28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды


Мәтел – өзінің негізгі түйіндеуін кесіп



Pdf көрінісі
бет63/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

Мәтел – өзінің негізгі түйіндеуін кесіп 
айтпайтын, бір-бірімен кереғар шеңдестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, 
қысқа да нұсқа нақыл сөз
. Мәтел мақалға жақын, сынар тармақ болып келеді. 


55 
Сөз үстемелене келіп түптің түбінде оның мақалға айналуы мүкін. Мақал мен 
мәтел бірін бірі толықтырып тұратын жанр.
Мақал мен мәтелдерді халық өзі туғызған. Ол қоғамның, жеке тұлға өмірінің 
барлық саласына қатыстыайтылады. Сондықтан да оның деректік маңызы өте 
жоғары. Мәселен Махмұд Қашқаридағы «Диірменде туған тышқан, тарсылдан 
қорықпайды» – деген мақалдан, сол кездің өзінде көне түркілер диірменге ұн 
тартқаның білеміз. Келесі бір мысал Орхон жазуларында, Күлтегінде толып 
жатқан мақал-мәтелдер халық жадында бар. Мақал-мәтелдерден біз сол 
замандағы халықтың шаруашылығына, мәдениетіне, рухани дүниесіне 
байланысты мәліметтерді көптеп кездестіреміз. 
Қазақ фольклорындағы батырлар жыры ең құнды тарихи дерек болып 
табылады. Ол ғылымда «Қырымның қырық батыры» деген атпен белгілі. Осы 
күнде барлығы дерлік жаряланды. «Қарақыпшақ Қобыланды» жырының 
тарихилығы дәлелденді. Эпостағы жырланатын тұлғалардың көпшілігі тарихта 
болған адамдар. Эпос шығару өнері қазақ қоғамында ХІХ ғасырға дейін өз 
жалғасын тапты. Оған дәлел Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбайы», 
Нұрқан Ахметбековтың «Қарауыл қырғыны» эпосы. 
4. Қазақ ақындарының шығармаларындағы 
тарихи проблемалар 
Ауызша тарихи деректердің үлкен бір тобы қазақ ақындарының шығармалары. 
Ханның қордасындаәр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар – халық 
поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі 
уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан. 
Жыраулар поэзиясы сонау көне заманда пайда болып,әсіресе, Қазақ хандығы 
тұсында (XV ғасыр)кең өріс алды. 
Жыраулардыхалық қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда 
немесе ел шетіне жау келген кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай 
кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп 
(дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. ХV–ХVII 
ғасырлар арасы жыраулар поэзиясының гүлденген заманы. 
Жырау деген атау «жыр» сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық 
жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған. 
Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың 
толғауларының негізгі тақырыптары – туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, 
елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау. 
Тарихта белгілі алғашқы жырау найман руынан шыққан Кетбұға. Оның 
Жошының өліміне байланысты шығармасы жөнінде дерек бар. Өкінішке орай 
оның толық нұсқасы бізге дейін жетпеген. ХIV ғасырдың аяғында өмір сүрген 
соқыр Ахмет, Фарқылық, Сыпыра жырау Сұрғұлтайұлы, Асан қайғы, Жұмақұл 
жырау, Шеге, Шорман және Бақтияр жыраулардың шығармаларында тарихи 
мағлұматтар мол. Одан кейінгі ғасырларда өмір сүрген Қазтуған Сүйіншіұлы, 
Доспанбет, Шалкиіз Тіленшіұлы, Жиембет және Марқасқа жырау, Қожаберген 


56 
жырау, Ақтамберді жырау шығармаларында сол кездегі қазақ қоғамының 
санқилы уақиғалары баяндалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет