3 – СӨж жиынтық бағалауды жүргізудің ерекшеліктері (Өзіндік жұмыс арнайы кесте арқылы) Жиынтық бағалауды жүргізу


Кесте Білім алушылардың ойлау іс-әрекеттері дағдыларының қалыптасуын бағалау



бет2/4
Дата31.12.2021
өлшемі20,17 Kb.
#23159
1   2   3   4
2 Кесте Білім алушылардың ойлау іс-әрекеттері дағдыларының қалыптасуын бағалау



Білу

Нақты фактілерді , ақпаратты және оның сипаттамасын біледі және айтып береді.

Түсіну

Түсінігін дұрыс көрсету арқылы жаңғыртады, ақпаратқа болжам немесе деректі түсінік береді. Қолдану Бұрында алған білімі мен ақпаратты жаңа немесе бейтаныс мәнмәтінде немесе жағдайларда қолданады. Сыни ойлау Ақпараттың немесе идеялардың маңыздылығы мен анықтығы туралы пайымдау немесе әртүрлі көзқарас жолымен қарастыруы қалыптасқан

Талдау

Ақпараттық материалдарды құрастырушы бөліктерге бөлу қабілеті, себебін немесе дәлелін анықтау арқылы ақпаратты әртүрлі қорытындылар алу үшін зерделеу, ой қорытындысын және/немесе жалпы ережелерді дәйектеу үшін дәлелдемелердің шешуін таба біледі

Жинақтау

Бұрында алған білімдердің әртүрлі бөліктерін жаңа мәнмәтінде қайта жаңғырту қабілеттерін көрсетеді.

Бағалау

Идеялар мен фактілердің маңыздылығы туралы белгілі бір критерийларға қарап пайымдауы қалыптасқан.

Коммуникациялар

Өз қызығушылығы мен көзқарасын негіздеу арқылы, адамдармен өзара әрекеттестік пен өзара келісу, басқа адамдардың көзқарасы мен қызығушылығын қабылдай алу қабілеттері.

Тыңдалым арқылы коммуникациялар

Оқу бағдарламасы аясында әртүрлі тақырыпқа айтылған ауызша пікірлердің мазмұнын түсінуі және ондағы кілтті ақпаратты бөліп көрсетуі; сөйлеушінің пікірін танып білуі; сөз мағынасының мәнмәтінін анықтауы; оқушының деңгейіне сәйкес, әртүрлі стратегия қолдану арқылы әртүрлі тұрпаттағы мәтін мазмұнын түсінуі, қабылдауы;

Тілдік пәндер бойынша сөйлеу әрекетінің 4 түрі бағалануы тиіс екенін есте сақтау қажет: тыңдалым, айтылым, жазылым және оқылым.

Білім алушылардың жетістіктерін бағалауда маңыздысы, жиынтық бағалауды жүргізгенде мұғалімдер мен білім алушылардың бағалау критерийлерін біркелкі түсінуі. Осы жағдайда білім алушыларды бағалау критерийлерімен жиынтық бағалауды өткізер алдында таныстыру керек және туындаған сұрақтарды талқылау керек. Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі. Тиянақтау процесінде білім алушының оқу бағдарламасына сәйкес біліктілігі мен дағдыларын көрсететін дәлеледерді жинақтау жүзеге асырылады. Әдістемелік әзірлемеде білім алушылардың тарауды/тоқсанды және оқу жылын аяқтағанда игерілген білімі мен қалыптасқан дағдыларының интегралды деңгейін анықтау үшін жиынтық бағалауды қолдану бойынша ұсыныстар берілген. Білім алушылардың дайындық деңгейі әрбір білім беру аясының ерекшелігін ескере отырып нұсқаланған, оқытудың күтілімді нәтижелері арқылы анықталады. Мұғалімге оқу жылы және тоқсан бойынша жиынтық жұмыстардың саны берілген (4- кесте) және де 5-ші сыныптарға арналған оқу пәндері бойынша жиынтық бағалаудың ең жоғары балл саны берілген (5-кесте) кестелері ұсынылады
Бүгінгі  таңда  елімізде  білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Бұл әлемдік тәжірибе еліміздің барлық мектептерінің бірінші сыныптарына енгізілді.

Білім және ғылым министрлігі жаңаша білім мазмұнына кезең-кезеңімен көшу жұмыстарын бастады. Білім беру жүйесіне енгізілетін реформа, ең алдымен, оқушыларға сапалы білім беруді, болашақта олардың әлемдік бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етуді көздейді.

Оқытудың пирадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты — білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

Ата-ана үшін де бұл бағдарлама бір жағынан қорқыныш тудырса, екінші жағынан қызығушылық та тудырып отыр.Ата-аналар мәжілістерінде әр оқушының қалыптастырушы бағалау нәтижесіне есеп беру арқылы таныстырудың өзі ата-ана мен мұғалімдердің арасында ынтымақтаса жұмыс жасауға ықпал ететіндігін көрсетуде. Кері байланыс парақшасынан алған мәліметтерін,жазған ұсыныстарына қарай отырып, ата-ананың бағдарлама мақсатын түсінгендігін байқауға болады.

Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериальды бағалау жүйесіне көшті. 

Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсіл мен бағаланады: қалыптастырушы бағалаужәне жиынтық бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет