1. Презентациялар, демонстрациялар, мо-
дельдеуді сабақтарда қолдану
Сабаққа қажетті кез келген суреттер, кесте,
видеофильмдерді қолдануға мүмкіндік береді.
2. Сабақ барысында оқушылардың белсен-
ділігінің артуы
Интерактивті тақтамен жаңа сабақ өткізу кезінде
тиімді қолдануға болады. Интерактивті тақтаны
пайдалана отырып білімін жетілдіру барысында
іскерлігін дамыту, тапсырмаларды орындау бары-
сында теориялық білімдерін тиімді пайдалана білу,
белсенділік танытып тапсырмаларды ұқыпты орын-
даған оқушылардың ой-өрісін жан-жақты жетілдіруіне,
шығармашылық қабілетін арттыруына, белсенділігін
дамытуына ықпалы зор.
3. Уақыт ұтымдығы
Егер интерактивті тақта болса, сізге күтуге тура
келмейді. Мысалы, жаңа тақырыпты, үй тапсырмасын
жазып уақыт алмаймыз. Алдын ала дайындалған
материалдарды қолдану арқылы тіпті қиын тақырыпты
оқушыларға меңгеруге оңай болады. Қолданылған
материалдарды сақтап қоюға болады.
Интерактивті тақтаны қолданудың негізгі әдістері:
- экранда көрсетілетін сурет туралы ақпаратты
жоғары жаққа жазу;
- интернеттен алынатын ақпаратты тікелей
оқушылармен бірге іздеу;
- топпен тығыз жұмыс жасау;
- интерактивті тақтаны компьютердің көмегінсіз
басқару;
- қолданылған материалды кейін пайдалану үшін
файл түрінде сақтап отыру;
- видеороликтер көрсету, электронды оқулықтар
пайдалану;
- сабақ кезінде сақталған файлды студенттерге
беру.
Интерактивті тақта:
1. Студенттерге жаңа материалды (иллюстра-
циялар, фотосуреттер, бейнелік, дидиактикалық
материалдар) көрнекі түрде көрсету құралы болатын
болса, екінші жағынан материалды дайындауды және
оны қолдану процесінде жеңілдетеді. Алдын ала
жүргізілген тәжірибелі презентациаларды пайдалану
студенттердің оқуға деген ынталығын арттырып,
сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз етіп, оған
дайындалу мерзімін ең бастысы оқытушының уақытын
қысқартады.
2. Компьютерлік сауатты болуды талап етеді.
Өйткені сабаққа қажетті оқу материалдарын алдын
ала оқытушы өзі дайындап қояды.
3. Интернет желісінен ақпарат іздеп, оны жүктеп
алу жұмыстарын жасауды үйренеді.
4. СD, DVD және электронды оқулықтарды пай-
далана білуінің арқасында, оқытушы жан-жақты бі-
ліммен қаруланады, білімін шыңдайды, шығармашы-
лығы артады. Ақпараттық технологияны еркін мең-
гереді, бәсекеге қабілетті оқушы тәрбиелейді.
Қорыта келе, ақпараттық-коммуникациялық тех-
нологияны сабақта пайдалану оқытудың тиімді әдіс-
терінің бірі деп ойлаймын.
Қазақ тілі және әдебиет сабағында ақпараттық
технологияны тиімді пайдалану білім сапасының
артуына әкеледі, оқушының логикалық ойлау қабі-
леттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті
деректерді өз бетімен іздеуіне, компьютерлік сауат-
тылықтарына жол ашады.
А. ЖАЙСАНБАЕВА,
Қазақстан-Американдық
Еркін университет колледжінің
қазақ тілі және әдебиет пәні оқытушысы,
Өскемен қаласы
Ө
зін-өзі тану - бұл өз бойындағы қасиеттерді көре білу, оны жан-жақты анализ
жасап қабылдау және бағалай білу. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі –
оқыта отырып, баланың ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру,
өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Ал сол мақсатқа жетуде
шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты
тәрбиелеу, олардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету – мұғалімнің басты міндеті.
Оқушылар пәннің қажеттілігін түсінсе де, мұғалім мен оқушылар интерактивті
болмаса, берген білім күткен нәтижеге жете алмаймыз. Сабақ, немесе өз бетімен
атқарылатын жұмыс түрлендіріліп, мотивациялы және қызықты етіп ұйымдастырылса,
оқушының зейінді болуына септігін тигізеді.
К.Д.Ушинскийдің пікірінше, бала өзі оқуы тиіс, ал педагогтың қызметі – оған
игерілуі қажет материалды ұсынып беру, оның оқу процесін басқару. Тұлғаның
белсенділігі — дамудың тек бастамасы емес, оның нәтижесі де. Қоғамдық белсенді,
ынталы, шығармашыл тұлға қалыптастырушы тәрбие әрдайым өз мақсатына жетіп
отырады. Өскелең оқушылардың сенімділігін оятып, өз дарыны мен қабілетін
белсенді қолдану үшін қажетті стратегиялық іс-әрекеттер құруға үйрету — ұстаздың өз
ар-намысы мен қоғам алдындағы борышы Жеке тұлғаны қалыптастыру дегеніміз —
оны мәдениетке үйрету, білім беру, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені
меңгерту. Жеке тұлғаның белгілі бір мәдени ортада болып, оның тұлғалық және
танымдық дамуына ерекше әсерін тигізеді. Қалыптасуына қарай жеке, тұлғаның
белгілі бір мәдениетінің субьектісі ретінде екі түрлі фактор бар: біріншісі - сол
халықтың мәдени ерекшеліктері, екіншіден - танымдық процестері, темперамент,
мінез-құлқын сапалы түрде танып ажырата білу.
Адамдар қандай да болмасын, әлеуметтік мәртебеге ие индивидтен өзіне тиісті
міндет пен нақты мінез-құлықты күтеді. Роджерстің тұжырымдамасындағы өзіндік
«Мен» ұғымының қалыптасуы, «Мен» ұғымын ұғынуы адамның тұлға ретінде
жетілуінің нәтижесі, өзіндік сананың қалыптасуы. Өзіндік сана - пікірлер мен
әрекеттердің қалыптасуына негіз болатын ақыл-ойдың іс-әрекеті.
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуге талаптандыру жеткіншектің қызығушылық-
тарын, ойларын, құштарлықтарын, психикалық ерекшеліктерін терең білген кезде ғана
мүмкін болады. Сондықтан педагогтер оқушыны жүйелі түрде зерттеп танып, олардың
дамуын мінез-құлқындағы өзгерістерді байқап отыру қажет. Мұндай әрекет олардың
мүмкіндіктерін нақты білуге, әсер етудің бағыттылығын анықтауға және керек кезде
көмек көрсетуге жағдай туғызады.
Өзін-өзі тәрбиелеу сипаты олардың жас ерекшеліктеріне де байланысты. Ұстаз
жеткіншек және жоғары сынып оқушысына мүмкіндігінше оған көбірек талап қою
принципіне жауап беруі қажет. Өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастыру және басқару
кезінде педагог әр оқушының алдында тұрған мәселелерді зерттеп және әдептілік
сақтап оған өзін-өзі тәрбиелеудің дұрыс жолын таңдауға көмектесуі қажет.
Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеуге әсер ететін факторлардың ең негізгісінің
бірі — отбасы. Отбасында тәрбиелеудің өз қиыншылықтары мен артықшылықтары
бар. Артықшылықтары, ол ата-анасы баласын өнегелік-еріктік, эмоционалдық және
интеллектуалдық ерекшеліктерін жане олардың пайда болу себептерін жақсы біледі.
Сондай-ақ бала мектепке қарағанда өз ата-анасы алдында өзін шынайы ұстайды.
Анасы және әкесі, баласына қарап байқап жүрген жағдайда қалыптасып келе жаткан
тұлғаның ерекшеліктерін өңдеуге мүмкіндік болады. Ал қиыншылықтарына келетін
болсақ, ол бір жағынан ата-ананың отбасындағы ашық көрсететін мінез-құлық
ерекшеліктеріне байланысты, екіншіден, көп ата-аналарда педагогикалық, психо-
логиялық білімдердің және шеберліктердің жетіспеушілігіне байланысты. Көбінесе ата
-аналар балаларды өз басынан өткен тәжірибе негізінде тәрбиелейді немесе көңіліне
қарап еркелетумен шектеледі, кейде өте қатал талаптар қояды. Отбасында және
мектепте осындай қатынастың нәтижесі өзіне сенбеушілер және өзін кемсітіп сезінуіне
алып келеді. Өз қасиеттерін бағаламаған жеткіншек тұйық болады, немесе әдейі
бетімен кетеді. Сондықтан баланы тәрбиелеуде отбасында бірінші орында
ата-ананың өнегелік бейнесі мен балаларына деген саналы қатынасы тұруы керек.
Сонда ған өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі нәтижелі әрі жемісті болады.
Ж. ЖЕКСЕМБАЕВА
Б. Тұрлыханов атындағы
орта мектебі-бақшасының
ағылшын тілі пәні мұғалімі,
Ақжар ауылы, Үржар ауданы
Жауапты редакторлар -
К.К. Тобатаева,
Г.И. Құсманова,
Ш.С. Ибраимова
Көркемдеуші және беттеген -
С.М. Райымханова
Меншік иесі – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
Редакция мекенжайы: 070004, Өскемен қ., Қабанбай батыр к-сі, 160.
Тел.: 54-47-65, факс: 24-54-55, эл.пошта: red_PM_PV@mail.ru
Ай сайын шығады / Издается ежемесячно
Таралымы 1000 дана / Тираж 1000 экз.
Областная научно-педагогическая
информационная газета
8
№3
(149)
наурыз
2015
март
Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет және
ақпарат министрлігінде 21.11.2012 жылы №13172-Г
куәлігімен қайта тіркелді.
Газет «Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханасында
басылды. Өскемен қ., Абай к-сі, 20.
Заказ №3
Н
о не все так просто и спокойно в
«книжном государстве» Восточно-Казах-
станской областной детско-юношеской
библиотеки г. Усть-Каменогорска. Вот, к крыль-
цу одной из школ города подъезжает
библиотечная газель, из которой организо-
ванно выходят сотрудники библиотеки с
коробками, они быстро осваивают одну из
рекреаций. И вот уже, как по волшебству,
развернулась веселая выставка с самыми
лучшими книгами для детей разного возраста,
которые уютно расположились и на диванчиках,
и на подоконниках. Их так много, что кажется
целая библиотека приехала в гости к ребятам.
А по соседству раскинулось разноцветное цар-
ство с удивительными изделиями из самых
разных материалов: цветной бумаги, бисера,
тесьмы. Украшения, бисероплетение, вышивка,
квиллинг: все эти работы созданы руками
ребят, читателей библиотеки.
Вскоре рекреация школы №16 заполнилась
веселыми голосами учащихся начальных
классов. Вот уже и «яблоку негде упасть»!
Послышались вопросы: «Что за праздник? Что
за мероприятие?»
Так вот, называлось это удивительное
событие – Библиотечный десант. Это необыч-
ное по форме мероприятие было организовано
для учащихся школ города с целью популя-
ризации детской литературы, привития им
интереса и любви к чтению, книге, привлечения
к процессу чтения родителей, педагогов.
Территория высадки библиотечного десан-
та - школы города, дошкольные учреждения.
Ребят ожидало самое приятное – увлекатель-
ное путешествие по выставке-инсталляции
«Все книги в гости к нам», познавательный об-
зор произведений писателей-сказочников, книг
в жанре фэнтази, познавательных энциклопе-
дий для самых маленьких ребят, подростков.
Счастливые путешественники могли пролис-
тать любую понравившуюся им книгу, удивить-
ся, посмеяться. Главное от общения с книгой -
хорошее настроение. Ребятам было дано лишь
одно задание: посетить библиотеку, но при
этом привести с собой друзей, родителей или
прийти всем классом. Для всех места хватит!
Яркие эмоции библиодесантников и ребят
на протяжении всего путешествия запечатлены
в фотогалерее.
Сотрудники ОДЮБ не только рассказывали
ребятам о новинках в деятельности библиотеки
в новом 2015 году, показали, какие книги
появились в библиотечных фондах: звуковые,
раскладные, с секретами и сюрпризами, при-
гласили в клубы по интересам: «Вдохновение»
- школа декоративно-прикладного и современ-
ного искусства, в детский центр развития и
творчества «Планета детства». Библиотекари
поблагодарили своих постоянных читателей,
которых среди учащихся школы оказалось не
мало, предложили приходить на просмотры
новых и забытых детских фильмов, в игровые
комнаты, которые пополнились огромным коли-
чеством знакомых, а также совсем новых игр
как для ребят, так и для их родителей. Здесь же
постоянно действует клуб «Трой».
К мероприятию библиотекарями была
проведена подготовительная работа: напеча-
таны буклеты «Читаем всей семьей», «Для вас,
почемучки», библиографические указатели на
разные темы и для разного возраста. Вся
издательская продукция выполнена на двух
языках. Библиотекари принесли с собой огром-
ное количество рекламок, флаеров, в которых
еще подробнее раскрыты возможности библио-
теки для детей и юношества.
Программы «Библиодесанта» составля-
ются, в первую очередь, исходя из чита-
тельских интересов детей и подростков,
максимально учитываются потребности школь-
ников и учителей, а также язык обучения. Таким
образом, достигается высокая мотивация обеих
сторон, устанавливается искренний творческий
контакт между библиотекарями и аудиторией.
Чтобы закрепить необходимый эффект, уча-
щиеся школ приглашены на праздники, которые
проводятся в библиотеке весело, с театра-
лизацией, с интересными конкурсами, викто-
ринами, музыкальными номерами и, конечно, с
призами.
Сегодня ВК областная детско-юношеская
библиотека в Усть-Каменогорске – это
настоящее «детское государство», в котором
для каждого найдется что-нибудь интересное,
полезное. Более двухсот ребят в этот день
встретились с креативными библиотекарями и
замечательными книгами. Библиодесант
принес свои плоды: многие учащиеся и
педагоги получили информацию о библиотеке и
пообещали обязательно посетить ее в
ближайший выходной.
Итак, «Библиотекари – десантники» за
несколько дней высадился на территории
нескольких школ, и везде был встречен с
восторгом, так как библиотекари привезли с
собой самые лучшие, необыкновенные книги и
хорошее настроение. Они старались привить
ребятам желание и готовность овладевать
новыми знаниями, достижениями отечествен-
ной культуры, чтобы стать в полном смысле
слова культурными людьми - патриотами своей
Родины.
О. КИТАЕВА,
руководитель ИБП ВК ОДЮБ
«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет
болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге
айналуымыз керек»
Н.Ә. Назарбаев
Д
амыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше
маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды
ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық техно-
логияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да
елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына
ақпараттық кеңістікті құру еніп, көкейкесті мәселе ретінде
күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Осыған
байланысты ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін
қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей
міндеттерді шешу көзделініп отыр. Олар: компьютерлік
техниканы, интернетті, компьютерлік желі, электронды
оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы
оқушылардың білімділігін күшейту және білім сапасын
көтеру.
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны пайда-
ланып білім берудің әртүрлі аспектілерін дамытуға
болады. Олар: ақпаратты өңдеудің когнитивті аспектілері,
оқытудың мотивациялық аспектілері және оқытудың
коммуникациялық аспектілері және танымдық аспектілері.
Мәселен, электронды оқулықпен жұмыс жасағанда,
компьютерлік бағдарламада таңдап алған тараудың
барлық тақырыптардың теориялық материалдары, есеп
шығару үлгілері, өз беттерімен жұмыс істеуге арналған
жаттығулар, әр тақырып бойынша орындалатын зертхана-
лық жұмыс тапсырмалары, оқушылардың білім сапасын
тексеруге арналған тест тапсырмалары беріледі және
сынып оқушыларының әрқайсысына жеке-жеке нұсқаулар
бойынша жұмыс жүгізуге қолайлы.
Бұндай бағдарламалардың ерекшелігі сол, әрі
уақытты да үнемдейді, әрі мұғалімнің де жұмысын
жеңілдетеді.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялар-
мен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа
білім беру өте қажет», - деп Елбасымыз өз жолдауында
айтып қана қоймай, әр мектепті түрлі ақпаратты техногия-
лармен қамтамасыз етуде. Ақпараттық технологиялардың
білім берудегі пайдасы мыналар болып табылады:
- алыстағы ақпарат көздерін пайдалану,
- түрлі жүйелерге ену арқылы өз бетімен іздену,
- сұраныс бойынша ақпарат алу,
- интернет тарапында берілген тапсырмалар мен
жаттығуларды орындау,
- ақпаратты кез келген арақашықтықта тез арада
жеткізу,
- өзі оқып отырған тілде электронды пошта арқылы хат
алмасу,
- ақпараттың қажетті түпнұсқасына қосылу.
Интернет арқылы ғаламдық желінің ақпараттық ре-
сурстарын қолдана отырып, оларды оқу үрдісіне енгізіп,
сәйкес дидактикалық түсініктемелер беру арқылы дидак-
тикалық мәселелердің келесі жолдарын тиімді шешуге
болады.
Яғни, ақпараттық технологиялардың білім беруде
маңызы зор. Өйткені ол оқушыларға үлкен ақпараттық
білім кеңістігіне жол көрсетеді. Бұл баланың ой өрісін
кеңейтіп қана қоймайды, білім деңгейін көтеруге үлкен
үлесін қосады.
Білім саласын ақпараттандырудың бір көрінісі элек-
трондық оқыту (Е-learning). Электронды оқыту дегеніміз —
ақпараттық коммуникативтік технологиялардың мүмкіндік-
терін тиімді қолдану арқылы, сандық технологияларды
меңгерген жан-жақты тұлға тәрбиелеу. E-learning жүйесі
бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдерінің білім беру жүй-
есіне енгізілген.
Электрондық оқыту жүйесінің мүмкіндіктері:
* Педагог ұжымына: Тақырыптық жоспарлауды,
электрондық сынып журналдарын және күнделіктер
жүргізу, білім беру үрдісінде сандық білім беру контентін
қолдануға мүмкіндік береді
* Оқушыларға: Әртүрлі пәндер бойынша өз үлгерім
рейтингісінің өзгерістерін қадағалайды, сабақ кестесіндегі
өзгерістерді, үйге берген тапсырманы уақытында біледі
* Ата-аналарға: Өз баласының бағаларын, сабақ
кестесін, үйге берілген тапсырмаларын, сабаққа қатысу
және дайындық сапасын бақылайды, баласының
мектептегі оқу үлгерімін және қоғамдық қызметтердегі
табыстары жайлы біліп отырады.
Электрондық оқыту жүйесінің артықшылықтары:
Дарынды оқушылармен жеке жұмыс жүргізу.
Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын
арттыру.
АКТ құзырлығын қалыптастыру.
Үздік білім ресурстарына бірдей қолжетімділік.
Денсаулығы шектеулі балалардың мүмкіншілігі.
Қашықтықтан оқыту.
Ақпараттық ортада білім субъектілерінің өзара
әрекетін қалыптастыру.
Сондықтанда электрондық оқыту жүйесіне Қазақстан
мектептері де толықтай ену керек деп ойлаймын.
Желтоқсан айында болған «Білім беру ұйымында
электрондық оқыту жүйесін енгізу негізінде педагог
қызметкерлердің АКТ құзыреттілігі» тақырыбында өткен
курс жоғарыдағы тақырыптарды қамтыған маңызы зор,
құнды ақпараттарға толы болды. Біліктілікті арттыру жүй-
есі қоғам сұраныстарын дер кезінде жауап беруге
мүмкіндігі бар үздіксіз білімнің ең бір оралымды құрылым-
дарының бірі. Маман үшін ол – қалыптасқан кәсіби іс-
әрекетіне өзгерістер енгізу, өз тәжірбиесін басқа нақты
адамдардың, қоғамда жинақталған тәжірбиемен байланы-
стыру, біріктіру, кәсіби құзырлықты қалыптастыру.
Курс жетекшісі Кульзия Қадыровна өзінің іс тәжіри-
бесін, білімін жиналған ұстаздарға ұғынықты тілмен жет-
кізе білді. Осы уақыт ішінде электронды оқытудың қыр-
сырымен танысып, «Өрлеу» біліктілікті арттыру курсының
порталдарына кіріп өз білімдерімізді толықтырдық. Курс
тек дәріс түрінде емес практикалық жұмыстар негізінде
жалғасты.
Электрондық оқыту жүйесінің тұжырымдамасын іске
асыру бойынша шараларды өткізу әлемдік ақпараттық
кеңістікте қазақстандық білім беру жүйесінің сабақ-
тастығын және оның бәсекеге қабілеттілік деңгейінің
артуын қамтамасыз етеді.
Ж. ҚҰРМЕТЖАНОВА,
Аршаты орта мектебінің
физика және информатика пәнінің мұғалімі
Катонқарағай ауданы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-дың «Ұстаз әлемі/
Педагогическсий мир» газеті мен «Педагогика жаршысы/Педагогический вестник»
журналының редакция алқасы қоғамдық байланыс және баспа бөлімінің
ұйымдастыруымен «ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы»
атты еңбегі және «Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл», «Ұлы Отан
соғысының 70 жылдығы», «Абайдың туғанына 170 жыл», «Қазақ
хандығының тарихы — «Мәңгілік ел» тарихының бастауы» тақырыбында
оқырман-ұстаздары арасында өтетін шығармашылық байқау жариялайды.
Негізгі тақырып аясында: Ұлы Отан соғысындағы қазақ елінің ерлігі; кеңестік
қызыл саясат аясында елеусіз қалған тарихи тұлғалардың ерлігі; Абай
топырағы; тәуелсіздік жолындағы қазақ елінің күресі; қазақ мемлекеттілігінің
нығаюы; мәңгілік елдің болашағына жетелейтін арман-тілектер, оларға жету
жолдарының бүгіні мен ертеңі; Қазақ хандығы және жас ұрпақ тәрбиесі; қазақ
хандығы және қазақтың мемлекеттілігі жайында мақалалар күтеміз.
Байқаудың қорытындысы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
16 желтоқсанға қарсы шығарылады.
Бас жүлде иелеріне «Педагогика жаршысы/Педагогический вестник»,
журналына тегін жылдық жазылу мүмкіндігі беріледі, 2-орын иесіне
«Ұстаз
әлемі/Педагогический мир» газетіне жылдық жазылу тегін беріледі.
Жеңімпаздар мақалалары институт журналы мен газетінде жарияланады
және республикалық басылымдарға жолданады.
Байқау туралы ережені институттың ipkvko.kz /ru сайтынан ала аласыз.
Мақала редакцияның red_PM_PV@mail.ru электронды поштасына жолдануға
тиіс. Байланыс телефоны: 8(7232) 54-47-65.
* Ескерту: Мақалада
«Байқауға» деген белгі болғаны қажет. Мақала көлемі
4-4,5 беттен аспауы керек және мазмұнына сай суреттер (jpg) жіберілуі тиіс.
* * * * *
Редакция газеты «Ұстаз әлемі/ Педагогический мир» и журнала «Педагогика
жаршысы/ Педагогический вестник» и отдел по связям с общественностью и
издательской деятельности филиала АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по ВКО объяв-
ляет о творческом конкурсе среди читателей-учителей на темы: «Изучение
произведения Главы государства Н.А. Назарбаева «Слово о Независимо-
сти», «550-летие образования Казахского ханства», «70-летие Великой
Победы», «170-летие со дня рождения Великого Абая», «История Казахского
ханства – начало истории «Мәңгілік ел».
Основную тему можно в полной мере раскрыть через содержания статей:
о героизме казахского народа в годы Великой Отечественной войны; истории
о героических личностях казахского народа, оставшихся в тени Советской
власти; о земле Великого Абая; о наследии великих людей, о борьбе казахского
народа за свою Независимость; о становлении и укреплении Казахской государ-
ственности; Казахское ханство и воспитание подрастающего поколения.
Итоги конкурса будут подведены к 16 декабрю 2015 года, в канун
Дня Независимости Республики Казахстан.
Победитель конкурса станет обладателем бесплатной годовой подписки на
наш журнал «Педагогика жаршысы/ Педагогический вестник», занявший
2-место выиграет бесплатную годовую подписку на нашу газету «Ұстаз әлемі/
Педагогический мир». Статьи победителей будут опубликованы на страни-
цах газеты и журнала института и будут отправлены в республиканские
печатные издания.
Положение о конкурсе вы можете найти на сайте нашего института:
ipkvko.kz /ru
Ваши публикации мы ждем на электронную почту института:
red_PM_PV@mail.ru
Телефон: 8 (7232) 54-47-65
Напоминаем: Отправляя статью, не забудьте пометить
«Для конкурса».
Объем статьи 4-4,5 стр., обязательно фото (jpg) по теме.
ОҚЫРМАН-ҰСТАЗДАР НАЗАРЫНА!
Принято считать библиотеку тихим местом, а библиотекарей спокойными, выдер-
жанными. Они не спеша ходят между стеллажей и расставляют книги.
ВНИМАНИЮ НАШИХ ЧИТАТЕЛЕЙ!