3- дәріс. Қазақстан Республикасындағы ерекше білім беруді қажет ететін балаларды Мемлекеттік қолдау көрсету жүйесі Миға шабуыл «Инклюзивті білім беру»



бет3/3
Дата27.09.2023
өлшемі17,12 Mb.
#111054
1   2   3
Байланысты:
Дәріс-3 18.09.23

Оңалту орталығы
Орталық туылғаннан он сегіз жасқа дейінгі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерге арнайы жеке түзету - дамыту бағдарламаларды іске асыратын арнайы білім беру, кешенді психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсететін ұйымдарының бірі болып табылады.
Оңалту орталығы ең алдымен әр түрлі себептермен түзету көмегін басқа арнайы білім беру мекемелерінен ала алмайтын, ақыл-ойында және психикалық дамуында ауыр және терең бұзылуы бар балаларға көмек көрсетеді.
Оңалту орталығының негізгі міндеттері:
1) сөйлеу тілінде, есту, тірек-қозғалыс аппаратында бұзылуы, оқып-үйрену, қарым-қатынас жасау мен жүріс-тұрысында қиындықтары бар балалар мен жасөспірімдерге психологиялық түзеу мен оңалту түрінде кешенді психологиялық-медикалық-педагогикалық көмек көрсету;
2) мамандардың пәнаралық тобымен (командалық бағалау) балаға қатысты мәселелерді кешенді оқып-үйрену және баланың медициналық, психологиялық, педагогикалық түзету көмекке деген мүмкіндігі мен қажеттілігін анықтау;
3) баланың дамуының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, жеке дамыту бағдарламасын әзірлеу және жасап шығару;
4) жеке, топтық сабақ түрінде түзете-дамыта жұмыстарын жүргізу;
5) отбасы жағдайында даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) ақыл-кеңес беру және оқыту.
Орталықта әртүрлі сала мамандары жұмыс істейді: арнайы педагогтар (олигофренопедагогтар, сурдопедагогтар, логопедтер), педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, массажист, дене шынықтыру нұсқаушысы, медбике, дәрігер-невропатолог, дәрігер-психиатр. Өз салаларында барлығы жоғарғы білімді мамандар.
Әр қабылданған баланың психофизикалық жағдайына қарай топтық бағалау құру үшін, мамандар ұжымының кешенді тексеруінен өтеді. Әр маман бала жағдайын өз саласы бойынша тексереді, баланы бақылау кезіндегі ақпараттарды жинайды және балаға түзету көмегін көрсету бағыты мен әдісін бірге талқылайды. Бұған баланың денсаулығын тексеру, жетекші іс-әрекет түрлерінің даму деңгейін табу, танымдық және жеке эмоционалдық сферасын, баланың әлеуметтік даму жағдайын, тілдік дамуын, ойын және білім қорын анықтау кіреді.
Мамандар ұжымы бала жағдайын бірлесіп талқылау нәтижиесі бойынша түзету дамыту жұмысының бағытын анықтайды және түзету іс-шарасының жоғарғы нәтижиесіне жету үшін жеке дамыту бағдарламасын құрайды (ЖДБ). Жеке дамыту бағдарламалары балалардың жас ерекшелігіне, қажеттілігіне қарай құрылып, топтық, жеке жұмыстары түрінде жүзеге асырылады.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет