3 -тарау. Дарындылық психологиясының теориялық қағидалары


Эксперименталды зерттеу мақсаты



бет6/22
Дата06.10.2023
өлшемі455 Kb.
#112998
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
dip -daryndy-bastauysh-synyp-oqushylarynyn-daryndylygyn-zertteu

Эксперименталды зерттеу мақсаты: бастауыш мектеп оқушылары дарындылығының психологиялық ерекшеліктерін бейімделген өңделген әдістемелер көмегімен анықтап айқындау.
Эксперимент бөлімінің міндеттері:

  1. Эксперимент әдістемелері жөнінде тиісті әдебиеттерді оқып, терең талдау.

  2. Бастауыш сынып оқушыларына арналған әдістемелер кешнін іріктеп талдау.

  3. Бастауыш мектеп оқушылары дарындылығын анықтайтын әдістемелерді қазақ тіліне бейімдеп аудару.

Әдістеме атауы: Е.Е. Туниктің дарындылықты анықтау негізіндегі шығармашылық ойлауды зерттеу әдістемесі.
Мақсаты: Шығармашылық ойлаудың түрлі көрсеткіштерін - сөздік-шығармашылық ойлау, көрнекі-бейнелік ойлауды бағалау, дарындылықтың негізін анықтау.
Шығармашылық ойлау бағасының көрсеткіштері:
 ой жүйріктігі (жеңілдігі, өнімділігі) - бұл шығармашылық ойлаудың жүйріктігін сипаттайды.
 ой икемділігі - тез ойлауға көшуге сипаттайды.
 ой ерекшелігі - ойдың даралығын білдіреді.
 ойдың нақтылығы - шығармашылық ойлаудың логикалылығын, бірдйлігін, дұрыс шешімге келуді білдіреді.
Алынған нәтижелер сандық және сапалы талдауға, математикалық-статистикалық өңдеуге дайындалды.
Әдістемелік зерттеу нәтижелері.
Зерттеу зорлық-зомбылықсыз, ішкі қалау ниеті жағдайында өтті. Көптеген балалар өте үлкен ниетпен жауап берді.
1-ші субтест. Газетті қолдану. (вербалды сала).
Бұл тест бойынша кейбір балалар қиналды. Жиі кездесетін жауатар мынандай болды: «шапка, ұшақ жасау, газетті жамылу, астыға төсеу, оған бірнәрсе орау тағы басқа ерекше болған жауаптар: «палатка етіп, ойынға қолдану және газет коллекциялау пакеттерді жапсыруда қолдану».
Өте көп ұпайлар санын Марат (35), Гүлнәр (33) жинады.
2-ші субтест. Қорытынды.
Бұл тестке де көп балалар қиналды орташа алғанда 3 минут ішінде 3 жауап берілді. 0-ден 5 жауапқа дейін берді. 75 жауап берілді.
Жиі кездесетін жауаптар: «адамдар мен аңдар бір-бірін түсініп, әңгімелесетін болады. Бір-біріне қонаққа барып, көмектесетін болады».
Ал ерекше деп танылған жауаптар: «Аңдар олимпиадаларға қатысатын болады, ғылымды алға жылжытатын болады, теледидар құрайды, адамдармен бірге оқып - өмір сүретін болады».
Жоғары нәтижені Алмас пен Ринат көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет