2.Әдістемелік ғылымның зерттеу әдістері. Әдістемелік ғылымның басқа ғылыммен байланысы


Сабаққа дайындалу мен өткізуге қосымша кеңес



бет17/23
Дата12.05.2023
өлшемі248 Kb.
#92564
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
Матем окыту әдстері

2.Сабаққа дайындалу мен өткізуге қосымша кеңес.
1. Әрбір сабаққа тек мектеп оқулығымен ғана шектелмей басқа да кітаптармен әртүрлі қызықты есептерді түсіндіру үшін, алған білімді баянды ету үшін нақты сұрақтарды таңдап ала білу қажет.
2. Қиынырақ материалдарды оқу алдында осы жаңа материалды игеруге проблемалар қоюға мүмкіншілік жасайтын және де оқушылардың өз бетінше заңдылықтар ашуына себепкер болатын жаттығулар таңдай білген дұрыс.
3. Оқушыларға қойылатын сұрақтар дәл нақты болуы керек.
4. Оқушыларды ықыласпен тыңдап, оның жауабын дәл сезініп дұрыс баға қоя білу керек. Жеке оқушылардың жіберген қатесін сынып алдында көрсете отырып ары қарай оқытуда оларды ескеріп отырған тиімді.
5. Мұғалімнің алдын-ала қандай білім мен дағдыны тексеретінін кімге қандай сұрақ қоятынын мұқият ойластырып алғаны дұрыс.
6. Жалпылама ауызша сұрау білімге үйретуге жетелейтіндей болуы керек. Бір ғана оқушының дұрыс білген жауабына қанағаттанбай, қалғандарының да қиын сұраққа берілген жауапты түсінгендігіне, меңгергендігіне көз жеткізу керек. Ең бастысы негізгі ойға ерекше көңіл аудару керек.
7. Қандай сұрақтан кейін оқушыларға ойлануға үзіліс беріп, қалаған оқушыдан сұрау керек екендігін қандай сұрақтарға бірден жауап талап етілетіндігін дұрыс ойластырған жөн.
8. Ұсынылған есептің шешімін әр оқушы ойластыруы керек. Сонан соң ғана тақтаға бір оқушыны шақыруға болады. Сонда әр оқушы өз шешімін салыстыра алады. Бұдан оқушылардың белсенділігі, ынталылығы, ізденімпаздығы, шығармашылығы тәрбиеленетіні айқын.
9. Оқушылардың дәптеріндегі жазуларын қадағалаған жөн. Нақты жүйелі түрде орындаған жазулар, дұрыс сызылған суреттер материалды дұрыс меңгеруге көмектеседі және үй жұмысын орындауға үлгі болады.
10. Мұғалімнің тілектестік үні оқушыларға деген сенімі және қажетті қаталдығы (талаптығы) болуы керек.
3.Математика сабағын талдау схемасы. (шамамен)
1. Жалпы мағлұматтар: сынып, тақырып, мақсаттары, сабақтың түрі мен құрылымы.
2. Сабақтың басталуы: ұйымдастыруы, формасының ұзақтығы, тиімділігі.
3. Үй жұмысын тексеру: тапсырмалардың және оны тексерудің мақсаты, қалай тексерілді, кімнің орындамағаны немесе кімнің қандай себептермен орындамағаны анықталды ма, оған мұғалімнің реакциясы. Үй жұмысын тексерудің ұзақтығы тиімділігі.
4.Сұрау сұрақтар мен тапсырмалардың қойылуы мен мазмұны.
5. Жаңа материалды оқу егер жоспарланған болса, онда ол сабақтың ең негізгі түйіні. Оқушыларға сабақтың мақсаты қойылды ма (жалпы мұғалім сабақтың мақсатын қойып, оның кезеңдерін оқушылар алдында көрсете алды ма?
Жаңа материалдың көлемі мен мазмұны баяндау әдісі, көрнекі құралдарды қолдануы тақтадағы және дәптердегі жазулар мен суреттер оқулықпен жұмыс, оның қажеттілігі мен тиімділігі, сабақтың негізгі маңызды жерін бөліп көрсету.

  1. Оқығанды баянды ету (бекіту) оның қорытындысы неде? Сұрақтардың есептердің таңдап алынуы , есептер мен жұмыс істеу әдісі, өзіндік жұмыс болды ма, оның ұйымдастырылуы, мақсаты, оқушылардың жаңа материалды жете түсіне алғандықтары туралы айту мүмкін бе? Егер болса, онда ненің меңгерілгенін, ненің қиыншылық туғызғанын және не себептен екенін сипаттау.

7. Келесі сабаққа тапсырма қашан және қалай берілді. Оның мақсаты, мазмұны және көлемі, оқушылардың тапсырманы түсінгеніне мұғалімнің көзі жетті ме? Тапсырманы орындау сабақтың мазмұны мен әдістемесін қамтамасыз етті ме?
8. Мұғалім сабақты қалай аяқтады және оқушылардың бағасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет