3. Дене шынықтыру (Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша)
Мектепалды даярлық 1. Математика негіздері Тақырыбы:
«Ұзындық. Шартты өлшеуішті пайдаланып, заттарды ұзындығы бойынша салыстыру».
І.Кіріспе.
Шаттық шеңбері.
ІІ.Негізгі бөлім. Шамалар және өлшемдер. Заттарды ұзындығы бойынша салыстыруды үйренеміз. Заттарды ұзындығы бойынша салыстыруға болады, Мысалы: қарындаш қаламға қарағанда ұзын. Қалам қарындаштан қысқа. Заттың төменнен жоғарыға дейінгі ұзындығы-бұл оның биіктігі.
Мысалы: ағаш бұтадан биік.Орындық партадан аласа. Адамның биіктігі-бұл оның бойы.
Сергіту сәті:
І-топ. Қай қарындаш ұзын?
ІІ-топ. Ағаштарды биіктігі бойынша салыстыру
ІІІ-топ. Отбасы мүшелерінің бойларын салыстыру.
-Екі затты ұзындығына қарап ретімен санау дағдысы қалыптасады.
-Заттардың бір-бірінен ұзын-қысқа, биік-аласа екенін анықтайды.
Дәптермен жұмыс.
Қорытынды:
Балаларды мадақтау. Сұрақ-жауап әдісі.
2. Сурет салу Тақырыбы: «Ертегідегі құс»
І.Кіріспе.
Шаттық шеңбері.
Ғажайып сәт.
-Экранға назар аудару.
/Ертегідегі құс ( жар птица) туралы ертегі көрсетіледі/
Негізгі бөлім.
Құс туралы түсінік беру.
Балаларға өз беттерінше жұмыстануды
ұсыну.
Жеке жұмыс.
Балалар бейне баянан ертегідегі құс ( жар птица) туралы тамашалайды.
Сергіту сәті:
Балалар жұмыстарын аяқтау.
Д/о: «Ертегі кейіпкерлерін тап»
Қорытынды.
Көрмеге қою. Бағалау.
3.Көркем әдебиет «Жақсы мен жаман».
Кіріспе.
Шаттық шеңбері.
Жақсылықтың қонаққа келуі.
Негізгі бөлім.
«Жақсы мен жаман» әдеттер туралы әңгімелесеміз.
Қ/о: «Мен қандаймын?»
-біздің балалар өте жақсы балалар екен.
-Балалар, бүгін біз Рақым Тышқанбаевтың «Жақсы мен жаман» өлеңімен танысамыз.
-Балаларға жақсы мен жаманның суретін көрсетіп өз ойларын сұрау.
Ойын: «Жақсы мен жаман»
Сергіту сәті:
Сурет бойынша әңгіме құрастыру, өлеңді жаттау.
Жақсы мен жаманның суретін бояу
Қорытынды:
Сұрақ-жауап әдісімен қорытындылау.