60
жасап олардың қазақ тарихын жазудағы негізгі дерек екендігін дәлелдеп
шықты.
6.Әдет-ғұрыптық заңдары
Қазақтың әдеп заңы көне түркілердің Төресінен бастау алады, Шыңғыс ұрпағы
билеген дәуірде. Шыңғыс ханның «Ясысымен» толықтырылып, бүгінгі
заманымызға дейін жетті. Бүгінгі қазақ Конституциясы бола тұра, оған
негізделген заң нормалары бола тұра, осы күнге дейін кейбір өмірлік
жағдайларда әдет-ғұрыптық заңдарының нормаларымен өмір сүреді.
Әдет-ғұрып заңдары тасқа басылып, қағазға жазылмаса да халықтың санасына
терең бойлап еңгендігі соншама, олар халықтың күнделікті өмірінің реттеушісі
сияқты. Бүгінгі қазақтың көпшілігі жақында шыққан неке және отбасы туралы
заңды білмесе де баяғы замандағы отбасының шаңырағы шайқалмай өмір сүріп
келеді. Әке мен баланың, анасы мен қызының, іні-сіңілі, ағайын-туыс, көрші-
қолаң арасындағы қарым-қатынас әдет-ғұрыптық заңның сарқыншағы. Әдет-
ғұрыптық заңдар негізінде, қазақ қоғамындағы саяси құрылыс, әлеуметтік
қарым-қатынас, рухани өмір жөнінде толық мағлұмат алуға болады.
Қазақ қоғамында ел билеген билер, сөз бастаған шешендер үлкен абыройға, зор
құрметке бөленген. Олардың бір кездері айтқан сөздері афоризм ретінде біздін
заманымызға дейін жетіп отыр. Олардың көпшілігі жиналып, зерттеліп,
талданып тарихи деректік дәрежеге дейін көтерілді Көпшілік тарихи
еңбектерде пайдаланып та жүр. Әдет заңдары оқу құралының келесі тараула-
рында толықашылады.
Достарыңызбен бөлісу: