№3 (03) 30 қараша, 2015 жыл



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата22.12.2016
өлшемі11,47 Mb.
#9
1   2   3

Арман ШАУХАНОВ,

Кандидат педагогических наук, доцент ТарГПИ

АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫ ҰЛЫ

АБАЙ ОЙЫНЫҢ ӨЗЕКТІ ЖЕЛІСІ 

– «ТОЛЫҚ АДАМ»

АБАЙ – 170

КРУГЛЫЙ СТОЛ

XX  ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақ  даласындағы  ең  күрделі  қоғамдық-әлеуметтік  жағдайды  өз 

шығармаларында айқын көрсетіп, қажетті ойды ашып айта білген сөз шеберінің бірегейі Міржақып 

Дулатов еді. Ол тек әдеби-шығармашылықпен ғана айналысып қана қоймай, қоғамдық өмірдің қай 

саласында  болмасын  өшпес  із  қалдырған  тұтас  тұлға,  ұлы  санаткер,  ірі  қоғамдық-саяси  қайраткер 

ретінде де таныла бастады.

  

Бүкіл  ғұмырын  өз  елінің  бостандығы  мен  теңдігі  жолында  сарп  еткен  азаматтың  шығармашылығымен 

кеңінен танысып жатқан шақта көп нәрсеге көзіміз жетіп, тума таланттың болмысын нақты танығандаймыз. 

Ол – қандай бір тақырыпқа жазбасын, қай жанрға қалам сілтемесін өзі өмір сүрген тарихи кезеңдегі қазақ 

тағдырының шындығына бойлап, өзекті мәселелерді екшей талдап, ежіктей түсіндіріп жаза білген тұлға еді. 

Ақын  жанын  жегідей  жеген  өткір  сұрақтарды  алдымен  өзі  терең  түйсініп  алып  барып,  сонан  соң  өлеңмен 

өрілген асыл ойлары арқылы оқырманға жеткізуге ұмтылады. Міржақып Дулатовтың тырнақалды туындысы 

«Оян,  қазақ!»  болып  табылады.  Осы  алғашқы    туындының  өзінен  автордың  нақты  мақсаты  мен  беталысы 

айқын аңғарылады. Сол тұстағы қазақ халқын құрсап алған үш қасірет түгел көз алдыңызға келіп, тұмшаланған 

сананы серпілтіп жіберердей. Ақынның «Оян, қазағы!» мен өзге жинақтарындағы өлеңдерінің құйылысы бір 

арнадан бастау алып, бір арнаға тоғысып жатады. Өйткені, оның бүкіл шығармашылық болмысының өрісі 

азатшыл оймен, ұлт- азаттық қозғалыспен біте қайнасып жатады. Міржақыптың «Қиял», «Шәкірт», «Сағыну», 

«Потанинге», «Елім-ай», «Алашқа», «Жаңа тілек», т.б. өлең жырлары алғаш  жарияланып, қалың елге тарала 

бастады. Әдебиет әлеміне Ахметке ілесе келген Міржақып туған халқының адал ұлы, шыншыл ақыны бола 

алды. Сондықтан да оның шығармалары өзінің шыншыл шырайымен, өзекті тақырыптарды қозғаған өткір 

тілді, ерен жүйрік ойларымен елді жаңа қырларға бастады.  «Қиял», «Сағыну», тәрізді өлеңдері ақынның ішкі 

сезіміне  құрылса,  «Жұт»  қазақ  жұртының  ауыр  тағдырын  арқау  етіп,  өмір,  тұрмыс  шындығын  бейнелейді. 

Міржақып өлеңдері замана түрленуіне орай, белгілі бір мақсатқа ие болып отырады. Бұның бір мысалы – 1917 

жылы ақ-қызыл боп   айқасып, замана мың құбылған аумалы-төкпелі кезеңде, қазақ тізгінін кім ұстарын білмей 

дағдарған тұста, көктен түскендей, көп көсем пайда болған уақытта жазылған «Қайда едің?». Кезінде Міржақып 

шығармашылығына  қатысты ол ұлтшыл-байшыл болды, ұлт мәселесін көтере отырып, буржуазияның сойылын 

соқты, әлеуметтік теңсіздікті көре білмеді деген пікірлер көп айтылды. Өзіндік бағыт бағдары, ұстанған әдеби 

қағидасы болғанмен, сол тұстағы әлеуметтік мәселелерден Міржақыптай ақынның тыс қалуы мүмкін емес еді. 

Қазақ әйелінің  көрген зорлығы, қазақтардың балаларын жастай үйлендіретіні,барымта сияқты мәселелерді ақын 

өз өлеңдерінде әлеуметтік теңсіздіктің бір белгісі ретінде көрсете біледі. Міржақыптың басты сүйенер тірегі – өзі 

тектес сөзі үндес зиялы қауым. Ол Әлихандай, Ахметтей ағаларының «Ақ жолына» сенім артып, үнемі  оларды 

жоғары көтеріп отырады. 1928 жылдың аяқ шенінде Қазақстанда бұрынғы «Алашорда» қайраткерлерін қудалау 

басталады да, оларға кеңеске қарсы әрекеттер ұйымдастыруды көздеп жүр деген сенімсіз жалалар жабылып, 

солардың бірі ретінде М. Дулатов қамауға алынады. 1930 жылдың сәуір айында ОГПУ коллегиясының шешімі 

бойынша ату жазасына кесілгенімен, кенеттен үкім он жылға абақтыға қамау жазасымен алмастырылады. Ол 

1935 жылы 5 қазан айында Соловецкідегі лагерда айдауда жүріп қайғылы қазаға ұшырайды. М. Дулатов – «Ұлық 

болсаң, кішік бол» деген халық даналығын бойына сіңіріп өскен дархан дарын, тума талант иесі еді.Өзі ұстаз 

тұтқан, қатар жүріп қадір қасиетіне тұшынған ағаларын халқына таныту, таныстыру жолында да ол алғашқы 

болып жол көрсетті. Олардың ел алдындағы еңбегін үнемі дәріптеп отырды. 



Равиль ЖҰМАҒАЛИЕВ,

Жалпы педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы

Абай  Құнанбаев  XIX  ғасырдың  екінші  жартысында  жасаған  қазақ  поэзиясының  ұлы  тұлғасы. 

Оның ұлы ақын, кемел аудармашы, ірі қоғам қайраткері болып жетілуінің сыры біріншіден, қазақ 

халқының  өз  даналығы  –  халықтың  ауызша  әдебиет  қорынан  көп  нәр  алғаны  болса,  екіншіден, 

Шығыс классиктерінің мол мұраларынан, үшіншіден, орыс және Батыс Еуропа әдебиетінің таңдаулы 

шығармаларынан сусындағандығын байқаймыз. 

Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің туған халқымен мәңгі бақи бірге жасайды. Абай 

мұрасы – мәңгілік. Барша қазақ баласы Абайды тануға, білуге, Абаймен қуануға, мақтануға тиіс. Жақында Абай 

Құнанбаевтың  170  жылдығына  орай  Абай  шығармаларының  желісінде  шәкірт  тәрбиесіне  мән  бере  отырып, 

оның адам болып қалыптасуына ықпал ету тетіктерін қарастыру мақсатында Тараз мемлекеттік педагогикалық 

институты  «Жалпы  педагогика  және  психология»  кафедрасының  мұрындық  болуымен  Тараз  қаласы  Абай 

атындағы №26 орта мектебінде «Абай ойының өзекті желісі – «толық адам» атты дөңгелек үстел өтті. «Атымды 

адам қойған соң, қайтып надан болайын» деп толғаған ұлы ақын шығармаларында адамның жаратылысы мен өсіп 

жетілуін, адам болу жолы мен адамдықтан шығаратын жаман істерді атап беріп, өз халқының бала тәрбиесіндегі 

қателіктерін анық көрсеткені баршаға аян. Және Адам болу үшін баланы қалай тәрбиелеу керек, алдына қандай 

мақсаттар  қою  керектігін  өлеңдері  мен  қара  сөздерінде  жан-жақты  сипаттап  берді.  Абай  шығармаларының 

өзегі де осы – адам. Міне, дөңгелек үстел барысында бала тәрбиесі, қазіргі жастардың мәселесі, жас ұрпақтың 

болашағы кеңінен әңгіме болды. Мәңгілік Елдің келешегін Абай атамыз айтқандай үш қасиет, бес асыл іс арқылы 

тәрбиелеп, толық адам қалыптастыру Ұлы Еліміздің Ұлы мұраты деп ұғынайық!» – деді «Жалпы педагогика 

және психология» кафедрасының меңгерушісі Клара  Бұзаубақова. Ұрпақ тәрбиесінде ең бірінші орын алатын, 

оның келешекте адам болып қалыптасуына бірден бір ықпал етуші ата-ана, одан соң мұғалім және араласқан 

ортасы болып табылады. Жиын барысында қалалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Мұқатай Секеев, тарих пәнінің 

мұғалімі, дінтану курсының оқытушысы Жанар Райымбекова, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс 

студенттері Жанбота Данбаева, Ақниет Қалдыбек, Жанар Парахатова, «Кәсіптік оқыту» мамандығының 2 курс 

студенті Жазира Сабитова, «Химия» мамандығының 2 курс студенті Әйгерім Әсембек және бірқатар ата-аналар 

мен Ғайникен Райымбекова, Орынкүл Шарипова, Нұрислам Өмірболат сынды тағы басқа 9 сынып оқушылары 

дана Абайдың осындай өлеңдерін және поэмаларын жатқа айтып, өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.  

Шығармашылығының  негізгі  арқауын  поэзиямен  өрген  ақынның  1890  жылдардан  бастап,  әлемдік 

әдеби жанрларда ерекше саналатын қара сөз деп аталатын жанрда қалам тербеп, өзіндік ой-толғамдарын 

тарқатып,  талдап  жеткізуі  –  ерекше  құбылыс.  Халқын  надандық  шырмауынан,  бодандық  бұғауынан  азат 

етуді ниет еткен Абай адаммен де, заманмен де арпалысты. «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. 

Сонан қашпақ керек: әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі – залымдық» деп үйретті 38-қара 

сөзінде.Жиын соңында тәрбиелік іс-шарада белсенділік танытқан студенттер мен оқушыларға Алғыс хат 

тапсырылды. Бүгінгі бала, ертеңгі азаматты жас кезінен парасат биігіне, рухани өмірдің әлеміне жетелеу 

үшін, олардың құлақтарына бесік жырын, ана әлдиін сіңіріп, туған халқын сүйетін, дінін, тілін қастерлейтін, 

мейірімді, шыншыл азамат болып қалыптасуына тәрбиелік іс-шаралардың да тигізер пайдасы өлшеусіз.

Миршат ЕЛУБАЕВА,

Жалпы педагогика және психология  кафедрасының 

доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты

МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ – 130

НYРЛЫ


НYРЛЫ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫК ИНСТИТУТЫ

ЖОЛ


ЖОЛ

ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫЙ БЕСЕДЫ НА ШЕЛКОВОМ ПУТИ



УИК-ЭНД

8

НYРЛЫ


НYРЛЫ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫК ИНСТИТУТЫ

ЖОЛ


ЖОЛ

№ 3 (03)

30 қараша, 2015 

жыл

дүйсенбі

ӨНЕР

Тараз  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  «Жансарай» 

студенттік театры Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалық 

драмасын  сахналады.  Бұл  –  театр  репертуарындағы  алғашқы  

классикалық шығарма.

Әйгілі Шәмшінің жүрек шымырлатар, сезім серпілтер құдіретті әндері әрбір 

қазақтың аузында. Сол сұлу әндер өмірге қалай келді? Жалпы Шәмшінің өз 

тағдыры, өз махаббаты туралы не білесіз? Еріксіз биге жетелеп махаббатпен 

тебірентер  «Сыған  серенадасы».  Осы  бір  әнді  оятқан  сыған  қызы  Изольда 

жайлы  естігеніңіз  бар  ма?  Ән  махаббаты  Шәмші  тағдырын  тоқайластырған 

Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» атты поэтикалық драмасы сахнада 

осы  тұрғыда  сыр  шертіседі.  Әуенге  толы  драма  әсерге  де  толы.  «Сыған 

серенадасы» – театр сахнасындағы шоқтығы биік туындылардың бірі. Оның 

өресі кең, құпиясы ашылмаған. Вальс королі әйгілі Шәмші рухына бағышталған 

бұл  туынды  сазгердің  тағдырын  бейнелейді.  Бұл  ашылғанына  8  жылдың 

жүзі  болған  «Жансарайдың»  репертуарындағы  төртінші  қойылым.  Бұған 

дейін  Ә.  Оразбековтың  «Бір  түп  алма  ағашы»,  Б.  Ұзақовтың  «Жанұя»  және 

И.  Сапарбайдың  «Ауылдан  келген  ару»  спектакльдері  көрермен  назарына 

ұсынылған болатын. Театр режисері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген 

әртісі  Майра  Әлімбетованың  айтуынша,  болашақта  махаббат  пен  достықтың 

қаншалықты құдіретті күш, ұлы сезім екенін ұғындыратын һәм жұртшылықтың 

көңіл төрінен орын алған классикалық қойылымдар сахналанбақ.

– Театр – бұл мәңгілік сезімге толы тұтас бір өмір. Махаббат пен өшпенділік, 

өмір  мен  өлім,  сенім  мен  үміт.  Студенттер  үшін  ол  театр  өнерінің  сиқырлы 

күшіне жанасуға, түрлі кейіпкерлердің бейнесін сомдауға түсінуге жол ашады, – 

деді театр директоры Мырзабек Ешмаханов. Келген қонақтар қойылым соңынан 

үздіксіз, ұзақ уақыт қошемет көрсетіп, шапалақтан шашу шашты. Студенттердің 

өнерін  тамашалауға  келген  Тәрбие  және  әлеуметтік  мәселелер  жөніндегі 

проректор Орынқыз Жолдасова, факультет декандары қойылымның жастарға 

берер  тәлім-тәрбиесінің  қаншалықты  зор  екенін  айтып,  өз  ризашылықтарын 

білдірді. Қазіргі уақытта театр студенттері «Айша бибі» атты тарихи қойылымға 

дайындалуда.



СОРЕВНОВАНИЕ

ЗНАЙТЕ, ДУМАЙТЕ, ДЕРЗАЙТЕ!

В  Таразе  прошел  республиканский 

интеллектуальный студенческий чемпионат 

«ТаrMPI  CUP  –  2015»,  который  собрал 

лучших  студентов  со  всего  Казахстана. 

Инициаторами 

впервые 

проводимого 

интеллектуального 

состязания 

стали 

Таразский государственный педагогический 

институт  и  Министерство  образования 

Республики Казахстан.

В  состав  15  команд  из  восьми  регионов 

республики входило по три участника, которые 

выбирались  их  вузами  по  самым  высоким 

требованиям, 

учитывающим 

логические, 

аналитические способности ребят, их широкий 

кругозор  в  области  гуманитарных  наук  и 

математики.  Честь  нашей  области  защищали 

три команды ведущих вузов – ТарГУ, ТарГПИ и 

ТИГУ. Чемпионат интеллектуалов, посвященный 

550-летию  Казахского  ханства,  был  призван 

не  только  определить  интеллектуальный 

потенциал  участников,  но  и  способствовал 

развитию  лидерских  качеств,  формированию 

гражданской позиции, патриотизма студенческой 

молодежи. Тематика конкурсов была связана с 

Планом нации «100 шагов по реализации пяти 

институциональных  реформ».  По  замыслу 

организаторов,  чемпионат  состоял  из  трех 

туров, полуфинала и финала. Первый тест-тур 

определял IQ игроков, в основу второго конкурса 

вошла слайд-игра «Жүзден жүйрік», в третьем 

туре был разыгран аукцион, в котором участники 

рисковали,  ставя  на  кон  очки,  набранные  в 

предыдущих турах. Участниками полуфинала из 

15 команд остались восемь. Здесь конкурсантов 

ждала  защита  проектов  по  социальным, 

экономическим,  политическим  темам.  Четыре 

команды, вышедшие в финал, приняли участие 

в  битве  интеллектов  –  брейн-ринге.  Сложные 

вопросы, компетентные ответы и накал борьбы 

сделали состязания поистине захватывающими 

и волнующими.

По итогам жарких интеллектуальных поединков 

третье призовое место стало достоянием команды 

Кызылординского государственного университета 

им.  Коркыт-ата,  на  вторую  ступень  почетного 

пьедестала поднялась команда Международного 

казахско-турецкого  университет  имени  Х.  А. 

Яссави  г.  Туркестана.  Победителем  турнира 

интеллектуалов стала команда Государственного 

медицинского  университета  города  Семей. 

Призеры  награждены  денежными  призами. 

Помимо  этого  жюри  отметило  специальным 

призом команду Казахской академии транспорта 

и коммуникаций имени М. Тынышпаева, которая 

вышла  в  четверку  полуфинала  и  показала 

прекрасные бойцовские качества.

–  Первый  интеллектуальный  чемпионат 

среди  казахстанских  студентов  превзошел 

наши  ожидания,  –  признался  разработчик  и 

организатор  мероприятия  Данияр  Омирбеков. 

–  Ребята  показали  высокий  уровень  знаний, 

великолепную подготовку и заинтересованность, 

приятно отметить логику и аналитику участников 

игр.  Надеемся,  что  этому  начинанию  будет 

хорошее  продолжение,  и  республиканский 

интеллектуальный  студенческий  чемпионат 

«ТаrMPI CUP» станет традиционным и любимым 

среди нашей молодежи.



Елена ПАК,

Корреспондент  газета «Жамбыл-Тараз» 

Меншік иесі: Тараз мемлекеттік 

педагогикалық институты

Бас редактор –

АСАН Жандарбек 

Тұрарұлы

 

• Газет республика   

  аумағына тарайды.

• Газет тегін таратылады.

РЕДАКЦИЯНЫҢ 

МЕКЕН-ЖАЙЫ: 

080000, Тараз қаласы, 

Төле би көшесі, 62. 

Байланыс телефоны: 

8-777-511-56-56



Автордың мақаласы редакция 



көзқарасын білдірмейді.



Редакцияға түскен материал 



қайтарылмайды.



Газетте жарияланған материалды 



көшіріп немесе өңдеп басу үшін 

редакцияның жазбаша рұқсаты 

алынып, газетке сілтеме жасалуы 

міндетті

Газет “Алматы-Болашақ” АҚ 

баспаханасында басылды.

Таралымы: 1000

Мекенжайы: Алматы қ-сы, 

Мұқанов к-сі 223В, 

тел. 8 (727) 378-42-00.

Тапсырыс №1668

Газет Қазақстан 

Республикасының Мәдениет және 

ақпарат министрлігінде 23.02.2005 

ж.тіркеліп, № 5764-Г куәлігі берілді

НYРЛЫ


НYРЛЫ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫК ИНСТИТУТЫ

ЖОЛ


ЖОЛ

СТУДЕНТТІК ТЕАТР ЖАҢА 

ҚОЙЫЛЫМЫН САХНАЛАДЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет