3 – СӨЖ
Жиынтық бағалауды жүргізудің ерекшеліктері (Өзіндік жұмыс арнайы кесте арқылы)
Жиынтық бағалауды жүргізу
Білім алушылардың оқу жетістіктерін объективті және нанымды бағалау жүйесі білім берудің ажырамас бөлігі болып табылады. Бағалау жүйесі, білім беру сапасын анықтайтын оқыту жетістіктерінің өлшемі және проблемаларының диагностика болып табылады.
2017-2018 оқу жылынан бастап еліміздегі 5-ші сыныптар білім берудің жаңартылған мазмұнына және бағалаудың жаңа жүйесіне ауысады.
Бағалаудың жаңа жүйесі, білім алушылардың оқу жетістіктерін алдын-ала белгілі критерийлерге сәйкес бағалауға және білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерінің оқытудың жоспарланған мақсаттарына сәйкес деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жерде, білім алушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;білім алушының жетістіктері басқа оқушылардың жетістіктерімен емес, білім алушыларға алдын-ала белгілі эталонмен (өте жақсы орындалған жұмыс үлгісімен) салыстырылады.
Оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізу білім алушылардың оқу жетістіктерін объективті бағалау және әрбір оқушының жеке оқу траекториясын анықтау үшін керек.
Критериалды бағалау, білім алушылардың оқу жетістіктерін, процеске қатысушылардың бәріне алдын-ала белгілі білім мазмұнына және мақсаттарына сәйкес нақты анықталған, ұжымдық өндірілген критерийлермен салыстыруға негізделген.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі оқу пәнінің мақсаттары мен міндеттеріне, пән бойынша оқу бағдарламасын оқытудағы күтілімді нәтижелерге сәйкес құрастырылады.
Оқытудың үлгерімі және оқу жылы барысында білім алушылардың оқудағы алға басуы туралы мәліметтер жинау үшін екі түрлі бағалау іске асырылады: қалыптастырушы бағалау (ҚБ) және жиынтық бағалау (ЖБ).
Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау мектепішілік бағалауды құрады.
Сонымен бірге, білім алушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады; білім алушының жетістіктері басқа оқушылардың жетістіктерімен емес, білім алушыларға алдын-ала белгілі эталонмен (өте жақсы орындалған жұмыс үлгісімен) салыстырылады.
Критериалды бағалау жүйесі 5-ші сыныптарда тарауда, тоқсанда және оқу жылында қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қамтиды. Жиынтық бағалау білім алушылардың білім игерудің деңгейі мен қалыптасқан дағдыларды анықтау үшін тарау, тоқсан аяқталғанда және тарау, оқу тоқсаны соңында қолданылады.
Жиынтық бағалау бірнеше қызмет атқарады:
- білім алушылардың мемлекет бекіткен стандарттағы біршама жетістіктерін және жеке оқушының, мектеп сыныптарының үлгерімін, олардың дайындық деңгейін және мұғалімнің жұмысының сапасын белгілейді;
- білім беру процесіне қатысушылардың барлығының арасындағы мазмұнды байланысты көруге, нақты сыныпта, нақты білім алушы үшін білім беру процесінде бәрі дұрыс-бұрыс екенін көруге мүмкіндік береді (ақпараттыдиагностикалық).
2.Бағалаудың жаңа жүйесін енгізу нәтижесінде оқушының үрейлігі төмендейді, мұғалім білім алушының кеңесшісі, көмекшісі болады.
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында енгізіліп отырған жетістіктерді бағалаудың жаңа жүйесі, білім алушылардың оқу жетістіктерін объективті бағалауға, әрбір білім алушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оның жеке басының даму траекториясын анықтауға мүмкіндік береді, сонымен бірге білім алушының іскерліктер мен дағдыларды дамытуына ынтасын, оқыту мен оқудың сапасын көтереді. Бағалаудың жаңа жүйесінің артықшылығы болып, білім алушының жұмысы оған алдын-ала белгілі бағалау критерийлері бойынша тексерілуі және олардың нақты оқығаны үшін қойылуы болып табылады, себебі бағалау критерийлері нақты оқу мақсаттарын көрсетеді.
Мысалы, 5-ші сыныпта «Жаратылыстану» пәні бойынша бірінші тоқсанда оқытудың 2 мақсаты бөліп көрсетілген:
Біріншісі бойынша, мұғалім отбасындағы адамдардың өзара қарымқатынас сипатын түсінуін бағалайды, соның ішінде этикалық сезімдердің дамуы, ізгі ниеттілік және эмоциялық-адамгершілік елгезектік, басқалардың сезімдеріне түсінушілік және уайымдау тұрғысынан.
Екінші мысалда, мұғалім бағалау кезінде топтық жұмысты, білім алушылардың қадағалауларын, суреттерін, скетчтерін, жұмыс дәптерлерін қолдана алады.
Критериалды бағалау жүйесі мұғалімге өздігінен сапалы нәтижелер алуға жағдай жасайтын критерийлерді құрастыруға және әрбір оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке басының траекториясын тұрғызуға, және де бағалаудың әртүрлі құралдары мен тәсілдемесін қолдануға мүмкіндік береді.
Білім алушылар бағалаудың жаңа жүйе аясында ойлау іс-әрекетінің әртүрлі типін және қабілеттерін, түсінігін көрсетуде, оқудағы өзінің нәтижелерін жобалауда, өзін және құрбыластарын рефлексиялауға қатысуда, және де алған білімін нақты міндеттерді шешу үшін қолдана алады.
Ата-аналар туралы айтатын болсақ, бағалаудың жаңа жүйесінің артықшылықтарын, тағы да бөліп көрсете аламыз, ата-аналар өз баласының оқығандық деңгейінің объективті дәлелін көреді, бала оқуындағы прогресті қадағалай алады және оқу барысында баласына қолғабыс көрсете алады.
Ең маңыздысы, бағалаудың жаңа жүйесімен балаға сыныпта және мектепте жайлы болатынына сенімді боламыз.
Білім алушылардың оқу бағдарламаларының мақсаттарына жетуі білім алушылардың дағдыларын қалыптастырады. Дағдыларды нақты бағалау критериалды бағалаудың негізгі аспектісі.
Төменгі кестеде оқу бағдарламасына енгізілген дағдылар берілген, және олардың дамығаны мен қалыптасқан дәрежесін қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |