Мақсаты: Тәрбиешілердің өз мамандығын шыңдай түсіп, тәжірибесін басқаларға өнеге ету. Педагогтің өз ойын аша білуге, белсенділігін арттыру. Біліктілігін, іскерлігін, кәсіби шеберлігін анықтау. Бірлесе топ болып жұмыстануды көздеу. Инновациялық әдіс-тәсілдер тәжірибесін енгізе отырып, тәрбиешілердің шығармашылық ізденісін, қабілетін арттыру. Өз кәсібіне деген ынтасын арттыру.
Дайындық жұмыстары: Тапсырма тақырыбын слайдтан көрсету. Тапсырмалар жиынтығы.
Ойын барысы: Құрметті әріптестер, бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Достық» атты іскерлік ойынымыздың мақсаты педагог-тәрбиеші мамандардың біліктілігін, іскерлігін, кәсіби шеберлігін анықтауға өз шығармашылық қабілеттерін бағалай білуге, бір-біріңізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға және өзара тәжірибе алмасуға арналған ойын сабағына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын. Ойынды бастамас бұрын үш топқа бөлінейік. Әр түрлі түстегі бас киімдер кию арқылы топтарға бөліну.
Шаттық шеңбері: Күлімде күн, күлімде,
Күлсін барлық адамдар,
Берекелі бүгін де,
Достығымыз жарасқан.
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Қайырлы таң, қонақтар!
Біздер сәлем береміз!
1 тапсырма: «Ойлан тап».
«Қанағаттандырылмағандықтарыңыздан» сөзі жазылған парақ беріледі, топтарға 5 минут уақыт беріледі, осы уақытта осы сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Ең көп сөздер жазған топ ұпай алады.
2 тапсырма: «Мәнерлеп оқу».
Әр топтан бір адамнан келеді. Алдарында жатқан парақты алып, сонда берілген тақпақты мәнерлеп оқиды.
«Қыс» А.Құнанбаев
«Ғылым таппай мақтанба» А.Құнанбаев
«Құлақтан кіріп, бойды алар» А. Құнанбаев
«Отан» М. Мақатаев
3-тапсырма: Суреттегі ой.
Экраннан суреттер көрсетіледі, осы суреттерге байланысты әр топ өзінің ойын, түсінгендерін айтып ой бөліседі.
1) біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақ бейнеленген;
2) допқа таласып жатқан балалар;
3) ақ қағазға кішкентай қара нүкте салынған, не көріп тұрғандарыңызды айтыңыздар;
4) Жарқын шуағын төккен күн шуағының астында әр ұлттың үш баласы қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.
Тәрбиешілер ойы:
Талдау: біз сұқ саусағымызбен өзгені көрсетіп тұрғанда, өзге 3 саусағымызбен өзімізді көрсетіп тұрамыз, бірақ оны аңғара бермейміз. Ендеше әлдекімді кінәлағанда өзіміздің кінәміз бар ма жоқ па осы жағына көңіл бөлуіміз қажет. Қателікті өзгеден емес өзімізден іздейік.
Талдау: ұлағатты тәрбиешілер бәріне бірдей шуағын төгу керек.
Талдау: ақ қағазды көргендер жақсылықты көретіндер, ал қара нүктені көргендер жаманшылықты тез көретіндер екен. Енді сол нүктеден бастап сурет саламыз.
Талдау: Бұл бала алғаш дүниеге келгенде ақ қағаздай болады, сол қағазға ата-анасымен біздің салған бейнеміз қандай болса сол бейне балада қалыптасады.
Талдау: Сыртқы түстері әр түрлі болғанымен бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан ұлағатты ұстаздар оларға күн сәулесіндей бірдей мейірім шуағын төгеді.
4-тапсырма.
Әр топқа дәстүрден тыс техникалар арқылы сурет салу:
Майшаммен суртсалу.
Су қағазда сурет салу.
Монотопия.
Гратаж.
5.Рефлексия.Бүгінгі ойын сізге ұнады ма? Ойыннан қандай әсер алдыңыз? Стикерге жазу.
–«Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» деген Ә. Науаи. Шеңбер бойына тұрып жүректі үлестіріп, бір-біріңізге тілек айтыңыздар.
Қортынды: Құрметті әріптестер, ойынға белсене қатысқандарыңыз үшін рахмет! Татулық бар жерде достықтың, бірліктің, сыйластықтың болатынын білдік.
Достарыңызбен бөлісу: |