№3 (76) 2010 паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі379,08 Kb.
#9939

13

№ 3 (76) 2010

паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР

1.  мухамедьянов  Н.Д.,  умнов  и.А.,  Асаинов  с.у.  рукопашный  бой:  учебное  пособие. 

-караганда: карагандинский юридический институт мвД республики казахстан, 2000. -128 с. 

2. Дзюдо. система и борьба: учебник / Ю.А. Шулика [и др.]. – ростов на Дону: Феникс, 2006. 

– 800 с. 

3. Непомнящий с.в. Экспериментальное обоснование средств для воспитания профессионально 

важных  физических  и  психологических  качеств  у  работников  патрульно-постовой  службы 

милиции: методические рекомендации. – волгоград: всШ мвД ссср, 1987. – 69 с.

редакцияға 15.12.2009 қабылданды. 

б.з. анДасова,  н.а. ыРымбаева

ҰлттыҚ тӘРбие беРуДе аҚпаРаттыҚ технологиялаР 

мҮмкІнДІктеРІн  ҚолДану

In  this  article  the  role  of  information  technology  and  Internet  application  in  etnopedagogical 

education are considered.

елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  ұсынған  «Қазақстан-2030»  стратегиясында  негізгі  бағыттардың 

бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі 

жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық 

рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі туралы айтылған [1]. осы 

негізде жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру баса назар аударуды қажет етеді.

«отан  -  отбасынан  басталады»,  «ел  болам  десең,  бесігіңді  түзе»  деп  қазақ  халқы  бекер 

айтпаған,  сондықтан  ұлттық  тәрбие  беру  бұл  ел  болашағын  ойлау  болып  табылады.  Өйткені, 

ұлттық тәрбие көздерінен сусындап өскен жас ұрпақ қана ана тілін, ел тарихын, салт-дәстүрін 

құрмет  тұтып,  елінің  патриоты  бола  алады,  ұлтжанды,  сыпайы,  теріс  жолға  түспей,  тәрбиелі, 

білімді, дені сау, еңбекшіл болып өседі. Қазіргі жастар арасында ана тілін, салт-дәстүрі мен ұлт 

тарихын білмеу, теріс жолға түсу, нашақорлық, заң бұзушылық, төбелес, енжарлық, жалқаулық, 

әдепсіздік, дөрекілік мінез таныту сияқты т.б. келеңсіз әрекеттер көрініс тауып жатыр.  сондай-

ақ тастанды және «қиын» балалар, жеңіл жүрісті қыздар, қарттар үйіндегі қариялардың болуы, 

ата-ана мен үлкендерге дөрекілікпен қарсы келу сияқты ұлтымызға жат жағдайлардың болып 

жатқан жайы бар. Бұл жағдайлардың орын алуының себептеріне жастардың шет елдік мәдениетке 

жеңілтек еліктеулерін, солардың «жұлдыздары» мен  салттарын үлгі тұтуын, шетел өмірі мен 

мәдениетін кеңінен насихаттайтын ақпарат құралдарының жастардың өмір сүру ортасын жаулап 

алғанын, олардың жастарға әсер ету жұмыстарының қарқындылығын атауға болады. Теледидар 

мен кинолардан көретіні, компьютерлік ойындарда ойнайтыны жан-түршігерлік атыс, кісі өлтіру 

болса, жақсы өнеге көрсететін үлкендер мен ата-ана болмаса, ата-анасы тарапынан  бала жанын 

түсініп сырласу болмаса,   ешкім жаман әдетті талқылап баланың көзін жеткізіп  түсіндірмесе, 

баланың немен шұғылданып жүргеніне қадағалау болмаса,  әрине, бала тас жүрек болады, тыю 

көрмеген соң өз білгенін істейді. Бұл себептердің негізінде ұлт санасын улап жатқан ақпараттардың 

мазмұнына,  насихатына  және  тәрбиелік  мәнісіне  қоғамның  тарапынан  немқұрайдылық, 

жастарды дұрыс жаққа тартатындай альтернативалардың жеткіліксіздігі, жастарымыздың ненің 

жақсы  екенін  ажыратпай  тез  еліктегіштігі,  өз  әрекетінің  ақыры  неге  ұрындырарын  ойлауға 

ниетінің болмауы және оған санасы мен мәдениетінің, тәрбиесінің жеткіліксіздігі жатыр. Ұлттық 

менталитетімізге  жат  қылықтардың  жастар  арасында  етек  жаюы  жас  ұрпақты  ұлттық  рухта 

толық  ақпараттандырмағанның,  ұлттық  тәрбие  беруді  әлсіретіп  алудың  нәтижесінде  туындап 

отыр. олай болса,  елдігіміздің тұғыры болатын ұлттық тәрбиеге баса көңіл бөлу керек.  

 Ұлттық тәрбиенің мақсаты - үлкенге құрметпен қарап, кішіге ізет көрсете алатындай, саналы, 

ұлтжанды  азаматтар  тәрбиелеу.  Бойында  осындай  қасиеттері  бар  азамат  қана  халқына  адал 

қызмет етеді,  елінің өркендеуіне аянбай тер төгеді. 

осы  уақытқа  дейін  қазақ  халқының  ұрпақ  тәрбиесінде  қолданылып  келген  халық 

педагогикасының мұралары әлі күнге дейін аса маңызды болып отыр. Ұрпақтан-ұрпаққа мұра 

болып қалып отырған құндылықтарда қаншама тәрбиелік, танымдық материалдар жинақталған. 



14

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

Халқымыздың салт-дәстүрлері мен тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті мен ауыз әдебиеті тұтас ұрпақ 

тәрбиесіне  арналған.  Алайда  олар  түрлі  себептерге  байланысты  халықтың  бәріне  қолжетімді 

емес.  Қазіргі  ғылым  мен  технологиялардың  дамыған  заманында  жас  ұрпаққа  ұлттық  тәрбие 

беруге  ықпалын  тигізетін  кез  келген  ақпараттың  қолжетімді  болуы  үшін  жаңа  ақпараттық 

технологиялардың барлық мүмкіндіктерін пайдалануымыз қажет. Жас  ұрпаққа білім мен тәрбие 

беру, олардың ойлау қабілеттерін дамыту, оларды өздігінен білім алу  мен өзін-өзі тәрбиелеуге 

үйрету  мәселелері  түрлі  факторларға,  соның  ішінде    ақпараттық  құралдарға  да  (баспасөз, 

телеарна,  радио,  интернет,  электронды  ақпараттар  және  т.б.)  тікелей  байланысты.  Өйткені 

жастар теледидардан көргеніне, баспасөзден оқығанына, өздері пір тұтып жүрген  тұлғаларға, 

зиялы қауым өкілдеріне, өнер жұлдыздарына еліктейді, отбасында көрген өнегесін қайталайды.  

Жастарға ұлттық тәлім-тәрбие беру үшін білім  мен тәрбие беруді дұрыс ұйымдастырып, қолда 

бар  бұқаралық  ақпарат  құралдары  мен  ақпараттық  технологиялардың  мүмкіндіктерін  кеңінен 

пайдалануға  болады.  Ақпараттық  технологиялар    қазіргі  ақпараттық  білім  ресурстары  мен 

танымдық  әрекеттерге  қол  жеткізудің  интерактивті  ортасын  жасау  мақсатында  қолданылып 

отыр. Ақпараттық технологияларды тиімді қолдану бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін 

дамытуға, жастардың танымдық белсенділігін арттыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне және 

ұлттық тәрбие беруге де де жағдай жасайды. Қазіргі уақытта халықтың көп бөлігі, әсіресе жастар 

интернетті  көп  қолданады.  олар  кітапханалардан  материал  іздегеннен  гөрі,  интернет  желісі 

арқылы ақпаратты жылдам әрі нақты алғанды, үйінде отырып аудио-видео дискіден оқығанды, 

тыңдағанды, көргенді қалайды. сол себепті ұлттық тәрбие беруге қатысы бар барлық ақпараттың 

бұқаралық ақпараттық құралдарда, соның ішінде интернетте болуы қазіргі кезде оның танымдық 

және  тәрбиелік    жағынан  тиімді  болатынын  көрсетіп  отыр.  Өйткені,  көпшілік  үшін  интернет 

-

 ақпарат көзі,  қарым-қатынасудың және ақпарат алмасудың жылдам, әрі арзан құралы ретінде 



қолданылады, ол барлық жастағы қолданушыларды қамтиды. Aуқымды желi немесе интернет – 

адамзаттың  ақпараттық технология саласындағы жеткен жетiстiктерiнiң бірі, бүкіл әлем бойынша 

ақпарат  ағынын  таратуды  қамтамасыз  ететін  желiлер  жиынтығы.  оның  кез  келген  ақпаратты 

(мәтін, аудио, видео түріндегі)  жан-жақты  көрнекі түрде көрсету, тез жаңарту, толықтыру, кең 

ауқымда тарату, қолжетімділік сияқты мүмкіндіктері аса зор.  

осындай зор және алуан мүмкіндіктері бар интернетті ұлттық тәрбие беруде қолдансақ, тиімді 

нәтиже берері сөзсіз. Алайда, қазақ тіліндегі ақпаратқа деген сұранысты интернет әлі де болса 

толық қанағаттандыра алмай келеді. Қазақша қандай сайттар бар, оларды ұлттық тәрбие беруде 

қалай    қолдануға  болады  деген  сұраққа  жауап  іздеу  үшін    қарастырған  интернеттегі  қазақша 

сайттардың  мазмұндық  және  құрылымдық  жағынан  сапалары  әр  алуан  болды,  кемшіліктер 

де  кездеседі.  кемшіліктердің  ішінде  аса  назар  аударатын  жағдай  –  ол  қазақ  тілінде  жазылған 

мәтіндердегі қателердің болуы, ал бұл тек «сауатсыздық» қана емес, мұның екінші жағы ұлттық 

тәрбиеге    көңіл  бөлу  керек  дегенге  тіреледі.  Өйткені,  тәрбие  беру  тұрғысынан  қарағанда  бұл 

сауатсыздықты  кейбір қазақтардың өзінің ұлттық тіліне деген көзқарасының көрінісі деп түсінуге 

болады, оған қолданушылардың сайт ішінде (чат, форум, пікірлер және т.б.) қазақ тілінде сөйлесу 

мәдениетінің  төмендігі,  атап  айтқанда,  сауатсыз,  жаргондық  тілде  немесе  орысша  сөздерді 

араластырып «сөйлесуі» дәйек болады, өкінішке орай, бұл тек интернетте ғана емес, күнделікті 

өмірде де кездесіп отыр. Қазақтың тілі қазаққа ғана керек, өйткені бүгінгі күні суын ішіп, ауасын 

жұтып,  нанын  жеп,  байлығын  игілігімізге  жаратып  отырған  қазақ  жерін  ұрпағына  қалдырған 

ата-бабалар рухы риза болуы үшін, елдігімізді, жерімізді сақтау үшін, мемлекетіміздің болашағы 

үшін де  осы алтын діңгегіміз - тілді сақтау керек. Басқа ұлттың арқа сүйер өз мемлекеттері бар, 

қазақ тілін білуге олар мәжбүр болып отырған жоқ. Жанға бататыны - өз мемлекетінде тұрып  

кейбір қандастарымыздың барлық жағдай жасалып жатса да ана тілін білмеуі және  ниеттенбеуі. 

«Өзіңді-өзің сыйласаң - жат жанынан түңілер» дегендей, өз тілің мен мәдениетіңді өзің ұлық 

тұтып,  ұлтыңның  тектілігін  біліміңмен,  өнеріңмен,  ғылымыңмен,  адамгершілігіңмен    елге 

таныта  білсең,  сонда  ғана  ұлтыңды,  тіліңді  басқа  ұлт  та  мойындайды,  ұлттың  жанын  түсіну 

үшін, түпнұсқадан оқу үшін, сыйлағаннан қазақ тілін білуге тырысады.  сондықтан интернетті 

қазақша сауатты «сөйлету»  үшін әлі де білім беру, тәрбиелік және ақпараттық технологияларды 

дамыту бағытында жұмыстар жасалуы тиіс екендігі байқалады. 

Бұл  ретте  Б.Ахметжанова  айтқандай  «Бізге  де,  жаһандану  кезеңінің  қажеттіліктерін,  ұялы 



15

№ 3 (76) 2010

байланыс,  теледидар,  интернет  желісін  өз  қажеттіліктерімізге,  өз  мүддемізге,  пайдамызға  сай 

етіп пайдалануды үйрену керек. Ұлттық тәрбие беру құралына айналдыруға, қазақ тілін үйретуге, 

қазақ салт-дәстүрінің қайта жаңғыртылуына пайдалануымыз керек» [2].

егемендігімізді алып, еңсемізді көтергелі бері  «ұлттық» деген сөзді еркін қолданатын болдық. 

Ұлттық тәлім-тәрбие беру, ұлтжанды тұлға тәрбиелеу, қазақ тілін, ұлттық мәдениетіміз бен салт-

дәстүрімізді дамыту  жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында да кеңінен айтылып жатыр. Бұл 

тақырыпты  интернеттегі қазақ тіліндегі сайттардың да («Іргетас», «Қазақ» және т.б.) көтергені 

көңіл  қуантады.  Қарастырған  қазақ  тіліндегі  сайттарды  мына  негізгі  тақырыптар  бойынша 

топтастыруға болады: екі немесе үш тілде ақпаратын ұсынатын мемлекеттік органдардың, түрлі 

ұйымдар мен мекемелердің ресми сайттары; ағарту саласына бағытталған сайттар (білім беру, 

танымдық, кітапханалар және т.б.); сондай-ақ ойын-сауықтық, тек аудио немесе видео сияқты 

нақты бір тақырыптарға немесе аралас тақырыпқа арналған және т.б. сайттар.

осылардың  ішінде  ұлттық  тәрбие  беруде  кеңінен  қолдануға  болатын  бірталай  сайттар 

бар,  олардың  мазмұнындағы  орналасқан  материалдарды  (тәлім-тәрбие,  мақал-мәтелдер,  ұлы 

адамдардың өмірбаяндары, шығармалары, қазақ музыкасы және т.б.) тек білім алуда ғана емес, 

сонымен қатар тәрбие сағаттарында, кластан тыс тәрбиелік шараларды ұйымдастырғанда, тіпті 

кез келген ата-анаға өз баласын тәрбиелеуде де қолдануға болады. Баланы осындай ақпаратты 

білуге мәжбүр ететіндей  оның алдына мақсат қойып, бағыттайтын шаралар болуы тиіс.

Ұлттық  тәрбие  беруде  қолдану  мүмкіндігі  бойынша  қазақ  тіліндегі  сайттарды  талдау 

нәтижесінде мынандай қорытындыға келдік. кез келген ақпарат іздеген қолданушыға, әсіресе 

қазақ  баласына  интернет  арқылы  қазақтың  қолөнерін,  тарихын,  мәдениетін,  салт-дәстүрін, 

ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық құндылықтарды білуге мүмкіндік 

жасалуы тиіс. Әр қазақ баласында ұлттық сезім, бойында ұлттық рух болуы үшін, Қазақстанды 

көркейтетін ұлт патриоты болуы үшін оның өмір сүру ортасы қазақи болуы керек, яғни:

 тәрбие басы - тіл болғандықтан, қазақ баласы жөргегінен бастап қазақтың сөзін естуі, өзі 



қазақша сөйлейтіндей болуы керек, ол үшін оның отбасы, айналасы, қарым-қатынасу жасайтын 

барлық бұқаралық ақпарат құралдары және танымдық құралдары қазақша «сөйлеуі»  тиіс;

ана тілінде ана әлдиін естіп қанаттанған, дала әуенімен, ән-жырымен және домбыра, қобыз, 



сыбызғы сияқты т.б.  ұлттық аспаптар үнімен рухани сусындап өскен бала ғана ұлт мәдениетінің 

жанашыры  болады,  ол  үшін  балаға  қазақ  әндерін,  жырлары  мен  күйлерін  үйрететін,  олардың 

тарихын таныстыратын ақпарат қолжетімді болуы керек;

мәдениетті, рухани жан-жақты, үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарайтын кішіпейіл болуы 



үшін қазақтың мәдени мұраларын, салт-дәстүрлерін, ырымдары мен тыйымдарын таныстыратын 

ақпарат та оған қолжетімді болуы керек;

 ұлттық тағамдарын ішіп, олардың  ағза үшін пайдасын және қалай дайындалатынын білуі тиіс 



(өкінішке орай, басқа ұлттың тағамын дәріптейтіндер, қазақша етті бесбармақ деп атайтындар, 

тіпті мал сою рәсімінен бастап, дастарханға қалай мүшелеп тартуды білмейтін жастар ғана емес, 

орта жастағылардың арасында да кездеседі), сондықтан мұндай ақпарат еркін түрде қолжетімді 

болуы керек;

ұлттық киімдерін, олардың аталуы мен киюдің жөн-жоралғысын (шапан, сәукеле, кимешек, 



тақия т.б.) біліп қана қоймай, олардың қалай жасалатынын білу мүмкіндігі болуы керек.  Өкінішке 

орай, ұлттық киімдер мерекелердегі мәдени шараларда, наурыз мейрамында ғана киіледі және 

қарт ата-әжелеріміздің үстінен немесе сән үлгісін көрсетулерде ғана көреміз. 

күнделікті  тұрмысында  қолданатын  ұлттық  ыдыс-аяқтың,  үй  жиһаздарының,  музыка 



аспаптарының, шаруашылықта қолданылатын құрал-саймандардың атауларын, олардың қолдану 

тәсілдері мен жасалуын білу мүмкіндігі болуы керек. 

Ұлттық  рухы  бар  ұлтжанды  тұлғаны  тәрбиелеу  үшін  осы  аталған  ақпараттың  кез  келген 

уақытта қолжетімді болуын іске асыруда интернет таптырмас құрал болып табылады, сонымен 

қатар қазіргі жастардың басым бөлігі интернетті қолданады. 

Өмірге  қазақ  болып  келген  әр  баланы  нағыз  ұлтжанды    азамат  етудің  басқа  да  жолдары 

жетерлік, ең алдымен оның ата-анасы, мемлекет және ұлт тағдырына немқұрайды қарамайтын 

азаматтар осыған мүдделі болып, іс жүзінде нақты шаралар жасалу керек. 

осы  мақсатта  біздің  ұсынарымыз  -  ұлттық  тәрбие  берудің  құралы    ретінде  интернеттің 


16

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

мүмкіндіктерін  кеңінен  қолдану.  ол  үшін  интернетте  мынандай  арнайы  тақырыптарда  қазақ-

(орыс-ағылшын) тілінде ақпарат ұсынатын сайттар болғаны жөн:

1.  Ұлттық тәрбиеге ( және этнопедагогикаға) қатысты, соның ішінде:

Халық педагогикасына қатысты еңбектер, қазақ ағартушы-ғалымдары;



Тәрбиеге қатысты халық ауыз әдебиеті және қазіргі әдебиет;

Бала  және  жастар  тәрбиесіне,  денсаулығына  қатысты  (сәби  күтімі,  қыз  бала,  ер  бала, 



жасөспірім, келін және т.б.  тәрбиесі). осының ішінде қыз баланың денсаулығы мен тәрбиесіне 

аса көңіл бөлу керек

2.  Ұлттық өнерге қатысты (ән, жыр, айтыс, күй, серілік, аңшылық және т.б.); 

3.  Ұлттық қолөнерге қатысты (ат әбзелдерін жасау,  ұсталық өнер, ұлттық үй жиһазын жасау, 

киіз үйдің жабдықтары, тоқыма, тігін, ісмерлік және т.б.);  

4.  салт-дәстүрлерге  қатысты  (ұлттық  мерекелер,  салт-дәстүрлер,  ырымдар  мен  тиымдар, 

ұлттық ойындар, туыстық қатынастар этикасы және т.б.);

5.  Ұлттық тағамдар мен сусындар, ас әзірлеу, төрт түлік күтімі  және т.б.

6.  Қазақ  тілін  оқыту  курстары,  қазақша  сөздіктер  мен  аудармашы  бағдарламалар 

(терминологиялық, түсіндірме, орфографиялық, орфоэпиялық, фразеологиялық сөздіктер және 

т.б.) және тағы басқалары. 

Бұл тізімді  осылайша жалғастыра беруге болады, барлығы да ұлттық тәлім-тәрбие беру үшін 

қажет.  мысалы,  қазақ  әндеріне    арналған  сайтта    халық  әндерін,  халық  композиторларының 

әндерін, қазіргі қазақ әндерін кезеңдер бойынша ғана қарастырып қоймай, еліміздің әр өлкесіндегі  

ән  өнерінің  ерекшеліктерін,  әндердің  тарихын,  авторларын,  орындаушыларын,  әннің  мәтінін 

және  әуенін  таныстыратындай,  жаңа  шыққан  ән  үйрететіндей    мүмкіндік  болса,  қазақ  әнін 

айтатын жастар саны артушы еді. Айтыс дегенде елең етпейтін қазақ жоқ шығар, алайда айтыс 

мектебі бәріне қолжетімді емес. Ұлтымызды даралайтын осы айтыс өнерінің тарихын, бұрынғы 

өткен және қазіргі айтыстарды, айтыскерлер мен олардың айтыстары туралы ақпаратты беріп, 

сайт арқылы айтыскерлер мен осы өнер жанкүйерлерінің  бас қосуын іске асырса, бұл өнердің 

де өркендеп құлаш жаюына  әсерін тигізері сөзсіз. осындай мысалдарды көптеп келтіре беруге 

болады. ең бастысы, мұндай сайттардағы ақпарат қолданушыға кез келген уақытта қолжетімді 

бола алады. Ал әр отбасыда  ата-анасы  балаларымен бірлесіп отырып аталған тақырыптардағы 

сайттардағы  ұлттық  құндылықтармен  танысса,  ғасырлар  қойнауында  қалыптасқан  ұлттық 

тәлім-тәрбиені,  озық  өнегелі  дәстүрлерді,  адамгершілік  асыл  қасиеттерді  жастар  бойына 

қалыптастыруға болады. 

Тәлім-тәрбие  тұжырымдамасында:  «Әрбір  адам  ең  алдымен  өз  халқының  перзенті,  өз 

отанының  азаматы  болу  керек  екенін,  ұлттық  болашағы  тек  өзіне  байланысты  болатынын 

есте ұстауға тиіс. оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер 

көмектеседі,  солар  арқылы  ол  жалпы  азаматтық  мәдениетке  аяқ  басып,  өз  халқының  мәдени 

игілігін  басқа  халықтарға  жақын  да  түсінікті  ете  алады.  сондықтан  әрбір  ұрпақ  өз  кезімен 

өткеннің тағдыры мен талаптарын, объективті факторлар ретінде ұсынып, сол арқылы ұрпақты 

өмірге  даярлап,  оларды  жинақталған  бай  тәжірибе  негізінде  тәрбиелей  отырып,  өзінің  ата-

аналарының рухани мұрасын игере түсуі керек» делінген. олай болса, тілдің, әдебиеттің, ұлттық 

мәдениеттің, халықтық педагогиканың, түптеп келгенде ел тағдыры мен болашағы жас ұрпаққа 

ұлттық тәрбие беруге байланысты. Өйткені,  қазақтың біртуар ұлы мұстафа Шоқай айтқандай: 

«Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін 

жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды» [3]. 

Ұлттық тәрбие беру бағытындағы қазақ тіліндегі сапалы сайттарды құруды осы идея аясында 

біріккен азаматтар тобы да,  мекемелер мен ұйымдар, фирмалар да іске асыра алады. Алайда, 

жастарға  ұлттық  тәрбие  тақырыбындағы  дайын  ақпаратты  ұсынғаннан  гөрі,  осыны  жүзеге 

асыруға  олардың  өзін  тартқан  дұрыс  деп  санаймыз.  Ғылымның  әр  алуан  саласы  бойынша 

ғалымдар  шоғырланған  және  оқу  мен  тәрбие  процесі  қатар  жүретін  оқу  орындарында    мұны 

жүзеге  асырудың  мүмкіндігі  жоғары,  әрі  қаржылық  шығынды  аз  талап  етеді.  Қазақ  тіліндегі 

ұлттық  құндылықтармен  таныстыратын  сайттарды  құру  жұмысын  жүргізуді  қалауы  бойынша 

студенттердің  үйірмесі  түрінде  де,  кәсіби  бағыттағы  пәндерді  оқыту  барысында  кафедра 

деңгейінде  де  ұйымдастыруға  болады  немесе  ұлттық  тәрбиеге  қатысты  ақпаратты  мектептің, 


17

№ 3 (76) 2010

жоғары оқу орнының немесе кафедраның сайттарына жеке бөлім ретінде қосуға да болады. Ал 

студенттерді  кәсіби бағдарлау мақсатында танымдық және тәрбие беру процестерін ұштастыруға 

да болады. ол үшін тақырыптық сайттарды жасауды дипломдық жұмыс немесе мамандық аралық 

курстық жұмыстар, жобалар түрінде әртүрлі мамандықта оқитын студенттерге бірлесіп орындату 

арқылы іске асыруға болады. Бұдан ұтарымыз, әр мамандықтың болашақ иесі  сайттағы өзіне 

қатысты бөлікті кәсіби деңгейде орындау үшін ізденеді, материалдар жинайды, үйренеді,  жасау 

барысында ұлттық құндылықтармен өздері де танысады,  басқаларға насихаттайтын болады.  ең 

бастысы, бұл жұмыстарда оларға  сол саланың ғалымдары мен кәсіби мамандары жетекшілік 

етіп,  бағдарлайды,  сол  арқылы  сайт  сапасы  қамтамасыз  етіледі.  студенттердің  осындай 

кәсіби  бағытталған  ізденіс  жұмыстары    ғылыми  ізденістерге  ұласып,    тарихи  және  мәдени 

құндылықтардың  жаңғыртылуына,    ақпараттық  технологиялар  саласында  жаңа  қадамдардың 

жасалуына ықпал етуі де мүмкін.

Қорыта келгенде, қазақ тіліндегі интернет сайттарының мазмұны мен ұсынатын ақпараты ата-

аналарға, тәрбиешілер мен мұғалімдерге,  сондай-ақ кез-келген қолданушыға ұлттық тәлім-тәрбие 

беруге байланысты олардың іздеген сұрағын қанағаттандыратындай болуы керек. Бұған тек сайт 

құрушылар ғана емес, сайт мазмұны  сапалы ақпаратпен қамтылу үшін кәсіби мамандар да, атап 

айтқанда педагогтар, этнопедагогика мамандары, тарихшылар, тіл мамандары, өнертанушылар, 

дизайнерлер,  ақпараттық  технология  саласының  мамандары  және  т.б.  ұлтжанды  азаматтар  да 

бірлесіп, қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланып үлес қосуы керек және  бұл іске жастардың өзін 

тарту керек.

паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР  

1.  Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. http://www. akorda.kz

2.  Ахметжанова Б. Тәрбиенің тетігін теледидардан таба аламыз ба? (Білім шапағаты, 05-11-2009) http://

www.bsh.kz/news/1257426035.html

3.  рысбекова Т. БАҚ және ұлттық тәрбие // Қазақстан мектебі. 2004 ж. №7. 67-68 бб.

редакцияға 10.12.2009 қабылданды. 



Ж.а.акпаРов

сетевая технология обуЧения как сРеДство 

самообРазования стуДента

Последствия мирового финансово кризиса существенно отразились на системе образования 

казахстана, особенности заочной формы обучения. согласно, статистических данных, по данной 

форме обучения получают образование следующие категории студентов:

1) работающие, но не имеющие профильного образования;

2) работающие и не имеющие высшего образования;

3) домохозяйки;

4) выпускники школ, не имеющие возможность оплачивать дорогостоящее для них высшее 

образование. 

кроме  того,  анализ  последних  трех  лет  показал,  что  студенты  заочной  формы  обучения  в 

основном  работают  по  своему  профилю,  в  различных  структурах  государственных  органов  и 

хозяйствующих субъектов. многие студенты не имеют возможности своевременно и полностью 

посещать занятия. Причинами являются: отсутствие заинтересованности работодателя, боязнь 

потери  в  кризисное  время  рабочего  места,  жесткая  конкуренция  на  рынке  на  рынке  труда. 

Это  влияет  на  качество  образования,  получаемое    студентом,  что  в  свою  очередь  отражается 

на  профессиональной  подготовке  специалиста.  Таким  образом,  рынок  труда  получает 

неквалифицированных специалистов. Эта проблема затрагивалась в работе великановой с.с., 

которая считает, что «создание системы профессионального образования означает необходимость 

разработки  систем  профессионального  обучения,  обеспечивающих  эффективность  процесса 

профессиональной  подготовки  и  переподготовки,  реализацию  потенциальных  возможностей 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет