Келісілді: №29 «Балауса» бөбекжайының
Әдіскері _________________А.А Дощанова
Балалардың іс-әрекеті мен тәрбиесін ұйымдастыруды жоспарлау циклограммасы. І апта 30.08 – 03.09.2021 ж.
№29 «Балауса» бөбекжайы «Ақбота» аралас ересек, мектепалды даярлық тобы
Өтпелі тақырып: «Балабақша»
Күн тәртібі
Дүйсенбі 30.08.21
Сейсенбі 31.08.21
Сәрсенбі 01.09.21
Бейсенбі 02.09.21
Жұма 03.09.21
Балаларды қабылдау. Ата-аналармен әңгімелесу
Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )
Таңертеңгі гимнастика (5 мин)
Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: балабақша туралы түсініктерін кеңейту, балабақша қызметкерлерін атап, оларға деген құрмет білдіру, достарына сыйластық көрсете білуге баулу.
30-тамыз «Конституция күні» мерекесі.
Суреттерге қарап
сөйлемдер құрастыруға үйрету. «Балабақшадағы бір күнім».
«Мен көмекшімін» (әңгімелесу)
Саусақ ойыны. Үстел үсті ойыны.
«Жемістерді топтастыр»
«Кім қандай қызмет атқарады?» ойыны.
Дид. ойын:
«Отбасында».
Үстел үсті ойыны – мозайка.
«Гараж құрастыр»
Балалармен отбасындағы мерекелер туралы әңгімелесу.
Жаттығулар кешені №1
Таңғы ас
Балаларды таңғы ас мәзірімен таныстыру, үстел үстінде дұрыс отыруға, ас құралдарын дұрыс ұстай білуге, тамақты ұқыпты, шашпай ішуге дағдыландыру. Дастархан батасы:Асың-асың-асыңа,
Бақ берсін басыңа.
Дастарханын мол болсын,
Денсаулығын зор болсын.
Ойындар,Ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық
Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда ойындар және баяу қимылды ойын-жаттығулар
Дидактикалық ойын:
«Үйде кім тұрады?»
Мақсаты: сөйлем құрап айтуға үйрету.
Дид ойын:
«Бұл кім?»
Мақсаты:балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
«Мақал – мәтелдер жаттау»
Мақсаты: отбасы мүшелеріне құрметке тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі
«Қош бол, Жайдарлы жаз!» Мақсаты: Жаз мезгілінің ерекшелігін басқа мезгілдермен салыстыру, жеміс жидек, көкөністер туралы түсінік беру, балалардың жазғы демалысын көңілді өткізуге, ойын-сауыққа қызығушылықпен қатысуға дағдыландыру.
Жаз туралы тақпақтар айту.
Ғ.с: Ортаға жаз келеді.
Сұрақ-жауап.
Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»
Ойындар ойнау.
Флешмоб.
Ересек топ 1. Математикалық негіздері Тақырыбы: Бір және көп. Үлкен және кіші. Шеңбер.
І.Кіріспе.
Пішіндерге арналған жұмбақтар.
ІІ.Негізгі бөлім.
1-тапсырма: Қандай пішінге ұқсайды?
2- тапсырма.Суреттер үстінен саусақпен сызу.
Д/о: «Бір және көп заттарды салыстыру»
3- тапсырма.
Сергіту жаттығуын әуенмен орындау.
4- тапсырма.
Д/о: «Үлкен және кіші»
ІІІ.Қорытынды.
2. Сурет салу Тақырыбы: «Балабақшам» (сюжеттік) Шаттық шеңбері.
Ғажайып сәт.
І.Кіріспе.
Негізгі бөлім.
-Біздер суретшіміз!
Балабақша бейнесін салуды ұсынамын.
Қалай бейнелеу жолдарын көрсету.
Сурет салу.түрлі-түсті гуашпен бояу..
Балалардың өз бетімен жұмысы.
Балалар жұмыстарын аяқтау
Қорытынды.
Көрмеге қою. Бағалау.