3. Асан туралы аңыздардың тақырыптық ерекшеліктері: Асан турлы аңыздарды ғалым Жармұхамедов «Көненің көзі»


Тарихта «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама» атанған аумалы-төкпелі заманды сипаттаңыз



бет12/35
Дата24.05.2023
өлшемі191,99 Kb.
#96862
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Байланысты:
аза ханды ы д уіріндегі дебиетінен емтихан с ра тары Жыраулар

12.Тарихта «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама» атанған аумалы-төкпелі заманды сипаттаңыз
"Қазақ әдебиетінің тарихы,3-том"
Он сегізінші ғасырдың алғашқы ширегінде Цеван -Рабдан жұрты тым қауқарлы еді.1701ж Аюке ханның баласы Санжиб әкесіне өкпелеп он бес мың үйді Жоңғарияға бастап келген соң одан әрмен күшейді.Цеван Рабдан Цин империясы қойған талаптарды орындамай олармен де срғысып алады.1717ж Тибеттің қаласын жаулап алады. Жоңғарияның Ресей империясымен қатынасы онша емес еді.Өйткені 1715ж Петр 1ші Жәмішке бекініс салдырған.Осыдан кейін жоңғар бодандары болып келген кейбір халықтар Ресейдің бодандығына өтеді.Церен 1716ж 10000әскер жіберіп бекіністерді қираттыртады.Жәміш көліндегі орыс бекінісіңтқирағандығын естіген қытай министрлері сол кездегі Сібір губернаторы М.П.Гагаринге Жоңғарияға қарсы бірге соғысуға шақырады.Жоңғарияның билеушісінің ниетін байқау үшін Петр1ші 1717ж Цеван Рабданға елші жібереді.Елшіні ашулы қабылдап,оны 1жыл тұтқында ұстайды.Қазақ билеушілірі осы екі ел арасындағы шиеленісті өз пайдаларына шешкісі келді. Гагаринге екі қазақ елшісі келіп 20-30мың қолмен жоңғарларға қарсы шығуға дайындығын, соған Ресей жұртымен бірігіп соғысқысы келетіндігін мәлімдейді.Отарлау саясатын сәтті жүргізіп жатқан Ресейдің 1701жылға дейін Красноярскінің оңтүстігінде бірде-бір елді мекені болмаса, он сегізінші ғасырдың алғашқы он бес-жиырма жылында Ертіс өңірі толықтай Ресейге қосылды.1719ж Жоңғар билеушісі өз елшісіне хат беріп Петербургке жөнелтеді.Петр1ші елшіні қабылдайды,хатқа жазылған һтініш-қытай ханынан қорғауды сұраған.Петр 1ші өзінің елшісін оларға жіберіп,көмекке 20000әскерді оларға беру үшін Ресей боданы болу керектігін айтады.Бірақ Цеван Рабдан бодан болудан бас тартады.Осы тұста қытай ханы Канси қайтыс болып,орнына Инь Чжен хан болып,Цеван Рабданға татулықта тұруды айтып елші жібереді.Қазақтар үшін жоңғарлардың бейбітшілікке жетуі тиімді болмады.1723ж қазақ ауылдары қыстаудан жайлауға көшкелі жатқан бейқам шақта,қару жарағы сайлы,қапысыз дайындалған құрамы 100000адамдық жоңғарлардың қолы бейбіт елге басып кіреді.Жау қазақ ауылдарының есін жидыруға мұрша бермей, қарсыластарын қирата жеңіп аяусыз қырады.
Кіші жүзбен Орта жүз қазақтары мұнан кейін орыс мемлекетінің шекарасына Петр1шіден Ресей бодандығына қабылдауын сұрайды.Ресей патшасы бұл мәселені кейінге қалдырады.1725ж қазақтар Арал маңының көшпенділері -қарақалпақтармен соғысады.Сол кезде халқымыз тартқан ауыртпалық "Елім-ай" әнінде керемет суреттелген.
1726жылдан бастап жоңғарларға қарсы бүкіл үш жүздің халық жасақтары бірге қимылдады.1726жылдың өзінде-ақ Торғай даласының оңтүстік шығысында, Бұланты мен Белеуті өзендері бойында, Қарасиыр мекенінде үлкен айқас қазақ қолы "Ақтабан шұбырынды" оқиғасынан соң алғаш рет жеңіске жетті.Халық кейін сол жерді "Қалмақ қырылған" атады.Екі жылдан кейін Ордабасы тауында өткен құрылтайда жоңғар басқыншыларына қарсы күрестің жоспары қаралып, әскер басшы Бөгембай, Жәнібек ;бүкіл қазақ жасағының қолбасшысы болып кіші жүз ханы Әбілқайыр сайланады.Бұл жорық қазақ әскерлерінің 1730жылы болған Балқаш көлінің оңтүстік шығысындағы Итішпес көліне таяу төңіректе өткен атышулы Аңырақай оқиғасына ұласады.
1726-1730жылдары екі дүркін Ресей бодандығына сұранған Әбілқайыр өтінішінің соңғысы 1731ж Петербургте қабыл алғаннан кейін 1740ж Жоңғария қарамағындағы Ұлы жүз бен Орта жүздің оңтүстік-шығыс аудандарынан басқа қазақ ұлысы толықтай Ресей бодандығына өткен болатын.Бұны көріп отырған Жоңғар хандығы 1741ж Ұлы жүз бен Кіші жүздің жеріне басып кіріп, жайлауларын қиратып, өздерін Орск қамалына дейін қуады.Келесі жылы тағы шабуылдайды.Ондағы мақсаты-қазақтарды түпкілікті тәуелді ету болатын.Бұл кезде жоңғарлар 30000қолмен 4рет шабуыл жасап, Орта жүздің сұлтаны Абылайды тұтқынға алады.Ресей Жоңғар билеушісіне елшілікке адам жіберіп оған қонтайшының қазақтарға қарсы шабуылын тоқтатуы хақында, Абылайды жолдастарымен тұтқыннан босату жайында келісімге келуді тапсырады.1743ж Абылай тұтқыннан босатылады.Абылайды тұтқыннан құтқаруға себепкер болу-Ресейдің қазақ жеріндегі позициясын нығайту үшін керек еді.Абылай Жоңғар мемлекеті құлағанға дейін емес, кейін Қытай империясының бодандығын қабылдаған соң да Ресейге барынша адал болуға тырысқан.
Тарихта 1757ж алғаш рет,1760ж екінші рет Абылай қолының қырғыздарды шабатыны мәлім.1760ж аяғында Орта жүзбен Ұлы жүздің батыс бөлігінің Абылайдың қол астына қарауына орай оның ықпалы бұрынғыдан да гөрі арта түсті.Мұнан кейін ол 1770ж қалың қол жиып, Талас пен Шу бойының қырғыздарын тәуелді етеді.Ш.Уәлиханов 1770жылғы қырғыздарға қазақтар үстемдігін орнататын "Жайыл қырғыны"атанатын айқас екендігін айта кеп, оның найман сұлтаны Көкжал Барақтың масқара жеңілісінің есесін қайтару үшін болған шапқыншылық екендігіне тоқталады.(Көкжал Барақ бір жолы қырғыздарды оңай шауып алады.Соған мейманасы тасқан ол қырғыздардың әулиесі Қошқаратаның мазарын мазақ етеді.Бұған өшіккен қырғыздар құпия келісіп алып,түн ішінде оның қосына шабуылдайды.Қаймығуды білмейтін Барақ бұл жолы алды-артына қарамай қашады).Бұқар осы оқиғалардың барлығына куә болды.
Уикипедия бойынша:
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама — қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең (1723 – 25). Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіретті. Құба қалмақтар 18 ғасырдың басында өздерінің ішкі қайшылықтарын реттеп, әскерін жарақтады. Орыс елімен қатынасын жақсартып, көрші мемлекеттерден қару, оқ-дәріні көптеп сатып алды. 1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады. Тарихшы Алексей Левшиннің жазуынша және қазақ жырауларының куәлігіне қарағанда Жоңғария қалмақтары әрқайсысы 10 мың жауынгері бар 7 қолмен қазақтарды шапқан. Олар Балқаш, Қаратау бағытымен жылжып (қолбасшысы Қалдан Серен), Алтай асып, Көктал өзені бойымен өрледі (қонтайшы Құлан Батур), Нұра өңірін қанға батырып (Әмірсана), Шелек өзені (Доржы), Есік көлі (Лама Доржы), Шу өңірін таптап (Дода Доржы), тоқтаусыз Іледен өтіп (Севан Рабдан) қарудың күшімен, найзаның ұшымен қазақ жерлерін иемденді.Екпіні қатты шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды. Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлде қайда көп болды. Абылай ханның айтуынша, сол кезде әрбір он адамның төртеуі қаза тапты. Тірі қалғандар ата мекенін тастап шықты. Тарихта бұрын болып көрмеген алапат құбылыс – қазақ халқының үдере қашқан босқыншылығы туды. Осы тұста халықтың жүрегінде мәңгі сақталған ащы зар мен ауыр мұңға толы «Елім-ай» әні дүниеге келді. Жоңғар шапқыншылығынан күйзелген қазақ жеріне Еділ бойы қалмақтары (торғауыттар), Жайықтың казак-орысы, Орал башқұрттары, Қоқан бектері, Бұқар мен Хиуа хандары тұс-тұстан шабуыл жасады. Қазақ елі өз тарихында алғаш рет қасіретті зардабы өте зор зұлматқа тап болып, жер бетінен ұлт ретінде жоқ болу қаупіне ұшырады. Қазақтар бұл апаттың сырын түсінді, жасанған жауларына қарсылық жасап бақты, ұрпағын қырғыннан аман алып қалудың амалын іздеп қарманды.«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» шырғалаңы мен аласапыраны қазақтардың еркіндік пен ерлік рухын шыңдады. Ұлт перзенттері бардың басын қосып, халық бірікпей тірлік болмайтынын түсінді. Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілқайыр бастаған қалың ел жоңғарларға қарсы майдан ашып, Бұланты мен Бөленті өзендерінің жағасында, Аңырақай даласында ұлы жеңіске жетті. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып мәңгі тарихқа хатталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет