3 -тарау. Дарындылық психологиясының теориялық қағидалары


Интеллектуалдық қабілетті зерттеуге арналған Айзенк тестілері



бет14/22
Дата06.10.2023
өлшемі455 Kb.
#112998
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Интеллектуалдық қабілетті зерттеуге арналған Айзенк тестілері.
Интеллектуалдық қабілеттілікті зерттеуге арналған Айзенк тесті сегіз субтестерден тұрады. Олардың бесеуі адамның жалпы интеллектуалдық даму деңгейін бағалауға арналған: лингвистикалық, математикалық, техникалық, дизайн, көркем-бейнелі және көрнекі-логикалық ойлау көрсеткіштерін бағалау үшін, ал үшеуі-арнайы қабілеттерінің даму сатысын зерттеуге арналған. Субтестердің әрқайсысы жеке-дара орындалады, немесе барлық тапсырмаларды орындау фрагментарлық түрде жүргізіледі. Бұл кітапта вербалдық және математикалық субтестері берілген.
Лингвистикалық қабілетті анықтауға арналған Айзенктің сөздік (вербалдық) субтесті.
Мақсаты: жасөспірімдерден бастап үлкендерге дейінгі жас кезеңіндегілердің сөздік интеллектін және шығармашылық қабілеттін зерттеу.
Вербалдық субтест сөздік интеллектіні немесе логикалық ойлау процесін зерттеуге арналған. Тесте анаграммалар кеңінен қолданылған. Анаграмма дегеніміз ретсіз жазылған әріптер жинағы. Оны шешу үшін берілген әріптердің орындарын ауыстырып қою арқылы мағналы сөз шығару керек. Сонымен қатар көптеген сөздердің ортақ жүрнағын, жалғауын т.б. бөліктерін дұрыс табу арқылы шешілетін тапсырмалар келтірілген.
Субтесте бірте-бірте күрделенетін 50 тапсырма берілген. Қабілекттіліктің даму деңгейін бағалау белгіленген уақыт ішінде дү-рыс шешілген тапсырмалардың жалпы санын орындаудың норма көрсеткішімен салыстыру жолымен жүргізіледі. Олардың ережесі: «Сіздерге 30 минутта шешуге 50 тапсырма берілген. Тапсырмаларды көп ойланбай тез орындау қажет. Егер субтестің қандайда бір тапсырмасы тез орындалмаса, оны өткізіп жіберіп, келесісін орындаңыз. Уақыт қалса тастап кеткен тапсырмаға қайта оралуға болады».
Нәтижелерін бағалағанда берілген уақытта дұрыс орындалған тапсырмалардың жалпы саны ғана есепке алынады.


Мәдени-еркін интеллкт тесті
Интеллектуальдықтың даму деңгейін анықтауға арналған, қоршаған орта факторларының әсерінен тәуелсіз (мәдениет, білім және т.б.), «таза» интеллектілік. 1958 жылы Р.Кэттелл дайындаған. Бүл тест үш вариантта жүргізіледі.
а). 4-8 жастағы балалар мен ақыл-есі артта қалған ересектерге; б). 8-12 жастағы балалар мен жоғары дәрежедегі білімі жоқ ересектерге (екі паралелді формасы бар А және В);
в). жоғары класс оқушылары мен студенттерге және жоғары білімді ересектерге (екі паралелді формасы А және В).
Тестің бірінші варианты 8-субтестен түрады, оның төртеуі автордың қарастырған «мэдениет ықпалынан еркін» тесті: 1). «орналасу»; 2). «жіктелуі»; 3). «аталған пәндерді таңдау»; 4). «лабиринт»; 5).«бөлшектері кем картинкалар»; 6). «тапсырмалардың орындалуы»; 7).«жұмбақтар»; 8). «ұқсастылығының анықталуы». Барлық тапсырмаларды орындалу уақыты 22 минут.
Екінші, үшінші варианттар 4 субтестен құралып, тек деңгейлерінің қиындықтарымен ерекшеленеді.
- фигураның қатар бойынша орналасу заңдылықтардың өзгеруі;
-«Классификация»-фигураның жалпы көрінісімен ерекшеленеді;
- «матрицалар»-фигураның комплект бойынша толықтырылуы;
- «шарт»- фигураны алғашқы анықталған орындарына орналастыру (берілген бейнелердің ішінен белгілі бір суретті таңдап соны бір нүкте бойынша бақылауы шарт).
Берілген тапсырмаларды орындау уақыты 12 минут. Мэдени-еркін интеллект тесті өзімен бірге жылдамдылықты қажет етеді, бірақ орындау уақыты шектелген түрде қолданылуы мүмкін. Тестің 2 және 3 варианттарының қорытынды бағалары таблица көмегімен процент ретінде анықталады. Р.Кэттел бүл тесттен жалпы қабілеттерді де өлшеген. Кэттелдің пікірінше, түрлі мәдени тапсырмалардан алынған мэдени-еркін интеллек тестің көмегімен алынған мэдениеттерге, толығымен өзімен сәйкестенеді.

Векслердің интеллектіні өлшеу шкаласы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет