3- дәріс. Қазақстан Республикасындағы ерекше білім беруді қажет ететін балаларды Мемлекеттік қолдау көрсету жүйесі Миға шабуыл «Инклюзивті білім беру»



бет2/3
Дата27.09.2023
өлшемі17,12 Mb.
#111054
1   2   3
Байланысты:
Дәріс-3 18.09.23

Сұрақтар
2-ші деңгей
ПМПК – бұл баланың даму деңгейін, ауытқуларды кәсіби деңгейде анықтауға, оларды емдеу мен оңалтудың бір не басқа курстарын ұсынуға болатын мамандардың кеңес беруі.
Мұнда балалар дамуының психологиялық, медициналық және педагогикалық диагностика бөлімі жұмыс жасайды. Интеллектуалды, физикалық және жеке қасиеттердің жағдайына байланысты олар емдеу, оңалту, білім беру бағдарламалары мен формаларын анықтайды, сонымен қатар дамуында ауытқуы бар балаларға қатысты түрлі мәселелер бойынша кеңес береді.
Психологиялық – медициналық педагогикалық кеңестің қызметі:
1. Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға арналған тексеру және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультативтік көмек көрсету;
2. Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға арналған түзету ұйымдары мен басқа да ұйымдарға медициналық, арнаулы бiлiм және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуы үшiн жолдама беру;
3. Олардың даму ерекшеліктерінің – психологиялық-медициналық-педагогикалық тексерілуі
4. 0-18 жасқа дейінгі мүмкіндіктері шектеулі балаларды есепке алу.
5. Диагнозын қою
6. Баланың арнайы қажеттіліктерін анықтау және оның медициналық, арнайы білім, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге құқығын белгілеу.
Диагностикалық тексеуді және консультациялық көмек беруді келесі қызметкерлер іске асырады:
  • Педагогикалық қызметкерлер: психолог, логопед, дефектолог, сурдопедагог, олигофренопедагог, тифлопедагог, әлеуметтік педагог;
  • Медициналық қызметкерлер: невропатолог, психиатр, офтальмолог.

  • Қызметкерлердің басым бөлігінің жұмыс өтілі үлкен, бұл диагностикалық-консультациялық үрдістің міндеттерін тиімді шешу үшін маңызды.

Арнайы балабақша – ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеуге, білім беруге, қоршаған ортаға енуіне, әлеуметтенуіне арналған мекеме.
3-ші деңгей
Арнайы балабақша
Арнайы бөбекжай балабақша, балабақша кешені төмендегідей міндеттерді шешеді:
1) балалардың дамуындағы психикалық және дене даму ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды әлеуметтік бейімдеуге, тәрбиелеу мен оқытуға арналған қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету;
2)баланың жеке дамуын кешенді сүйемелдеумен қамтамасыз ету;
3)балалардың дене және (немесе) психикалық дамуындағы кемшіліктерді түзетуді жүзеге асыру;
4)әлеуметтік бейімдеуге ықпал ететін қызметтің орын толтыру тәсілдерін қалыптастыру;
5)мүмкіндіктері шектеулі балаларды мектепте оқыту үшін бастапқы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
6)балаларға тамақтану мен медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет