3-4 І. Мемлекеттік қызмет түсінігі



бет17/17
Дата24.05.2022
өлшемі6,82 Mb.
#35522
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
ҚОРЫТЫНДЫ.

Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметтің құрамдас бір бөлігі. Ол мынандай міндеттерді шешуге арналған:



  • Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары негізінде мемлекеттік және мемлекеттік органдардың функцияларын жүзеге асыру;

  • Мемлекеттік органдардың өз құзретіне сәйкес тиімді қызмет атқару үшін жағдай тудыру;

  • Басқарушылық қызметінің ұйымдастырылуын жетілдіру ;

  • Азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамаыз ету;

Мемлекеттік қызметті атқару күрделі құбылыс болып табылады, ол дегеніміз, біріншіден- лауазымдық өкілеттілікті іске асырумен байланысты күнделікті жұмыс, екіншіден- қызмет атқару процесінде қызметкердің құқықтық мәртебесінде болатын өзгеріс.
Лауазым заң актілерінде көзделген немесе белгіленген тәртіпте мемлекеттік орган бекіткен ұйымдық- құқықтық бірлік ретінде оны атқаратын адамның өкілеттілігінің мазмұны мен ауқымын көрсететін санат болып табылады. Мемлекеттік лауазымдар функциялар мазмұнына, өкілеттіктер ауқымына және атқару тәсіліне қарай саяси, әкімшілік және қосалқы болып бөлінеді.
Мемлекеттік қызмет атқару еңбек қызметінің ол тоқтағанға дейінгі барлық кезеңдерін қамтиды. Мемлекеттік қызмет атқарудың барлық кезеңдері қызметкердің жеке ісінде құжат бойынша расталады.
Мемлекеттік қызметкерлер міндеттерін табысты атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі және ерекше маңызды тапсырма орындағаны үшін белгіленген тәртіпте марапатталуы мүмкін. Мұндай марапаттау шараларына мыналар жатады: ақшалай сыйлық, алғыс жариялау, құнды заттай сыилық беру және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау.
Мемлекеттік қызметкер өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған және дұрыс орындамаған, лауазымдық өкілеттілігін асырған, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзған, сондай- ақ мемлекеттік қызметтің шектеулерін сақтамаған жағдайда ( « Мемлекеттік қызмет туралы » Заңының 44- шы бабы ) мемлекеттік қызметкерлерге мынандай жаза беріледі:
1 ) ескерту; 2 ) сөгіс; 3 ) қатаң сөгіс; 4 ) қызметке толық сай еместігі туралы ескерту; 5 ) атқарып жүрген қызметінен босату;
Бұл аталған ықпал ету шараларынан басқа мемлекеттік қызметкерге басқа да жауаптылық шаралары қолдануы мүмкін.
Мемлекеттік қызметтің көптеген мәселелері тәртіптік жарғылармен және ережелермен, нақтылы органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелермен, Үкіметтің, министірліктер мен агенттіктердің өзге де нормативтік актілерімен реттеледі.
Жалпы алғанда мемлекеттік қызмет- күрделі кешенді құқықтық институт, ол құқықтың бірнеше салаларымен ( конституциялық, әкімшілік,еңбек, қаржы және басқалармен ) реттеледі. Мемлекеттік органдардағы мемлекеттікке жатпайтын лауазымдарда, сондай- ақ мемлекеттік емес ұйымдарда
( шаруашылық серіктестіктерде, акционерлік қоғамдарда, мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда ) істейтіндердің қызметі еңбек туралы заңнамалармен реттеледі.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерді Ар-Намыс кодексінде мемлекеттік қызметшілердің мінез- құлқының бұлардан басқа да негізгі стандарттары белгіленген. Мемлекеттік қызметшілердің этикалық кәсіби, мәдени деңгейі мен мінез- құлық нормалары нақтыланған. Кодексте белгіленген нақты талаптар бойынша, мысалы, заңмен белгіленген жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасы немесе шетелдік жеке және заңды тұлғалар есебінен мемлекетшілік және шетелдік туристік, емдеу- сауықтыру және өзге де сапарларға шақырулардан бас тартуға тиіс.
Қызметінен заңсыз босатылған жағдайда әкімшілік қызметші уәкілетті органға шағымдануына, сондай- ақ өзінің құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы.
Азаматтың мемлекеттік қызметті өткеруі туралы мағұлматтар оның жеке ісінде сақталады. Оны тиісті мемлекеттік органның кадр қызметі жүргізеді, ал мемлекеттік қызметші басқа жерге басқа қызметке ауысқанда оның жеке ісін мемлекеттік қызметшінің жаңа орнына береді.
Кейбір мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері республиканың оларға тиісті заңдармен реттелінеді. Бұл әскери қызметке, Ішкі Істер, қаржы полициясы, кеден органдарындағы, дипломатиялық қызметке және басқадай қызметтерге қатысты болады.
Сонымен өз жұмысымды қортындылай келгенде жоғарыда айтылғандардың негізінде мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген тиымдар мен шектеулердің соншалықты маңызды екеніне көзіміз жетті.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

Қазақстан Республикаының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ.

  1. А.Қ. Исабеков., Д.О. Кусаинов « Әкімшілік құқық» оқу құралы. –

Алматы: Қазақ универститеті, 2013 жыл-14-20 бет

  1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі

Әдеп кодексі жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 22.02.2022 
№ 814 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет