3- блок. Жаңа дәурдегі қазақстан (XVIII хх ғ. басы)



бет5/9
Дата27.11.2023
өлшемі36,77 Kb.
#130334
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3- блок. Жаңа дәурдегі қазақстан (XVIII хх ғ. басы)-www.emirsaba.org

Қазыбек би


  • Қазыбек би

  • Қызметі: би

  • Туған күні: 1665 жыл

  • Қайтыс болған күні: 1765 жыл

  • Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.

  • Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.

Әйтеке би


  • Дүниеге келгені: 1644

  • Қайтыс болғаны: 1700

  • Мансабы: би

  • Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан.[1] Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.[2]

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы Тәукенің ''Жеті жарғысы''

Жарғының негізі:


‘’Қасым ханның қасқа жолы’’ мен “Есім ханның ескі жолы” сияқты байырғы қазақ хандарының мемлекетті басқару мен халықты билеудегі қалыптасқан үлгі, жобаларынан алынды.
Қасым хан тұсында шыққан, ”Қасым ханның қасқа жолы” деген заң жинағының бес тарауына екі тарау қосып, ”Жеті жарғы” деп аталатын заң жинағын жарыққа шығарды.
Тәуке хан “Күлтөбенің басында күнде жиын” өткізіп, оның шешімі хан қасындағы билер кеңесінде бекітілді.
Жаңадан шыққан бұл заң тарихта ”Тәуке ханның заңдары”, - деп аталған.
Қазақша ”жарғы” деген сөз әділдік деген ұғымды білдіреді.
Бұл қазақ хандығы заңдары қазақ халқында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген әдет-ғұрыптық ережелер негізінде жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет