3-апта. 6-8 СӨж тақырыбы: Ауытқушылық мінез-құлқы бар балалардың өзін-өзі бағалауы


Мінез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің сана-сезім жүйесіндегі өзін-өзі бағалау ерекшеліктері



бет2/2
Дата25.11.2023
өлшемі19,87 Kb.
#128123
1   2
Байланысты:
3 апта сож девиант

Мінез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің сана-сезім жүйесіндегі өзін-өзі бағалау ерекшеліктері
Қазіргі кезеңдегі мінез – құлқы ауытқушылғы бар балалар мәселесі кең шеңберде зерттеушілердің, яғни психолог, педагог, социолог және дәрігерлердің назарын аудартуда. Сонымен қатар, мұғалімдердің, тәрбиешілердің және ата-аналардың негізгі көкейтестік мәселесінің бірі болып саналады. Өйткені қандай болмасын ата-ана, өзінің баласының парасатты, білікті, мәдениетті, білімді және дүниетанымы жоғары болып еліміздің мәртебелі азаматы болуын қалайды. Өкінішке орай, бүгінгі қоғамның әлеуметтік-экономикалық өзгерістеріне байланысты бұл мәселе, яғни жеткіншектердің мінез-құлықтары қалыпты дамып ізгі жолда жүруі күмәндатады. Сондықтан да, біздің ғылыми зерттеуімізде болашақ ұрпақтың теріс жолға түспеуін, адемгершіліктік-өнегелі қасиеттерінің жоғары және ізгі ниетті азамат болуына, жеткіншектердің тұлғасының дұрыс қалыптасуы үлкен ықпалын беретіні жүйелі тұрғыда қарастырылады. Жасөспірімдердің мінез-құлықтарының ауытқығаны жөніндегі мәселе, психология-педагогикалық, әлеуметтік, дәрігерлік-және заң тұрғысында әртүрлі қарастырылады. Мінез-кұлық - адамның күнделікті өміріндегі тұлғалық қасиеттерінің көрініс беру формаларының бірі болып саналады.
Негізінде мінез – бұл адамның әлеуметтік мінез – құлқының ерекшелігі. Ол әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын бейнелейді. Және жүктелген іске адамдарға қарым – қатынасынан көрініп отырады. Күнбе - күнгі тіршілікте адам әдетте менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі, батыл не солқылдақ, табанды, ержүрек не байбалаңшыл болып сипатталады [39.122]. Бұл сөздер арқылы адамның бір нәрсеге, не мінез –құлық амалына қатысы аталады. Олай болса, мінез негізінде жеке адамның моральдық - еріктік қасиеттері жатады. Жеке адамға не адамдар тобына тән өзіндік қарым - қатынастар, мінез – құлық пен қимыл – қозғалыстардың тәсілдері кісінің танымы мен іс - әрекетінде, тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеу үрдісінде қалыптасады.
Іс-әрекеттің әр түрлі болуына және одан алатын әсерге мінездің толысуы мен күші тәуелді болады. Жеке адам тіршілігінің өрісі тар, ол қоғамдық дамудың негізгі бағытынан оқшау жүріп жатса, (отбасынан әрі аспайтын болса) онда біртіндеп оралымсыз, тартқыншақ мінез қалыптасады.
Бала мінезінің қалыптасуына отбасы мен мектеп өмірінің моральдық - психикалық жағдайы үлкен әсер етеді. Жолдастық өзара жәрдем, ынтымақшылдық, өріс алған қоғамда кеңес адамдарының бойында ұжымдық, сергектік, ілтипаттылық мақсаттылық және табандылық сияқты тамаша қасиеттер қалыптасып отырады.
Олай болса нақты адамның мінезіне талдау жасағанда, ол өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайды ескере алумен бірге, оның тәрбиеленуі бағытиын да ескеріп отырған дұрыс, өйткені бұл екеуі адамның белгілі мінез бітімін қалыптастыратын өзара байланысты себептер болып есептеледі деп тұжырымдаған.
Қазіргі кезде. әсіресе ауытқушы болған балалардың мінез – құлықтарында балалардың тұлғасы, яғни эмоциялық аймақтары, өзін -өзі бағалау, қарым –қатынас деңгейі жөніндегі мәселе кең шеңберде зерттеушілердің назарын аудартуда. Өйткені, бала есейген сайын қоршаған ортаның пікіріне емес, өзінің пікіріне құлақ салады. Оқушы мен мұғалімдердің, оқушы мен ата – аналардың, жолдастарының арасындағы қарым – қатынастарды қалыпқа келтіру үшін маңызды.
Психологиялық коррекциялау жұмысының мазмұны балалардың мінез – құлық ауытқуларын, өзін - өзі бағалау, талаптану деңгейі мен мазасыздану деңгейін сипатын ескертетін, көп жобалы және көп деңгейлі құрылымнан тұрады. Психокоррекция - деп жасөспірімдердің ортамен әрекеттестік жасауы кезінде әлеуметтік бейімделуін бұзатын психикалық механизмдерге бағытталған, тәрбиешіленуге психологиялық ықпал ету тәсілдерін түсінеміз. Психокоррекцияның мақсаты психика дамуының ауытқуларын түзету, қалыптасып келе жатқан тұлғаның үйлесімділігін және жүйкелік - психикалық ауытқуларын алдын алуын ұйымдастыру.
Кеңес психологиясында мінез-құлықтың ауытқығанын қоғамдағы құқыққа немесе адамгершіліктік - өнегелі қалпына қарсылық білдіретін жеке қылықтар және қылықтардың жүйесі деп түсіндіреді. Мінез - құлықтың ауытқуы алғашқы пайда болуы, балалық жаста, әсіресе жасөспірім жаста жиі байқалады
Бұл ақыл-ой даму деңгейінің біршама төмендігін, тұлғаның толық қалыптаспаған процесін, қоршаған ортаның және отбасының теріс әсерін, сонымен қатар, топтардың талаптарынан және осындағы қабылданған құндылы бағдарлардан жасөспірімдердің тәуелдігін сипаттайды. Мінез-құлқы ауытқушы болған жасөспірімдердің өз ісінің дұрыстығын дәлеледеп беру тәсілімен жиі қызмет етіп, үлкендердің шындықтарына немесе әділсіз болып көрінуіне қарсылық көрсетеді. Кейбір жағдайларда, ауытқушы мінез-құлык адамгершілікті - өнегелік қалыптарын жеткілікті білімдермен үйлесуі мүмкін, яғни бұл ерте жастан бастап адамгершілікті-өнегелік дағдыларын қалыптастыруының қажеттілігін көрсетеді.
Белгілі психолог Л.С. Выготский "қиын балалық шақ" кезеңін талдау кезінде, оның барлық факторларының болу мүмкіндіктерін, яғни " жеткіншектердің биологиялық, әлеуметтік-мәдени және психологиялық жетілуін ескеру қажет, деп белгіледі. Өйткені, қандай да бір аймақта ауытқылардың болуы, әлеуметтік ауытқушыділікке әкеледі. Сонымен қатар, Л.С. Выготский әр түрлі факторларды бағалауының қауіптілігі жөнінде-ескере отырып, факторлардың барлық жиынтығының ықпалын кешенді түрғыда қарастырылуының маңыздылығын дәлелдеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет