3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі


Қас I Қабақтың үстіне шығатын түк. Қас II



бет33/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   67
Байланысты:
stud.kz-70933

Қас I Қабақтың үстіне шығатын түк.
Қас II Ердің алдыңғы басы мен артқы басы.
Қас III Үзіктің шаңыраққа жетіп тұратын шеті.
Қас IV Біреуге жамандық ойлаушы, өш.
Қас V Нағыз, тым, аса; қаса[ҚТТС, 490 бет].
6.Салт атты солдаттар қоршаған қара пәуескеден жарқ-жұрқ етіп мұртты біреу түсіп жатыр(157 бет).
Қара I Көмірдің, күйенің түсіндей (аққа қарама-қарсы түс).
Қара II Жылқы, түйе, сиыр малдарының жалпы аты.
Қара III Назар аудару, көз жіберу [ҚТТС, 477-479 бет].
7.Жерді солқылдатқан трактор жақындай бере кілт тоқтаған(113 бет).
Кілт I Құлыпты, есікті, сандықты ашып-жабатын ашқыш.
Кілт II муз. Нота жолының басында тұрып, нотаның мәнін айқындайтын белгі.
Кілт III Шұғыл, тез[ҚТТС, 437 бет].
8.Қопаның оң жақ бүйіріндегі қалың тобылғы арасында ескі апан бар(113 бет).
Оң I Солға қарама-қарсы жақ.
Оң II Жөнді болу, жетісу.
Оң III Бояуы кету, өңі түсу[ҚТТС, 633 бет].
9.Ең соңғы қайырғанда бетіне қан теуіп, қалы жыбыр етті(139 бет).
Қан I Денедегі барлық клеткаларға қорек беріп тұратын қызыл түсті сұйық зат.
Қан II көне Нағыз.
Қан III Шөлі басылу, сусындау[469-470 бет].
Сәкен Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй» романын талдау барысында 29 оминим теріліп, талдауға түсті. Олардың әрқайсысының мағынасы ашылып, стильдік қабаттарға бөлінді. Соның ішінде 10-ы лексикалық омоним, 10-ы лексика-грамматикалық омоним, 9-ы аралас омоним.


II. Шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі


2.1. Шығармадағы көркемдегіш-бейнелеуіш тәсілдердің қолданысы


Теңеу
Теңеу- көркем мәтінде көрнекті орын алатын әсерлі сөз және затты, нәрсені, құбылысты немесе солардың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым және көркем ойлаудың ұлттық ерекшеліктері жинақталған категория.Олар стилистикада эмосционалды – экспрессивті лексикаға және көркем ойға құралған тіркестерге байланысты айтылады. Теңеу ауыспалы мағыналардың пайда болуына және экспрессивтік қасиеттерінің күшеюіне байланысты сөздің мағыналық ауқымының кеңеюі, оның көркем шығармадағы эстетикалық қызметін дамыта түседі.
Тұрақты теңеулердің де еркін теңеулердің білдіретін негізгі мағынасы компаративтік мағына. Бұл екеуінің арасында ешқандай семантикалық айырмашылық болмайды. Мәселен, «үндемеген үйдей пәледен құтылады» тұрақты теңеу мен «ол үйдей тастан секіріп өтті» деген еркін теңеудің айтылуы бірдей.

Белгілі бір халықтың көркем әдебиеті басқа халықтардың әдебиетінен, ең алдымен, өзінің образдар жүйесімен, сөз бейнелеу тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдебиеттегі образдар жүйесі және сөз бейнелеу тәсілдері – ұлттық характердің ең басты көрсеткіштері. Бұларсыз ешбір ұлт әдебиеті өмір сүре алмайды. Көркем әдебиет үшін, әсіресе, ұлттық тілдің маңызы зор.


Түрдің өзінің көріну тәсілдері, жүзеге асу жолдары, өмір сүру заңдылықтары болады. Сол түрдің көріну тәсілдерінің бірі – теңеу категориясы. Теңеу категориясы – бүкіл бейнелеу, көркемдеу тәсілдерінің ішіндегі ең бастысы, ең пәрмендісі. Бейнелеу тәсілдерінің барлығы да бастауын осы теңеуден алады
Қазақ тіл білімінде теңеу жан – жақты зерттелген. Қазақ тіл білімінің тұңғыш зерттеушісі А.Байтұрсынов «Теңеу заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей – ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді» деп көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет