ТарМПИ – Қазақстанның
жетекші ЖОО сапында
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Медиа
саласындағы саясаты оң жолға қойылған. Өткен оқу жылында
«Monitoring» зерттеу тобының жүргізген сараптамасы бойынша
институт республикалық БАҚ беттеріндегі ақпараттардың
жариялану жиілігі бойынша ҚР жоғары оқу орындары арасында
алдыңғы сапқа шықты. Ал, ағымдағы оқу жылының 3 айында
ТарМПИ туралы халықаралық, республикалық, облыстық
ақпараттық порталдар мен сайттарда – 152 ақпараттық, имидждік
мақала, республикалық, облыстық газет-журналдарда – 34 түрлі
жанрдағы жарияланым, республикалық, облыстық телеарналарда
– 17 телесюжеттер мен бағдарламалар берілді.
Ақпараттық насихат – оң
имидж кепілі
Ағымдағы жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының
студенттерінен құралған 7 команда республикалық пән олимпиадаларында
жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Химия»
пәндері бойынша Гран-Приді иемденді. Ал, Абай атындағы ҚазҰПУ-
де жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «Тарих» мамандығы
бойынша VII республикалық пәндік олимпиадасында I орын және
«Музыкалық білім» мамандығы бойынша YII-ші Республикалық студенттік
пәндік олимпиадасында Өнер және мәдениет факультетінің студенттері I
орынды қанжығаларына байлады.
ТарМПИ студенттері – «жүзден –
жүйрік, мыңнан – тұлпар»
Филология факультетінің студенті Нұрділдә Ералиев
кикбоксингтен ҚР чемпионатының 6 дүркін жеңімпазы атанып,
2015 жылы Эстонияда өткен WAKO BALTIC OPEN турнирінде
алтыннан алқа тақты. Ал, Өнер және мәдениет факультетінің 1
курс студенттері Дінмұхаммед Қазыкеев Грек-рим күресінен,
Арайлым Шегенова самбодан жасөспірімдер арасындағы
халықаралық турнирде жеңіс тұғырынан көрінді. Сонымен
қатар, Антонина Тарасова қол күресінен өткен ашық Азия
біріншілігінде қарсылас шақ келтірмеді.
Институт мерейін тасытқан
спортшылар
Институттың 3 оқытушысы, атап айтқанда педагогика
ғылымдарының докторы Клара Бұзаубақова, физика-математика
ғылымдарының кандидаты Темірхан Бижігітов және педагогика
ғылымдарының кандидаты Махаббат Оспанбаева «Жоғары оқу
орнының үздік оқытушысы» атағының иегері атанды. Сондай-ақ,
физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Мұсахан
Мұратбеков Қазақстанның ТОП – 50 мұғалімінің сапына енді.
Білікті ұстаз білімді шәкірт
тәрбиелейді
ТАРМПИ LIFE
5
Институтының Ғылыми кітапханасында жаңа кітаптардың көрмесі өтті
НYРЛЫ
НYРЛЫ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫК ИНСТИТУТЫ
ЖОЛ
ЖОЛ
№ 3 (03)
30 қараша, 2015
жыл
дүйсенбі
ҒЫ 10 ОҢ ӨЗГЕРІС
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты көпшілік көп
қолданатын әлеуметтік желілерде өз парақшасын ашты. Бұл
бастама өз кезегінде аталған оқу орны туралы дұрыс әрі нақты
ақпарат алуға мүмкіндік тудырмақ. Атап айтқанда ТарМПИ-дың
Twitter, Instagram, Facebook және Vkontakte әлеуметтік желілерінде
арнайы парақшалары бар. Мұнда оқу орнындағы жаңалықтар,
хабарландырулар және өзге де қызықты фактілер тұрақты түрде
әрі дер кезінде жарияланып тұрады. Алдағы уақытта YouTube
порталында ТарМПИ арнасын ашу жоспарланып отыр. Аталған
видеохостингке институт видероликтері салынады.
Институт – әлеуметтік
желілерде
Ағымдағы жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының
студенттерінен құралған 7 команда республикалық пән олимпиадаларында
жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Химия»
пәндері бойынша Гран-Приді иемденді. Ал, Абай атындағы ҚазҰПУ-
де жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «Тарих» мамандығы
бойынша VII республикалық пәндік олимпиадасында I орын және
«Музыкалық білім» мамандығы бойынша YII-ші Республикалық студенттік
пәндік олимпиадасында Өнер және мәдениет факультетінің студенттері I
орынды қанжығаларына байлады.
Тараз
мемлекеттік
педагогикалық
институтында бастау алған «Ұлы Жібек
жолы бойындағы келелі сұхбат» жобасының
мақсаты – есімі елге белгілі тұлғалармен, зиялы
қауым өкілдерімен кездесу өткізіп, жастармен
жүздестіру. Бұған дейін аталған жоба аясында
бірқатар ғалымдар мен жазушылар, өнер
қайраткерлері оқу орнында болды.
ТарМПИ студенттері – «жүзден –
жүйрік, мыңнан – тұлпар»
Ұлы Жібек жолы
бойындағы келелі
сұхбат
Бүгінде оқу орнында 6 лабороториялық пән кабинеттері бар.
Олардың барлығы да заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз
етілген. Химия, биология зертханалары студенттерге теория мен
тәжірибені ұштастырып, білімдерін тереңдетуге зор мүмкіндік
бермек.
Заманауи зертханалар
ашылды
Пайдалануға берілгеніне көп уақыт бола қоймаған
жылыжайдың қызығы да берер пайдасы мол. Соңғы
технологиямен жасалған жылыжайда студенттер
түрлі тәжірибелер жасап, өз мамандықтары бойынша
барынша
машықтануда.
Нысан
пайдалануға
берілгенде онда алғаш қызанақтың махитос, қиярдың
түрлі сұрыптары отырғызылған. Бүгінге дейін мұнда
жүзден аса жас тәжірибе жинақтап үлгерген.
2015 жылдың 1 қыркүйегінен
бастап
«Нұрлы
Жол»
жалпы
институттық газеті жарық көре
бастады. Басылымның басты мақсаты
– институттағы қызметкерлерді,
оқытушылар
мен
студенттерді
ғылыми,
қоғамдық,
мәдени
жаңалықтармен, факультеттерде өткен
шаралармен, жаңа оқулықтармен,
оқу-әдістемелік
құралдармен,
монографиялармен, сонымен қатар
студенттің
мамандық
игерудегі
жаңа көркем шығармашылықтағы
табыстарымен таныстыру. Сондай-
ақ, институттағы жазуға бейімі бар
студенттердің
шығармашылығын
арттыру һәм қолдау көрсету. «Нұрлы
Жол» газеті негізінен жастарға
арналған басылым. Алдағы уақытта
еліміздің қабырғалы қаламгерлері
үшін нағыз журналистиканың мектебі
болады деген үкілі үміт бар. Редакция
газеттің республикалық мәртебесі
артуы
үшін
оқырмандарымен
тығыз байланыста болуға, газет
материалдарының мазмұндық деңгейі
мен көркемдік безендіруін көтеру
міндетін алға қояды.
Студенттердің
жылыжайы
«Нұрлы Жол» – жастардың «көзі, құлағы һәм тілі»
6
РУХАНИЯТ
НYРЛЫ
НYРЛЫ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫК ИНСТИТУТЫ
ЖОЛ
ЖОЛ
№ 3 (03)
30 қараша, 2015
жыл
дүйсенбі
ТАРМПИ СТУДЕНТІ ОҚУЫ ТИІС 100 КІТАП
ӘДЕБИЕТ
Педагогика факультетінің ұйымдастыруымен дуальдік оқыту жүйесіне арналған
облыстық семинар-тренинг өтті
«Жусан иісі» – халықтың соғыстан кейінгі тұрмысы мен
қазақ ауылының, замандастарының тыныс-тіршілігін
шынайы сомдаған повесть. Шығарма сюжеті Аян атты
жасөспірім баланың өмірінің белгілі бір кезеңінде болған
оқиғалар. Әкесі соғыста, анасы жоқ, жалғыз әжесі қайтыс
болып, соғыстан ағасын күткен. Жазушы Аянның ішкі
болмысынан, тайған тобығының азабынан да ауыр жан
жарасынан таратып баяндайды. «Жусан иісі» повесі қазақ
әдебиетінің көркемдік көкжиегін кеңейткен шығарма.
Авторы – жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сайын Мұратбеков.
Хикаят туралы қазақтың талантты жазушысы Қалихан Ысқақ былай деп пікір білдіріпті: «Алыста
қалған балалық шағым… Көзімді сәл жұмсам-ақ: шуылдаған балалардың ең соңында сол аяғын
жер сыпырғандай көлденең сүйретіп, есі қалмай далбақтап жүгіріп келе жатқан Аянды көргендей
болам. Сондайда оның алқына шыққан әлсіз, жіңішке дауыспен: «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге
бүгін кешегіден де қызық ертегі айтамын» деген жалынышты үнін естимін» деп басталушы еді, бала
кезімде оқыған «Жусан иiсі» деген повесть. Авторы Сайын Мұратбеков. Шығарманы оқи отырып,
күрсінбеген, көзіне жас алмаған оқырман кемде-кем-ау. Шағын жанрдың шебері атанған жазушы
Сайын Мұратбековтiң мықтылығы да сол, оқырманын самарқау қалдырмайтын. Бірге жетелейді,
күрсіндіреді, күйіндіреді, қуандырады. Сонау қолға кітап алып, оқи бастаған шақта-ақ. Анау «Жабайы
алма», «Басында Үшқараның», «Жусан иісі», «Менің қарындасым», тағы да басқа туындыларын бас
алмай қайталап оқи беруші едім. Бөлек дүние-тұғын».
Повесть 4 бөлімнен тұрады. І бөлімде кішкентай Аян жастайынан шешесінен айырылып, әжесімен
бірге бір ауылға көшіп келеді. Осы ауылдың балалары ойнап жүріп жаңа баланы кездестіреді.
Балалар Аянмен тез достасып, Аян екінші атаман атанады. Ол ақкөңіл, ақылды бала болған. Негізі ол
ешкіммен төбелеспейтін бала еді. Бірақ бір күні Есікбай Аянға өзі тиісіп, төбелесе бастады. Бәрібір
соңында Аян барлық күшін жинап, жеңді. Аян мектепте де өзінің зеректілігін бірінші күннен бастап
көрсетеді. Ол ең бірінші хат танып, балаларға көмектескен. Бірде Аян өрісте мал қайырып жүріп
тобығы тайып, одан кейін аяғы тайғыш болып қалды. ІІ бөлімде Аянның әжесінен айырылғаны,
ертегілері баяндалады. Әжесі қайтыс болғаннан кейін оны Бапай атты туысы асырап алады. Бірақ
оған дұрыс күтім жасамайды. Әжесі өмірден кетсе де, баланың қамықпауы бәрін таң қалдырады.
Балалар күнде оның ертегісін тыңдауды әдет қылдырған. Ауа райы суық болса да Аянның ертегісін
өткізуге болмайды. Ол күнде бір ертегі ойлап тауып, күннің батқанын күтіп, бәріне айтып береді. Оның
ертегісінің қызық болғаны соншалық, оның ертегісін тыңдаған балалар ертегіге кіріп кетеді. Аянның
мінезі өте қызық еді. Бірде ол тұйық мінезді, бірде өзін мүлде танымай қаласың. Ол көп ойынға араласа
бермеуші еді. Бірақ осы кеште ол бәрін таң қалдырады. Оның шанасына қанат біткендей болады.
Осыны көріп Сайын Мұратбеков онымен бірге шана тепкісі келеді. Ол үйде шанасын іздеп жатқанда,
әжесі оны ұстап алып, төсегіне жатқызады. Осы кештен кейін Аян дағдылы шана тебетін болды.
Ол балаларға ертегісін айтып, тәмәмдаған соң, біреуімізден шана сұрап, сырғанақта жападан жалғыз
түнге дейін ойнайтын болды. Бір күні барлық ауыл балалары Аянның ертегісін тыңдауға жиналғанда,
Аян көкесінің, өзінің киімінен жусанның иісі шығатынын айта бастады. Оның көңіл- күйі өте жақсы
еді. Одан соң балалар Аянға шана беру кімнің кезегі жөнінде килігеді. Аян осы түні ерекше қызықты:
бір көзді дәу туралы ертегісін бастайды. Барлық балалардың үрейлері ұшады. Сөйтіп отырғанда
шөптің арғы жағынан өрт шығады. Балалардың барлығы қора үстінен секіріп, қаша жөнеледі. Ең
соңында Аян қалып қойып, қора үстінен секіріп жатқанда аяғын ауыртып алады. Осы кезде ауыл
бригадирі Тұржан келіп, Аянды соққыға жығады. Ауыл адамдары Тұржанға наразылық білдіреді.
Осыдан кейін Аян аяғынан тұра алмай төсек тартып, жатып қалады. Біраз уақыт өткеннен кейін Аян
жазыла бастайды, бірақ ол енді бұрынғыдай мүлде ойнамайтын болады. Соңғы бөлімнің басында,
әжесі қайтыс болып, Бапайдың қолына түскен Аянға, оның досы келеді. Аян қуанып өз ертегісін
бастайды. Ертегісі «Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп басталушы еді. Бапай да, оның әжесі де
олардың әңгімесіне құлақ салмайтын. Бірақ бусанған қарт рақаттана кекіріп қоятын да «Енелеріңді
ұрайын, осы екеуінің-ақ сыбыр-күбірі бітпейді екен, ә. Қыз алып қашқалы ақылдасып жүргеннен
саусыңдар ма-ей?!» деп әзілдейді. Бір күні балалар екіге бөлініп қар атқыласып ойнамақ болды. Бұл
ойынға Аян да қатысқысы келген. Лезде жүгіре алмайтындығынан атаманның екеуі де оны алудан
бас тартты. Бұған ашуланған Аян Асылбек шалдан тобығын салып беруді сұрайды. Асылбек шал
баланың өтінішін орындайды. Бірақ, амал не, Аян мұнан кейін де тобығын тайдырып алады. Бұл –
көктем кезі еді. Сонда Аян өгіз айдап өгізден домалап түскен кезде тобығы тағы тайды. Кейін Аянды
балалар үйіне жібереді. Аян халықпен қоштасып «Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын» деп кетеді.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастыруымен аталған оқу орнының
мәжіліс залында жазушы-драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Мархабат Байғұттың «Махаббат. Мақам. Мархабат» атты шығармашылық кеші өтті. Бұл шара
еркін пікір алмасуға негізделіп, жазушының студент жастармен сырласуы, әңгімелесуі түрінде
өрбіді. Сахнаның әдеби үлгіде безендірілуі, ондағы көне орындықтар қойылған күзгі бақ секілді
сағынышқа жетелейтін сары жапырақтардың шашылып жатуы да көпшілікті ерекше әсерге
бөледі.
Жас ақын Нұрболат Жолдасбаев жүргізген әдеби жиын барысында жазушының «Бір дорба
диплом» шығармасынан қойылым ұсынылды. Студенттер сахналаған қойылымда ақын Мұқағали
Мақатаевты Зейнолла Қабдоловтың аудиторияға ертіп келген сәтінен көріністер көрсетілді. Мұны
аталған институттың 4-курс студенттері әсерлі ойнап шығып, жазушының алғысына бөленді. Жас
айтыскер ақын Дидар Апбасов домбырамен жеткізген арнауына көпшілікпен бірге Мархабат жазушы
да қол соғып, ризашылық танытты. Кеш барысында елімізге белгілі бірқатар жазушылар кеш иесінің
шығармашылығы, адамгершілік болмысы жөнінде сөз сөйледі. Мәселен, Елен Әлімжан «Мархабат
– оқырман жүрегіне әдемі енген жазушы» десе, Несіпбек Дәутаев «Мархабат Байғұт секілді саңлақ
жазушыны сақтауымыз қажет, бағалауымыз керек» деді. Белгілі әдебиет сыншысы Бекен Ыбырайымов
кеш иесін «Бүгінгі қазақ әдебиетіндегі санаулы суреткер жазушы» деп бағалады. Академик Мекемтас
Мырзахметұлы, әдебиеттанушы ғалым Гүлзия Пірәлі де жазушының шығармашылығы, қайраткерлігі
жөнінде жақсы пікір білдірді. Сондай-ақ, жастармен жүздесуге келген жазушының интернатта
бірге өскен құрдасы Әмірхан Дауылбаев қаламгердің бала күнінен сыр шертсе, кәсіпкер Қатира
Аққұлиева жастарды әдебиетті жақсы көруге, М.Байғұт секілді шебер жазушылардың шығармасын
оқуға шақырды. Кездесу соңында жазушы Мархабат Байғұт өзімен кездесуге уақыт бөлген қаламгер
достарына, көпшілікке, кешті ұйымдастырған институт басшылығына, ұстаздарына, студент жастарға
алғысын білдірді. Сондай-ақ, өзінің университетте бірге оқыған курстасы, ТарМПИ-дің доценті
Сейсекүл Исматоваға студенттерді жұмылдырып, осындай әдемі кештің өтуіне себепкер болғаны үшін
рахметін айтып, институтқа жаңа кітаптарын тарту етті.
Қайсыбір тіршілік иесі болмасын жақсы яки алаңсыз өмір сүру үшін ең алдымен салауатты
өмір салтын дұрыс жолға қою маңызды рөл атқарады. Бұл дағды мектеп кезінен қалыптасса
нұр үстіне нұр. Әсте, шәкірт жастағы баланың бойына бұл әдетті қалыптастыру үшін үлкен
септігін тигізетін бірден-бір жан – ұлағатты ұстаз.
Жоғарыда аталған мақсатты негізге ала отырып, қараша айының 3-жұлдызында Педагогика
факультетінің оқытушысы Ошақбаева Жансаяның Филология факультеті қазақ тілі және қазақ әдебиеті
мамандығында білім алып жатқан КЯ 13-1 тобының студенттерімен «Тәрбие теориясының әдістемесі»
пәнінен ашық сабақ өтті. Бұл сабақтың құрылымы үш бағытта қамтылды. Бірінші бағыты салауатты
өмір салтын қалыптастыру. Екінші бағыты еңбек күн тәртібі мен демалысты ұйымдастыру әдістемесі
болса үшінші қарастырылған мәселе кикілжіңнің алдын-алу және оларды жеңудің педагогика-
психологиялық әдістемесі. Аталған бағыттар бойынша студенттер тақырыпты барынша кеңінен
ашуға тырысты. Мәселенің қыр-сырына үңілу үшін сан түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланылды. Мәселен,
студенттер Кембридждік әдіс бойынша үш топқа бөлінді. Жоғарыда аталған салауатты өмір салтын
қалыптастыру бағыты бойынша бірінші топ студенттері тақырыпты презентация арқылы түсіндіріп,
ғалымдардың пікірін өзге топтағылармен бірге талдады. Ал, еңбек күн тәртібі мен демалысты
ұйымдастыру әдістемесі бағыты бойынша, екінші топ студенттері тақырыпты кеңінен түсіндіре келе,
өзге топтарға шәкірттердің, студенттердің және оқытушылардың күн тәртібін жасата отырып, үшеуінің
жас ерекшеліктеріне байланысты сараптама жүргізілді. Үшінші топ мүшелерінің кикілжің және оны
жеңу мәселесін ашу барысында тақырыпқа байланысты шағын отбасылық көрініс құрылды. Мұнда
шиеленіскен кикілжің мен оны жеңу барысындағы образдар сомдалып, мәселеге өзге топтар арасында
пікірталас жүргізілді. Біз үшін бұл сабақтың айтары мол, тағылым толымды болды.
Ұлдана СӘРСЕНБАЙ,
Филология факультетінің 3 курс студенті
Либерализмнің ең басты қағидаларының бірі – өзге адамның құқығын сыйлау. Ағылшындар мұны
«Your rights end where my rights begin» десе, орыстар «Права человека кончается там, где начинается
права другого человека». Саналы қоғам құру үшін әрбір қазақстандық осы қағиданы ұран етуі тиіс.
«ЖУСАН ИІСІ»
ПОВЕСІ
БІЗ АЙТСАҚ...
ҚОҢЫР КҮЗДЕГІ КЕЗДЕСУ
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН САҚТАЙЫҚ!
ЗЕРДЕ
7
ТарМПИ құрама командасы облыстық спартакиадада жеңімпаз атанды
№ 3 (03)
30 қараша, 2015
жыл
дүйсенбі
Мне довелось принять участие на одном из мероприятий
Международного форума «Ұлы Дала Елі», посвященного 550-летию
Казахского ханства, прошедшего в ТарГУ имени М. Х. Дулати. Это
Международный круглый стол «Беседы на Шелковом пути» под
руководством культуролога и общественного деятеля Мурата Ауэзова.
Участники «Бесед» собрались в юбилейный, 10-й раз (они проходят раз
в год в различных регионах Казахстана и стран Центральной Азии (ЦА).
Целью данного проекта является укрепление всесторонних
связей между странами и народами центральноазиатского
региона. Международный проект реализуется по инициативе
М.М.Ауэзова и направлен на дальнейшее развитие
и сохранение общекультурных и общеисторических
ценностей и наследия Великого Шелкового пути в контексте
межкультурного диалога. Тема прошедших «Бесед на
Шелковом пути» – «Центральная Азия: солидарность народов
региона». В течение дня прошли три дискуссии в формате
беседы на темы: «Исторический опыт солидарности народов
ЦА», «Взаимодействие народов ЦА: основные направления
сотрудничества» и «Информационное пространство ЦА в
контексте Международного проекта «Беседы на Шелковом
пути». Вступительное слово произнес М.Ауэзов, говоривший
о втором возрождении Великого Шелкового пути, о своей
принадлежности к нему, так как родился в историческом
Мерке, о заветах Алаш-Орды и едином народе Казахстана,
также было зачитано Послание Союза журналистов России.
Среди спикеров и участников дискуссий представители науки,
культуры, руководители различных этносов АНК, ректора
не только Казахстана, но и России, Китая, Узбекистана,
Таджикистана, Киргизии и др. стран. Интересным было
выступление Мынбая Д., директора Национального музея. Он
привел высказывание Конфуция: «Что такое государственный
язык? – Это традиции, традиции, традиции». В конце
выступления сделал конкретные предложения для сближения
народов ЦА: проводить совместные форумы деятелей
культуры и литературы ЦА; создать Ассоциации музеев ЦА;
организовать туристические экскурсии «Великий Шелковый
путь» для детей и юношества, выпускать альбомы, календари
о деятелях культуры, науки ЦА и др. Запоминающимся
было выступление профессора КазНУ имени Аль-Фараби
Ш.М.Надырова, члена Иранской академии наук, который в ходе своего
выступления неоднократно цитировал на языке фарси мудрые высказывания
и рубаи восточных поэтов Саади, Джами и других с переводом на русский
язык, содержание которых направлено на сплочение людей разной веры
и социального положения, осуждались раздоры и непонимание между
людьми, невежество и нетерпимость.Понравилась фраза, сказанная
оратором: «Интеллектуалы – люди тонкого наблюдения». «Круглый стол»
посетил поэт и общественный деятель Олжас Сулейменов, примкнувший
к нам после открытия монумента «Қазақ хандығы» с фигурами ханов
Жанибека и Керея, основавших Казахское ханство между реками Талас и
Шу. Это главный символ исторического юбилея на таразской земле. Как
всегда, он говорил умно, выразительно и кратко. В частности, отметил, что за
«Круглым столом» ведется интеллектуальный душевный разговор и одобрил
отдельные предложения выступивших, например, о необходимости создания
ТВ-канала для Казахстана и стран Центральной Азии.Он информировал, что
ЮНЕСКО провозгласило «Десятилетие сближения культур», и, выступая
там, говорил, что сближение культур необходимо, но сначала надо всем
осознать, почему разошлись культуры, религии и вовлечь в этот разговор,
в это сопереживание всех интеллигентов мира. Интересные мысли и
предложения прозвучали в выступлениях Г. Мутанова, ректора КазНУ
имени Аль-Фараби, Н.П.Калашниковой, директора РГУ «Қоғамдық келісім»
при Президенте РК, ученых из Москвы и др. ПрофессорГ.В.Кан говорил
о трехтомнике, посвященном ВОВ, где отразятся подвиги казахстанцев
по материалам фронтовых газет. О.А.Тогусаков (Киргизия) предложил
сделать проект «История народов Центральной Азии». Интересно
выступила А.Досумбаева, сделавшая прекрасные фотосъемки
окрестностей Мерке – 76 святилищ, которые вошли в списки
ЮНЕСКО. М.Ауэзов сообщил, что создаетсяпроект «Караван
милосердия»,готовится проект Закона по благотворительности в
Казахстане, конкурс на нагрудный знак «Меценат».Удивили ученые
из Китая – Ян Чэни обаятельная Чэн Юйжун, которые довольно
бегло говорили на русском языке, без труда вступая в полемические
дискуссии, хотя не без специфического китайского произношения.
В ходе беседы с ними выяснилось, что язык они изучали в Китае
в течение двух лет и преподавали им свои национальные кадры.
М.Ауэзов напомнил, что в 2016 году исполняется 100 лет народному
восстанию казахов под руководством Амангельды Иманова. С этой
датой перекликается известный роман Мухтара Ауэзова «Лихая
година» («Қилы заман»), анализ которого сделал историк, директор
научно-культурного Центра «Дом Ауэзова» Д.А.Кунаев. Он отметил,
что этот роман – единственное произведение об этом восстании,
и там встречаются сцены с участием киргизов, узбеков, уйгуров,
рассказало трудной судьбе романа. В 1927 году Мухтар Ауэзов
поехал на Каркаралинскую ярмарку с Ильясом Жансугуровым, где
встречался с участниками восстания, впоследствии использовал их
воспоминания в своем произведении. Чингиз Айтматов назвал это
произведение «антиколониальной литературой». В заключение от
имени представителей пяти республик ЦА (Казахстан, Кыргызстан,
Таджикистан, Узбекистан, Туркменистан) был представлен
Манифест Центральной Азии, гдеесть такая фраза:«Центральная
Азия нуждается в понимании, уважении, в свободе, для этого она
должна объединиться и интегрироваться в области культуры, науки,
просвещения, изучения исторического прошлого». Следующая тема
«Бесед на Шелковом пути» будет посвящена 100-летию народного
восстания в 1916 году. По завершении работы все участники получили
памятные подарки. Вдохновленные пребыванием на исторической
земле Тараза, участники долго обменивались впечатлениями, общаясь в
неформальной обстановке.
Достарыңызбен бөлісу: |