарихы, ХҮ ғасырдың соңы мен ХҮІ ға-
сырдың басындағы Гераттың саяси, экономикалық, мәдени өмірі сипатталады. 


87 
Әбу Әли ибн Сина,Абд әр-Рахман Жәми,Әбулқасым Фирдоуси,Әлішер 
Науаи,Камал әд-Дин Бинаисияқты орта ғасыр ғұламалары жөнінде маңызды 
мәліметтер бар.Ираншаһы Исмаил Сефевидің Гератқа жорығы, сунниттер мен 
шииттер 
арасындағыдіниқақтығыстар 
суреттеледі.Ғазал,рубаиүлгісінде 
жазылған бірқатар өлеңдер де енгізілген.
ШығармадаҚазақжері 
«Қазақстан» 
деп 
аталды. 
Сыр 
бойындағы 
қалалар,Шайбаниәулетінен шыққан Ұбайдаллаһ ханның моғол ханыАбд әр-
Рашидханмен одақ құрып, қазақтарға қарсы жасаған жорығы (шамамен 1537–
1538 жылыЫстықкөлдіңбатысындағы Сән-Таш деген жерде), «Қазақтарды 
жеңу туралы мәлімет»Қазақханы Тахирдыңқалмақтарғатойтарыс беру 
мақсатында бір таудың етегінде Жатан бекінісін салғаны (ХҮІ ғасырдың 20-
жылдары) туралы мәліметтерҚазақстантарихы үшін құнды дерек болып 
табылады. Шығарманың қосымшалармен толықтырылған нұсқасы 1971–1972 
жылы Тегеранда басылып шықты. 
*
«
Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар
(1499–1551) – әйгілі тарихшы, 
әдебиетші,Моғолстанмен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды 
деректер беретін 
«Тарихи Рашиди»
кітабы мен 
«Жаханнама»
дастанының 
авторы. 
Автор қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен 
ШығысДешті–Қыпшақтаболған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, қазақтар, 
қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы 
туралы көптеген мәліметтер бар.
Сонымен бірге бұл еңбекте ХV–ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс 
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырдағыЖетісудың 
тарихи географиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды 
мәліметтер бар. 
Ол сол кездегі саяси оқиғалар мен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-
ақМоғолстанның, Қазақ хандығының өткен тарихын жақсы білген. Оның 
көптеген оқиғаларына өзі тікелей куә болған. Содан да болар, ол орта 
ғасырдағы қазақтарға, әсіресе дулат тайпасының тарихына қатысты өте құнды 
материалдар береді. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі 
кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым-қатынасы жайында 
кеңінен сөз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет