Екі ойын сүйегі тасталған. Мына ықтималдықтарды анықтаңыздар: а)ұпайлар қосындысы N=8ден артпайды, б)ұпайлар көбейтіндісі N=8ден артпайды, в)ұпайлар көбейтіндісі N=8ге бөлінеді
Төрт түрлі бұйым берілген, олардың ішінде i-ші түрдегі бұйым саны ni-ге тең, i=1,2,3,4. Бақылауға берілген бұйымдардың ішінен кездейсоқ m бұйымы алынды. Алынған бұйымдардың ішінде m1 бірінші түрдегі, m2 екінші түрдегі, m3 үшінші түрдегі, m4 төртінші түрдегі бұйымдардың болу ықтималдығын анықтаңыздар
Берілген n=10 лотереялық билеттердің ішінде k=7 ұтыс билеті бар. Берілген лотереялық билеттердің ішінен m=4 билет алынды. Алынған билеттердің ішінде l=3 ұтыс билетінің болу ықтималдығын анықтаңыздар.
Дискретті X кездейсоқ шамасы келесі үлестірімділік заңымен берілген:
Берілген X кездейсоқ шамасының M(X) математикалық күтімін, D(X) дисперсиясын, δ(X) орташа квадраттық ауытқуын, F(x) интегралдық функциясын есептеңіз