№3 2015 жыл Наурыз-Март



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата03.03.2017
өлшемі6,01 Mb.
#6112
1   2   3

ЖОЛЫМБЕТКЕ

Әй, қыңыр ер, қыңыр ер,

Қыңырайма біздің ер,

Қыналы бозға мінген ер,

Қыз қалмақты құшқан ер.

Хан жалғыз да біз ұшеу,

Қыңыраймай, шіркін,  бері кел!

ТӘУЕКЕЛ ХАНғА

Үш ай тоқсан кезінде

Қошқар менен бура мас.

Қақ көктемнің кезінде

Айғыр менен бұқа мас.

Жас болжалы жеткенде,

Қыздар менен жігіт мас.

Сол мастықтың жөнімен

Алдыңа келген мен бір жас,

Кессеңіз, ханым, міне бас! 

* * *

Қол-аяғым бұғауда,



Тарылды байтақ кең жерім.

Арманда болып барамын,

Қоштасуға аял жоқ,

Қалқаман, Шолан ерлерім!

Қайырлып қадам басарға,

Күн  болар ем мен сорға,

Өзен, Арал жерлерім

Қиядан қолды көрсеткен

Төбеңе шығар күн бар ма,

Жотасы биік Дендерім?

Қайырымсыз болған хандарға

Тиер ме екен бір күні

Жолбарыстай шеңгелім!

* * * 


Басы саудың түгел-дүр,

Толған тоғай малы-дүр.

Тоқтамай соққан толағай

Толастар мезгіл жеткей-дүр.

Керегеге ілінген

Шабылмаған семсер тұр.

Жаудан алмай кегімді,

Есіл де өмір өткен құр.

Азап шеккен аралда

Ханға қарсы тұрам деп,

Түн ұйқымды бөлгенмен,

Жұртымды жөнге салам деп,

Бас кессе де басылмай,

Ақ ісімді жасырмай,

Атқа мінген ер едік,

Қашырды бүйтіп елімнен,

Күйеуден безген қатындай.

1941  жылы  басталған  соғыс  салмағы 

майданға  аттанған  азаматтар  мен  олардың 

отбасына  ғана  түскен  жоқ,  өндіріс  пен 

ауыл  шаруашылығы,  өзге  де  салалық 

кәсіпорындар  майданға  қызмет  етуге 

жұмылдырылды. Бүкіл ел аяғынан тік тұрды. 

Бұғанасы  қатпаған  бүлдіршін  мен  еңкейген 

қарттарға дейін еңбек майданынан табылды. 

Сол аласапыран зұлматты тойтарып, Жеңісті 

жақындатуға  қазақ  даласының  қосқан  үлесі 

мен    күші  орасан.  Азық-түлік,  жылы  киім-

кешекпен  бірге  соғысқа  қажетті  жабдықтар 

эшалондармен  үздіксіз  тасылып  жатты. 

Ондай 

эшалондардың 



бірқатарындағы 

платформаларда  майданға  қарай  желбіреп, 

бейбіт  күнде  адал  еңбекке  араласып,  ел 

басына күн туған кезде алапаттан тыс қалмай 

БАТЫРЛАР МҰРАСЫ – ЕЛ БІРЛІГІНІҢ КУӘСІ

соғысқа  тіпті  қазақтың  жылқылары  да 

аттанған. 

Сол  бір  қиын  кезеңдерде  халықтың 

рухын  көтеру  мақсатында  өнер  мен 

әдебиет  саласында  да  екпінді  үн,  өршіл 

леп  қалыптасты.  Өнерпаздардың  майдан 

даласына  барып  концерт  беруі,  Жамбыл 

ақынның  «Ленинградтық  өренім»  деп 

жауынгерлерді 

қайрай 

түсуі 


рухани 

бағыттағы  істер  жауынгерлер  ерлігінің 

жемісі болатын. 

Жеңіс мерекесінің 70 жылдығы тойланар 

күн  де  алыс  емес.  Бұл  мерекеге  арналған 

дайындық  жұмыстары  біздің  колледжде 

де  бірқатар  үлкенді-кішілі  іс-шаралар 

басталып  та  кетті.  Тарихы  ел  тарихымен 

қабыса астасқан, тамыры тереңдегі батырлар 

туралы  айтылатын  ашық  сабақтар,  сыр  мен 

тарихи  эпизоттар  көрсетілетін  ашық  тәрбие 

сағаттары мен салтанатты кештер өтілуде. 

Осындай  маңызды  шараның  бірі 

колледждегі жастар ісі комитетінің белсенді 

мүшелерінің  «Желбіресін  жеңіс  туы» 

ұранымен  ұйымдастырылған  ардагерлер 

үйіндегі  патриоттық  концертті  ерекше 

атап  өтуге  болады.  Оқушылар  ерлікпен 

қаза  тапқан  майдангерлерді,  азаматтарды 

бір  минут  үнсіздікпен  еске  алып,  құрмет 

көрсетіп,  соғыс  кезіндегі  әндерді  айтып, 

би  билеп  өз  өнерлерін  көрсетті.  Ұлы 

Жамбылдың қоршаудағы қала тұрғындарына 

арналған «Ленинградтық өрендерім» сияқты 

өршіл өлеңдерді оқыды.  

Мерекелік 

іс-шара 

барысында  

шәкірттеріміз 

ардагерлердің 

көңілін 

көтерумен  қатар,  ардагер  ата,  апаларының 

әңгімелерін,  естеліктерін  сүйсіне  тыңдады. 

Олардан  үлкен  ұлағат  алып,  аға  ұрпақ 

өкілдеріне  ұқсауға  талпынды.  Ардагер  ата-

апаларының  әңгімелерінен,  естеліктерінен, 

айтқан  өсиеттерінен    адамгершілік,  аза-

маттық,  ұлтжандылық  қасиеттерді  жоғары 

бағалау қажеттігін түсінді.

«Біз 


соғысты 

көрген 


жоқпыз. 

Аталарымыздан  естідік,  кинолардан  көрдік. 

Миллиондаған  адамды  қазаға  ұшыратқан 

соғыста  жеңімпаздар  болмайды.  Отанымыз 

аман  болса  екен.  Халқымыз  бақытты  болса 

екен.  Біз  бейбітшілікті  қолдаймыз»  -  деп 

колледждің  білім  алушылары  өз  пікірін 

білдіріп жатты. 

Майдангерлер  өліспей  беріспеске  бекініп 

ұрыс  салған  жауынгерлер  жайлы,  майдан 

даласындағы  ұрыстар  жайлы  әңгімелердің 

тиегін  ағытты.  «Соғыс  біткеніне  70-жыл 

болса  да,  зұлмат  жылдар  салған  жарақат 

жүректен  кетпек  емес»-,  деді  олар.  «Сендер 

бақыттысыңдар.  Бейбіт  уақытта  дүниеге 

келдіңдер.  Соғыс  салған  өртті  Құдайым 

сендерге  көрсетпей-ақ  қойсын.  Жеңіс  күнін 

жақындатқандарды 

ұмытпаңдар 

және 


Қазақстандай қуатты мемлекеттің ұл-қыздары 

екендеріңді  мақтаныш  етіңдер!»-  деп  көкөрім 

шағында  қан  майданға  түскен  ардагерлер 

осылай бата беріп, дән ризалықпен қоштасты. 

Ел басына ауыр күн туғанда Отан қорғауға 

аттанғандар  жан  алысып  жан  беріскен  қан 

майданнан  оралып,  туған-туысқандарымен 

аман-есен  қауышқандар  аз  еді.  Жыл  өткен 

сайын бұл апа, аталарымыздың қатары сиреп 

келеді. Арамызда асқар таудай болып жүрген 

соғыс  ардагерлеріне  басымызды  иіп,  тағзым 

етеміз.  Болашақ  ұрпақты  Отанды  сүюге, 

елінің,  туған  жерінің  адал  патриоты  болуға, 

ынтымақ пен бірлікті құрмет тұтуға тәрбиелеу 

ісіне олар әлі де үлесін қосып келеді.

Ардагерлердің өсиеті жастардың бойына 

адамгершілік,  азаматтық,  ұлтжандылық 

қасиеттерді  сіңіреді.  Сондықтан,  батырлар 

мұрасы-ел бірлігінің бұлағы. 

алтын БаЙҒаЗИЕва, 

АТУ колледжінің жоғары 

санатты оқытушысы

Ұлы жеңіске - 70 жыл



7

«Өзі  жақсы  адамға  бір  кісілік  орын 

бар» деп бұрынғылар бекер айтпаған екен. 

Алматы  технологиялық  университетінде 

1990  –  2006  жылдары  «Жалпы  және 

аналитикалық  химия»  кафедрасының 

меңгерушісі  қызметін  атқарған,  көрнекті 

ғалым  –  химик,  ҚР  Жоғары  мектебі 

Ғылым  академиясының  академигі,  хи-

мия  ғылымдарының  докторы,  профессор 

Төлеутай  Төлеубекұлы  Омаровқа  осы  бір 

сөз арнайы атап айтылғандай. 

Төлеутай  Төлеубекұлы  Омаров  1939 

жылы  29  желтоқсанда  қазіргі  Шығыс 

химиялық  әдістердің  көмегімен  зертте-

улерге  қажетті  құралдармен  жан-жақты 

жабдықтала түсті. Алғаш рет түгелдей Ка-

спий жағалауларының және  Қазақстанның 

басқа  да  бірқатар  мұнай  кен  орындарына 

ғылыми-зерттеу  жұмыстары жүргізілді.

1990-2006 жылдар аралығында Алматы 

технологиялық  университетінің  «Жалпы 

және аналитикалық химия» кафедрасының 

меңгерушісі болып қызмет атқарды. Кафе-

дра  меңгерушісі  болып  тұрғанда  ол  өзін 

дарынды  педагог-тәлімгер  екенін  таныта 

отырып,  бүгінгі  күнгі  атақты  ғалымдарға 

ғылымның  кең  де  сара  жолдарын  аша 

білді. Ғылыми, педагогикалық, инженерлік 

кадрлар  дайындауда  зор  белсенділік  та-

нытып,  ғылым  кандидаттары  мен  доктор-

лары  дәрежесін  ізденушілерге  ғылыми 

жетекшілік  жасады.12  ғылым  кандида-

тын  дайындап,  АТУ  жалпы  химия  ка-

федрасында  3  ғылым  докторы  мен  6 

ғылым  кандидатының  өмірге  жолдама 

алуына  ықпалын  жасаған  болатын.  Оның 

ғылыми  еңбектері  де  өзінше  бір  төбе  де-

уге  болады.  Соның  ішінде  310  ғылыми 

еңбектер,  2  монография,  6  оқу  құралы,  8 

әдістемелік  құрал,  37  авторлық  куәліктер 

мен шығармашылық еңбектердің авторы. 

Т.Омаров дәрістерді екі тілде еркін оқи 

беретін.  Қазақ  тіліндегі  баяндауларынан 

ана тілін терең меңгергені байқалып, ерек-

ше шұрайлы болып тұратын. 

1995    жылы  жарияланымдарының 

рейтингіне  байланысты  «Interbiockreen» 

Халықаралық  қоғамы  Т.Т.  Омаровқа 

«Гетероциклді қосылыстар химиясы» про-

блемасын  шешуші  химик  көшбасшысы 

атағын берді.

Отандық  ғылым  мен  білімге  сіңірген 

еңбегі жоғары бағаланып, ҚР  жаратылы-

стану  ғылымдары  Академиясының  және 

ҚР Жоғары мектебі ғылым академиясының 

мүшесі болып сайланды.

Химия 


ғылымдарының 

докто-


ры,  профессер  Т.Т.  Омаровтың  іргелі 

ғылыми  жұмыстары  отандық  химия 

ғылымдарының,  әсіресе  органикалық 

синтездің  және  химиядағы  валентті  емес 

әрекеттесулердің  табиғаты  салаларының 

қалыптасуына зор үлес қосқандығын айта 

кеткен жөн.

Қазақтың ғұлама философ-ақыны Абай 

бабамыздың  «Арттағыға  сөзің  мен  ісің 

қалса, Өлсең де өлмегенмен боласың тең» 

деген нақыл сөзі осындай азаматтарға ар-

налып айтылса керек. 

Университетімізге  сіңірген  зор  еңбегі 

үшін,  оқу  ордамызда    «Жалпы  және 

аналитикалық  химия»  кафедрасының  

алғашқы  меңгерушісі  қызметін  атқарған 

Т.Т.Омаров  атындағы  биологиялық  және 

органикалық химия зертханасы ашылды. 

Осындай  танымал  ғалым,  ақжарқын 

ұстаздың  бейнесі  шәкірттерінің,  жолда-

стары  мен  туыстарының  жүрегінде  мәңгі 

сақталады  деп  сенеміз.  Ұлтжанды  азамат 

төккен  тері  мен  еткен  еңбегінің  жемісін 

көріп,  қызығына  бөленер  шағында, 

ұстаздық ой мен парасаттың кемел биігіне 

көтерілген  кезінде  өмірден  өткен  зор 

тұлғаны сағынышпен еске аламыз. 

Назерке ЖҮСІПова, 

«Жас Журналистер» клубының төрайымы

Жаңа зЕртхана

Жастар  десе  жанын  беретін,  жанашыр 

апайымыздың  бірі  -  Жеңіл  өнеркәсіп 

және  дизайн  факультетінің  деканы 

Раушан  Оразқызы  Жылысбаева.  Оқу 

бітірген  жастар  қиналып  жүрмесе  екен 

деп,  арнайы  жұмыс  берушілерге  қажетті 

мамандарды  дайындау,  бітірген  жас 

мамандар жұмыс орнына барғаннан кейін 

қандай жағдайларға кездеседі деген үлкен 

мәселені  алға  тартып,  арнайы  жеңіл 

өнеркәсіп  саласы  бойынша  мамандарды 

жұмыспен  қамтамасыз  ететін  жұмыс 

орындарының  басшыларын  шақырып, 

дөңгелек үстел ұйымдастырды. 

  Алғашқы  болып  сөз  кезегін    бірінші 

проректор 

Бауыржан 

Құмарғалиұлы 

Нұрахметов алды: 

-  Алматы  технологиялық  университе-

тіне,  соның  ішінде  Жеңіл  өнеркәсіп  және 

дизайн  факультетіне  жылда  мемлекет 

тарапынан  көп  оқу  гранттары  бөлінеді 

және  университет  бойынша  студенттер 

көптеп келетін мамандық осы факультетте 

сол себепті өз ісіне білікті маман дайындау 

біздің басты міндетіміз, - деп сөзін аяқтады. 

Жалпы,  университетіміздің  жылдық 

оқу  кестесімен,  кафедралар,  студенттер, 

ұстаздар  қауымы  туралы  факультет 

деканы  Раушан  Оразқызы  Жылысбаева 

слайд  түрінде  жалпы  таныстырып  кетті. 

Келесі  Тоқыма  өндірісінің  технологиясы 

кафедрасының 

меңгерушісі 

Айкен 

Жұматайқызы  Құтжанова  арнайы  слайд 



түрінде  кафедра  құрамы,  профессорлар 

жайлы, жылдық студенттерге оқытылатын 

пән атауларымен таныстырып өтті. Сондай-

ақ,  Бұйым  және  тауар  технологиясының 

құрастырылуы  кафедрасының  меңгеру-

шісі Майра Абдрахманқызы Нұржасарова, 

Дизайн кафедрасының меңгерушісі Әлима 

Сәбитова  да  жоғарыдағыдай  мәтінде 

арнайы  слайд  жасап,  қатысушыларды 

БОЛАШАҚ БҮГІННЕН 

БАСТАЛАДЫ

таныстырып  өтті.  Дөңгелек  үстелде 

көптеген мәселелер көтерілді. Осы жылғы 

бітірушілер наурыз айының 23-нен бастап 

дипломдық жұмыстарды қорғауға кіріседі 

көп уақыт дегеннің өзінде ол ары кетсе 2 

апта  уақыт  алады,  ал  диплом  қолдарына 

маусым  айында  бір-ақ  тиеді.  Осы  уақыт 

аралығында бітірушілер диплом болмаған 

соң, жұмысқа да кіре алмайды, яғни үш ай 

босқа жүріп қалады. 

Сондай-ақ, 

өндіріс 

орындарымен 

бірігіп, 

студенттердің 

тәжірибелік 

сабақтарын  өткізетін  арнайы  орындар 

ашсақ  деген  мәселелер  де  көтерілді. 

Қатысушылар: «Жетісу» АҚ бас директоры 

Оспанов  Қ.Б.,    «NIKA»  ЖШС  директоры 

Треандафилиди 

Г.Ф., 

«Казлегпролл 



Алматы»  ЖШС  директоры  Набиева  Б.А.,  

«Мақпал» ЖШС директоры Абдильманова 

Б.К.,  «Asem  Servis»  ЖШС  директоры 

Сарттарова  Л.Т.,    «Алматы  кілем»  ЖШС 

директоры  Абсаметова  Р.А.  өз  ойларын 

ортаға салды. 

Келесі  оқу  жылында  оқытылатын 

пәндер  талқыланды.  Студенттердің  білік-

тілігін  арттыру  үшін  ұстаздар  қауымы  не 

істеу керек деген мәселе де көтеріді. 

Болашақ  бүгіннен  басталады,  ал 

бүгінгі  күн  жастардың  қолында.  Елбасы 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан 

халқына  жолдауында  ауыл  шаруашылығы 

мен  жеңіл  өнеркәсіп  саласын  дамыту 

керек  деген.  Қазірдің  өзінде  Қазақстанда 

шығарылатын отандық өнімге сұраныс көп 

болғандықтан,  өнімді  сапалы  жасау  жас 

мамандардың  қолында  дей  отыра  келіп, 

іске сәт, жастарға табыс тілеймін.



ләззат ТҰрыСБЕКова,

ЖӨжД факультеті, 

ТБТ кафедрасының магистранты 

Қазақстан облысы Шар қаласында дүниеге 

келген.

1958  жылы  орта  мектепті  алтын  ме-



дальмен  бітіріп,  Семейдегі  малдәрігерлік 

институтына  оқуға  түседі,  1960  жылы 

сол  кездегі  С.М.  Киров  атындағы  Қазақ 

мемлекеттік  университетіне  ауысып,  1965 

жылы  органикалық  химия  кафедрасын 

бітіріп шығады. 

Оның  алғашқы  еңбек  жолы  ҚазақКСР 

Ғылым академиясының химия ғылымдары 

институтының  молекулярлық  спектро-

скопия  зертханасында  лаборанттықтан 

басталады.  Сол  жерде  жүріп  ғылым 

баспалдақтарына  қарай  қанат  қағады.  Ла-

борант болып жүріп, химиялық заттардың 

құрылысын  зерттеуге  керекті  барлық 

физикалық тәсілдерді меңгереді. Алғашқы 

еңбектері  органикалық  заттардың  стерео-

химиясын, конформациясын, структуралық 

ерекшеліктерін 

зерттеуге 

арналды.  

Биологиялық және өндірістік зерттеулердің 

нәтижесінде 14 одақтық автордың куәлігі, 

Қазақстан  Республикасы-ның  5  патенті 

алынды.  Осы  зерттеулер  арқылы  бірнеше 

жұмыстар  тәжірибеге,  өндіріске  енгізілді. 

Төлеутай  Төлеубекұлының  өндіріске 

енгізген  еңбегі  үшін  елімізде  «Жаңалық 

енгізуші» деген үлкен белгі алды. 

1971 жылы «Стереохимический аспект 

делокализации  спаренных  и  неспарен-

ных электронов в насыщенных системах» 

тақырыбында  кандидаттық  диссертация-

сын қорғап шықты. Бұл жұмыс алуан түрлі 

химиялық өзгерістерді түсіндірудің негізі,  

конформациялық талдау үшін маңызды бо-

лып табылды.

Көптеген  қосылыстарының  туберку-

лезге  қарсы  және  бактероциттік  жоғары 

белсенділікті  көрсететіні  анықталды.  10 

(он)  қосылысы  мал  шаруашылығында  де-

зинфекциялаушы  құралдар  ретінде  Қазақ 

ветеринарлық  ғылыми  зерттеу  институ-

тында  сынақтан  өтіп,  практикаға  енгізуге 

ұсынылды.

Омаровтың  шәкірттерімен  дайындаған 

келесідей  препараттары  тәжірибедегі 

қолда-нысқа енгізуді:

•  үш  заты  биологиялық  белсенді 

химиялық реактив ретінде «Союзреактив» 

каталогына кірді;

• біреуі тиімді бактерицидтік  препарат 

ретінде қолданылды.

Жаңа  қосылыстарды  ашып,  оны 

практикаға  ендіруге  сіңірген  еңбегі  

үшін,  1980  жылы  Т.Т.Омаров  «КСРО 

өнертапқышы» белгісімен марапатталды.

Т.Т. Омаровтың зерттеулерінің негізінде 

органикалық  химия  ілімінде  алғаш  рет 

жаңа екі реакция ашылды; олар: 

1) 


пиридиннің 

полициклді 

қосылыстары; 

2)  бір  қос  байланысы  бар  азотты-

гетероциклді 

қосылыстар, 

бұлардың 

жаңашылдығы  КСРО-ның  дің  авторлық 

куәліктерімен  және  ҚР  патенттерімен 

қорғалды. 

Оның  «Атлас  инфракрасные  спек-

тры  пространственных  изомеров  произ-

водных  декагидрохинолина»  еңбегі  де 

осы    бағыттағы  отандық  және  әлемдік 

әдебиеттердегі  мәліметтерді  алғашқы 

түйіндеген  маңызды  жұмыс  болып  табы-

лады. 

Т.Т.  Омаров    химия  ілімінде  валентті 



емес  әрекеттесулер  құбылысын  ашты. 

Валентті  емес  әрекеттесулер  валентті-

байланыспаған 

атомдардың 

және  

орбиталдардың  арасында  жүзеге  асады, 



сондай-ақ,  оның  күші  де,  әлсіздігі  де 

қосылыстардың 

құрылысына 

және 


көрші  емес  атомдар  мен  орбиталдердің 

өзара  орналасуына  тура  тәуелділікте 

болады.  Химия  іліміндегі  валентті  емес 

әрекеттесулер  құбылысы  туралы  жаңа 

идеялары  оның  1988  жылы  Алматыда 

ҚазКСР  ғылым  баспасында  жарық 

көрген  135  беттен  тұратын  «Азотты 

гетероциклдардың 

конформациялық 

эффектілері» монографиясында өте мұқият 

та орынды бейнеленген.

Мұнай және табиғи тұздар ғылыми зерт-

теу институтының директоры болып тұрған 

кезінде қазақ – ресей  ғылыми-техникалық 

қоғамдастығының  дамуына,  кеңеюіне  

және нығайуына аса зор үлес қосты. Оның 

бастамасымен осы институтта көптеген са-

лалы  және  академиялық  институттармен 

ғылыми  байланыстар  кең  көлемде  жүзеге 

асырылды.  Институт  органикалық  химия 

мен мұнай химиясын алуан түрлі физика-

ата Заңымызға - 20 жыл


8

С  целью  интеграции  в  международное  образовательное 

пространство  АТУ  в  2010  году  подписал  Великую 

Хартию  Университетов  (Magna  Charta  Universitatum),  став 

полноправным участником Болонского процесса.

АТУ  является  членом  Международной  ассоциации 

университетов  (IAU),  Союза  Евразийских  университетов 

(EURAS),  Клуба  ректоров  Европы  (СRE),  Международной 

ассоциации по обмену студентами (IAESTE).

Решением 

Совета 

Европейской 



Ассоциации 

Университетов  от  3  апреля  2014  года  Алматинский  

Технологический  Университет  зарегистрирован  в  качестве 

индивидуального  ассоциированного  члена  Европейской 

Ассоциации Университетов (EAU) . 

В 2014 году Алматинский технологический университет 

вступил в Международную Ассоциацию ISEKI-Food (IFA).

С  2014  года  на  базе  Алматинского  технологического 

университета  реализуется  программа  двудипломного 

образования совместно с Институтом менеджмента туризма 

и гостиниц (HTMi, Швейцария) по специальностям «Туризм» 

и «Ресторанное дело и гостиничный бизнес».

АТУ  поддерживает  договорные  отношения  с  86 

университетами мира, являясь активным партнером процесса 

интернационализации  образования,  что  подразумевает, 

помимо  академической  мобильности  преподавателей  и 

обучающихся,  реформу  учебных  программ,  совместные 

научные  исследования  и  участие  в  международных 

программах.

АТУ назначен координатором программы Евросоюза FP7 

по направлению «Продукты питания и биотехнология» (BIO-

NCP).


Высокое качество образовательной и научной деятельности 

АТУ  подтверждены:  Международной  аккредитацией 

профильных  образовательных  программ  в  Агентстве ASIIN 

(Германия)  с  правом  вручения  знака  евро-инженер  EUR-

ACE®; Институциональной аккредитацией; Государственной 

аттестацией;  Специализированной  аккредитацией  всех 

образовательных  программ  бакалавриата,  магистратуры 

и  докторантуры;  Сертификатом  системы  менеджмента 

качества  ISO  9000;  Международных  наград  в  номинации 

“EUROPEAN QUALITY”, Золотых медалей Международного 

фонда за высокое качество в деловой практике (Швейцария), 

Ассоциации содействия промышленности (Франция).

В  Национальном  рейтинге  2014  г.  АТУ  занял  10  место 

среди  лучших  вузов  Казахстана,  а  основные  профильные 

специальности  по  пищевой  и  легкой  промышленности 

ежегодно  занимают  первые  места  в  Генеральном  рейтинге 

образовательных программ вузов Казахстана.

В  национальном  бизнес  рейтинге  предприятий  АТУ 

находится на 2-м месте среди вузов Казахстана в номинации 

«Показатели ликвидности».

АТУ имеет оснащенную материально-техническую базу: 

оборудованные  аудитории  и  лаборатории,  современные 

компьютерные  классы,  библиотеку  и  читальные  залы, 

общежития, столовые, актовые и спортивный залы, медпункт, 

типографию.  В  учебных  корпусах  и  общежитиях  имеется 

доступ к Интернету (WiFi).

АЛМАТиНСКий ТЕхНоЛоГичЕСКий УНиВЕРСиТЕТ

Алматинский Технологический Университет (АТУ) сегодня - это один из ведущих центров образования и науки в сфере 

пищевой и легкой промышленности, бизнеса, индустрии сервиса и гостеприимства в Казахстане и Центральной Азии

АТУ – успешно реализует многоуровневую модель непрерывного профессионального образования в соответствии 

с принципами Болонской Декларации и Лиссабонской Конвенции 

по 22 образовательным программам бакалавриата, 19- магистратуры и 11 -докторантуры PhD. 



Наименование специальности

Академическая степень

Ученая степень

бакалавр

магистр

Доктор PhD

Технология продовольственных продуктов

+

+

+



Технология перерабатывающих производств

+

+



+

Пищевая безопасность

+

+

Биотехнология



+

+

+



Стандартизация, сертификация и  метрология

+

+



Метрология

+

Химическая технология органических веществ



+

+

Экология



+

Технология и конструирование изделий легкой про-

мышленности

+

+



Технология проектирования текстильных материалов

+

+



+

Безопасность непродовольственных товаров и изделий

+

+

Дизайн



+

Технологические машины и оборудование

+

+

+



Автоматизация и управление

+

+



Информационные системы

+

+



Вычислительная техника и программное обеспечение

+

Профессиональное обучение



+

Экономика

+

+

+



Менеджмент

+

+



+

Ресторанное дело и гостиничный бизнес

+

+

+



Финансы

+

+



Социально - культурный сервис

+

+



Туризм

+

+



Учет и аудит

+

Государственное и местное управление



+

АТУ - ТВОЙ ПУТЬ К УСПЕХУ!!!

Адрес: 050012, г. Алматы, ул. Толе би, 100

(угол ул. Байтурсынова), 108 каб.

тел.: (8-727) 2935296 и 2935281 (вн. 110)

Факс: 2935292,

E-mail: rector@atu.kz

www.atu.kz

Летние языковые 

курсы в Будапеште

Управление по международным отношениям и академической мобильности пред-

лагает провести лето с пользой, изучая иностранный язык в одном из самых краси-

вейших столиц Европы - городе Будапешт.

Желающим  изучать английский язык в одном из престижных вузов Европы, в ин-

тернациональной среде, вместе с студентами со всего мира.

Вуз партнер АТУ - Университет Корвинус Будапешт, организовывает летние язы-

ковые курсы в период  с 5 июля по 17 августа 2015 года.

Интенсивные курсы английского языка для студентов 2, 3 и 4 курсов обучения.

Продолжительность курса - 6 недель; 

Структура обучения - 5 раз в неделю, с 8.30 до 14.00 часов.

Прием заявок до 15 апреля (для организации визовой поддержки, раннего брониро-

вания авиабилетов). 

По всем вопросам обращаться в Управление по международным отношениям 



и академической мобильности, 703 кабинет.

Қ.С. ҚҰЛАЖАНОВ - редакция алқасының 

төрағасы, АТУ президенті, академик

Редакция алқасы: 

Б.К.Нұрахметов - бірінші проректор, профессор

Б.А.Рскелдиев - ОӘЖ жөніндегі проректор

Қ.С.Батхолдин - тәрбие ісі жөніндегі проректор

А.Қ.Әбішев - ақпараттық қызмет жетекшісі

Ж.М.Түсіпова - РББ меңгерушісі

Редакторы: Абдрахман АСЫЛБЕК

Көркемдеуші және беттеуші: Асыл Қартабаева

Айына 1 рет шығады

Құрылтайшы: Алматы технологиялық университеті

Редакцияның мекен-жайы: 

050012. Алматы қ-сы,Төле би көшесі, 100 - үй, 

тел: 292-48-30

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркеуге алынып,

есепке қою туралы № 6336- Г куәлігі 08.02.2006 жылы берілген.

Таралымы 500 дана.

Тапсырыс №256


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет