Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Таза болса табиғат,аман болар адамзат.
Мақсаты: Оқушылардың «табиғат», «денсаулық» құндылықтары және «табиғатқа қамқорлық» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: -табиғатпен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін қалыптастыру;
- денсаулығын күту іскерліктенір дамыту ;
- табиғатты, халқын сүюге, денсаулығын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, үнтаспа,плакаттар,кеспе қағаздар,суреттер.
Әңгімелесу.
*Табиғатқа өз қарым – қатынастарыңды қалай білдіресіңдер ?
*Таза ауа, су, топырақтың адам денсаулығына қандай пайдасы бар ?
* Табиғатты неліктен «Жер - анаға» теңейді ?
* Адамның табиғатқа , табиғаттың адамға қандай пайдасы бар ?
Жаңа ақпарат. Тазалық болған жерде ағаштар да, гүлдер де жайқала өседі.Тазалықтан кейін табиғатқа сұлулық керек ол үшін ағаштар мен гүлдер егеміз.Табиғат тазалығын сақтау – адамның өз өмірінің қауіпсіздігін сақтау деген сөз .Сондықтан адам мен табиғат арасындағы қатынас ізгілік пен үйлесімділікке құрылуы шарт.Барша байлықтардың анасы – Жер .Жерді күтіп – баптай білу оның қойнауынан қазба байлықтарын игеріп ала білу табиғат пен қоршаған ортаны түлетіп гүлдендіре беру өз қолымызда.Табиғат тартылысы,құбылыстары тіршілігі – оның тынысы табиғат деп аталады.Олардың барлығы адам жанына саулық береді. Жан саулығы – денсаулық негізі . «Табиғат тазалығы – адамзат амандығы» екенін естен шығармау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |