М.Серғалиев «Теңеудің стильдік қызметі әр алуан, бір ыңғайда, негізінен аз сөзге көп мағына сыйғызуды мақсат етсе, тағы бір жағдайда автордың астарлап сөйлеуіне мүмкіндік береді. Сол астарлап сөйлеудің өзі жинақылықтың арқасында болып отырады» деп, теңеудің көркем әдебиет тілінде алатын орнын айқындайды.
Қазақ тіл білімінде теңеуге толық талдау жасаған ғалым – Т.Қоңыров. «Қазақ теңеулері» атты ғылыми монографиясында теңеудің бүкіл лингвистикалық болмысын: жасалу жолдары мен синтаксистік құрылымын, түрлерін жан – жақты қарастыра отырып, теңеуге мынадай анықтама береді: «Теңеу дегеніміз – ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затқа салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды – экспресссивтік сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан танытатын әрі стильдік тәсіл, әрі таным құралы»
Белгілі ғалым Ж. Қоңыратбаева теңеуге мынадай анықтама береді:
« Теңеу дегеніміз-белгісіз нәрсені белгілі нәрсеге салыстыру арқылы көзге едестету амалы. Ол екі нәрсеге ортақ бір белгі негізінде жасалады. Сөзді образды қолдануда теңеудің образы мен предметі арасындағы байланыс, тұтастық неғұрлым берік болса, соғұрлым көркем шығарманың тілдік қорына тікелей «азық», « қорек», болып еніп, кірігіп отырады.»
Ғалым Қ.Жұмалиевтіңбілдірген пікірі бойынша, қазақ теңеулерінің жасалуының үш түрлі тәсілі бар: бірінші, - дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін, -тайын, -тейін жұрнақтары арқылы, екінші, –ша, - ше жұрнағының көмегімен, үшінші – секілді, сияқты, тәрізді сөздері. Қ.Жұмалиевтің бұл пікірі дұрыс болғанымен, теңеудің жасалу тәсілдерін түгел қамти алмайды. Қолда бар қыруар материалды сұрыптай келгенде, қазақ тіліндегі теңеулердің жасалуының төмендегідей жолдары бар екені анықталды:
– дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін, -тайын, -тейін жұрнақтарының көмегімен;