3-апта. 6-8 СӨЖ Тақырыбы:Ауытқушылық мінез-құлқы бар балалардың өзін-өзі бағалауы. Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психологиялық ерекшеліктері бала еркінің дамып жетілмеуі оның өз іс - әрекетін, мінез – құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болуға, яғни өзінің іс - әрекетіне қойылатын талап пен мінез – құлқын үйлестіре алмайды. Мұндай ерекшеліктер өте жас кезден байқалады. Және оның дегбірсіз қимылы, орынсыз айқайы, ұйқысының нашарлығымен сипатталады. Мұндай балалар төбелескіш, басқа құрбыларымен тату ойнай алмайтын, өркөкірек болады. Баланың жоғары дәрежедегі психологиялық қызмет деңгейінің де түрліше болатындығын ескерту керек. Баланың дамуы мен ойлау қасиеттері оның бүкіл өмір, өткен өмір кезеңдерде қалыптасқан заңдылық сияқты. Алайда бұл қасиеттер баланың бойынан бірден даяр күйінде аңғарылмайды.
Егер баланың бойындағы кемістігін аңғарып қалғандай болсақ, ондай олықылықтары қалайшы толтыруға болады және сол кемістіктерді бұдан былайғы даму кезеңдерін де жоюды жандандырудың әдіс - тәсілдерін іздестіру қажет.
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психологиялық ерекшеліктерінде өзіндік бағалау әлі де болса мінез – құлық мотивінің үстемді түрінде көрінбейді. Бұл балалар өз іс - әрекеттеріне иек артпайды, жасаған кемшіліктерін көре бермейді. Оларды жөндеудің, қайталаудың жолдарын іздестірмейді, өзін басқалармен салыстырмайды [32.172].
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психологиялық ерекшеліктері үшін жоғары деңгейдегі эмоционалды қозғалыстық тән екенін байқауға болады.
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың қажеттілігінде тежеулер әлсіз, өзінің талаптану, тілек – ықыласы сезіміне деген төзімділігі нашар дамыған, сол себепті көп жағдайларды олар ата - аналарының, мұғалімдердің, үлкендердің қоятын талаптарына қарсы шығып, дау - жанжал тудырып жатады. Бұл жастағы балалардың жеке басының дамуына ерекше көңіл бөлу қажет.
Кеңес психологиясында мінез – құлықтың ауытқығаны қоғамдағы құқыққа немесе адамгершілік - өнегелі қалпына қарсылық білдіретін жеке қылықтар және қылықтардың жүйесі деп түсіндіреді [35.75]. Ауытқушылық мінез - құлық алғашқы пайда болуы, балалалық жаста, әсіресе жасөспірім жаста байқалады.
Сонымен мінез – құлық ауытқуы бар жасөспірімдердің мінезі жалпы қоғамдық ережеден, психикалық денсаулық ережесінен, мәдени немесе адамгершіліктік ережесінен ауытқыған тәртіп жүйесін айтады.
Л.Кулагин оқудың сәтсіздігі мен мінез – құлық ауытқуының қайнар бұлағы физикалық және психикалық денсаулық жағдайының әр түрлі ауытқуларының әлеуметтік, педагогикалық тұрғыда қараусыз қалуында. Көп жағдайда мінез- құлықтың ауытқуы туа пайда болған психикалық және физиологиялық кемістіктердің себептерінен ғана емес, сонымен қатар, отбасы мен мектепте дұрыс тәрбие бермегеннің салдарынан болады деп дәріптейді.
«Қиын бала» атанып, отбасын да, мектепте де қиындық тудырып, ауытқушы мінез –құлықтар, өзара қарым – қатынасы жойылып, өзіне -өзі баға беру шеттен тыс шығып жүрген балалар туралы айтылып та, жазылып та жүр. Әйтсе де, бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ.
Адам өмірге келген сәттен бастап, үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына әсерін тигізеді. С.Т.Холлдың пікірі бойынша «бала толыққанды дамуы үшін», өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет.
Қандай да бір олқылығы бар баланың даму жағдайы, әдетте қолайсыз, жағымсыз болады. Ол баланың дамуына кері әсерін тигізетін тәрбиелеуші шағын әлеуметтік сипаттарынан, тәрбиелеу-оқыту үрдістерінен және солар ықпал еткен тәрбиеленушінің ішкі ұстанымынан құралады.
Баланың дербестенуге ұмтылуы оған қатысты референттік топтардың (бірінші отбасының, одан кейін балалар б бақшасындағы және мектептегі құрбыларының ) оның әлеуметтік қалыптарға сай емес жеке дара көріністерін қабылдағысы келмейтіндігімен қақтығысқа түсу [36.136].
Ауытқушы мінез-құлық деп қалыптасқан нормаларға сәйкес емес мінез – құлықты айтамыз. (И.А. Невский). Белгілі әлеуметтанушы И.С. Кон ауытқушы мінез – құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе мораль қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс -әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Ауытқушы мінез – құлықтың концепциясына сәйкес кез – келген ауытқушылық бейімделудің бұзулуына алып келеді.
Ауытқушы мінез –құлық екі үлкен категорияға бөлінеді:
Біріншіден, бұл анық немесе жасырын психопатологияның барлығын білдіретін психикалық денсаулық қалыптарынан ауытқыған мінез –құлық.
Екіншіден, бұл әлеуметтік, мәдени және әсіресе құқықтық қалыптарды бұзатын ассоциалды мінез –құлық.
Мұндай әрекеттер аз болса да олар құқық бұзушылық, ал салмақты болса, әрі жазаланса- қылмыс деп аталады.Бұл жерде делинквенттік (құқыққа қарсы ) және қылмыстық іс - әрекеттер туралы айтылып отыр.