42
Орталық Қазақстанда қола дәуіріне жататын Беғазы, Ұлытау, Беласар
зираттары, Атасу, Бұғылы, т.б. қоныстар зерттелді. Жетісуда Бесшатыр, Кеген
маңында табылған обалар сақ-скиф мәдениеті жөнінде көптеген мағлұматтар
берді және олардың Алтай мен Днепр бойында кездескен скиф обаларымен өте
ұқсас екендігі дәлелденді.
Оңтүстік Қазақстанда палеолит қоныстары тыңғылықты зерттеліп, оның
андронов мәдениетінің негізгі аймақтарының бірі болғандығына ғылыми
тұжырым жасалды. Солтүстік Қазақстан қола дәуірінің хронологиялық
классификациясы жасалды. 1970 жылдан Қазақстан мен Орта Азияның мәдени
орталықтарының бірі болған Отырар алқабының ескерткіштерін зерттеу қолға
алынды.
Шығыс Қазақстандағы Шелекті сақ обаларындағы, ЖетісудағыЕсік
қорғанында, қала мәдениеті жөнінде мол мағлұмат берген Отырар мен
Құйрықтөбеде жүргізілген қазба жұмыстарыкөне және орта ғасырда қазақ
даласын мекендегентайпалар мен ұлыстардың материалдық мәдениетінің
сабақтастығы жөнінде дәйекті ғылыми тұжырым жасалды.
Заттай деректер тарих оқиғалар жөнінде баяндамайды. Археолог тек олардың
негізінде сол оқиғаның реконструциясын жасайды Тарихтың жазба деректері
жоқ болған жағдайда зерттеуші заттай деректердің көмегіне сүйенуге мәжбүр
болады.
Ғалымдардың айтуынша жазу өнерінің тарихы 5000 жыл. Сондықтан
археология ғылымының кеңістігі де уақыт шеңбері орасан зор.Жазу өнерінің
көне нұсқаларын ғылыми айналымға кіргізген де археолог ғалымдар. Мысалы
египет иероглифтері, гректің түзу жазуы, вавилоннның сына жазулары қазба
жұмыстары нәтижесінде табылып,ғылымның игілігіне айналды. Жазу өнері
пайда болғаннан кейін де жазба деректердің мәліметтерін зеттай деректер
толықтырып отырды.
Археологтың әрекетін үш кезеңге бөлуге болады: ескерткіштерді іздеу,
табу,оларды зерттеу және оларды тарихи реконструкция барысында
пайдалану.Әрбір әрекеттің өз әдістері бар. Бірінші кезеңде істі далалық
археология тындырады. Олар барлау және қазба жұмыстарының нәтижесінде
материал жинақтайды. Оның өзіне тән әдістері бар. Келесі кезекте табылған
ескерткіштер ішікі түйсік негізінде, типологиялық әдісті пайдалана отырып
зерттеледі. Соңғы жылдары формалдық әдістіқолданудың арқасында
археологтардың бұл әрекеті ғылыми негзге көшірілуде. Ал үшінші кезең ең
күрделісі, әрі пәнаралық байланыстар арқылы іске асырылады. Алдыңғы екі
кезеңде археологтар зерттеу жұмыстарынөз күшімен атқара береді.
Артефактілерды
интерпретациялау
үшін
бірнеше
ғылым
өкілдерініңмүмкіншіліктерін пайдалану қажет.
Достарыңызбен бөлісу: