3. Асан туралы аңыздардың тақырыптық ерекшеліктері: Асан турлы аңыздарды ғалым Жармұхамедов «Көненің көзі»


Бұқар жырау толғауларының тақырыптық ерекшеліктері



бет9/35
Дата24.05.2023
өлшемі191,99 Kb.
#96862
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Байланысты:
аза ханды ы д уіріндегі дебиетінен емтихан с ра тары Жыраулар

28. Бұқар жырау толғауларының тақырыптық ерекшеліктері.
Жыраулардың баршасына дерлік ортақ əлеуметтік мəселе, ортақ тақырып — ел бастаған хандар мен қол бастаған батырлар болғаны ақиқат. Ал осы мəселенің төркінін ауқымдырақ, тереңірек қараған болсақ, қазақ жырауларының түпкілікті идеясы тұлға бостандығы, жеке адамды қайталанбас рухани құндылық ретінде қастерлеуді бағамдаймыз. Соның нəтижесінде қазақ əдебиетінде өздері өмір сүріп отырған қоғамдық-əлеуметтік заңдылықтармен ымыраға келе алмайтын, рухани еркіндікті аңсаған Қабанбай, Бөгембай, Қаз дауысты Қазыбек сынды жаңа тұрпаттағы кейіпкерлер келді.
«Романтизм бағытында жазылған шығармалардың кейіпкерлері əдетте болмыстың ырқымен келіспейтін, теңдік, бақыт, азаттық үшін талмай күресетін рухы күшті жандар болып келеді. Адамның бас бостандығын, адами-қоғами мəні бар, құлшынысқа толы жағымды іс-əрекеттерге ұмтылыстарын мадақтау — романтизм туындыларына ортақ қасиет» дегенге келіссек, аталмыш образдар осы талаптың үдесінен шығады.
Бұқар толғанысында дала өмірінің өзіндік тыныс-тіршілігін идеалдандыру сарыны үнемі бой көрсетіп отырады. Адам мен қоғам, табиғат пен туған жер тəрізді күрделі философиялық мəселеге бара отырып, жазушы өзін дала тірлігінен, түз өмірінен бөле-жарып қараған жоқ. Өзінің кіндік кескен өлкесінің табиғаты — суы, нуы, тауы, қыраны, өркениет дүрлігісінен алыс дала болмысы, оның адамдары — қашан да шығармашылық шабыт пен құштарлық туғызып отырды. Шығармаларына романтикалық əр үстеп отыратын осынау тақырып, адам мен жаратылыс гармониясы басқа да шығармаларында жалғасты. Ұлттық рух сынға түскен алмағайып кезеңде жазушының өткен күнді аңсауы ұлы далаға деген аңсардан туған жеке шығармашылық психологияға тікелей байланысты. Іштей елжіреу мен құмарту шығармадағы элегиялық мазмұнды, романтикалық сарынды тудырмай қойған жоқ. Көңілін мұң торлаған Қазтуған атамекенге салауат айтып, қош айтысса, Бұқарда болашақ өмірге деген сенім бой көрсетеді. Оған əйгілі «Айналасын жер тұтқан» өлеңі мысал болады. Көңілі асыққан идеал өміріне бүгінгі шындықты қарсы қоя суреттейді. Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталып, Ақпан төңкерісінің болуы қазақ зиялыларын, жалпы алғанда, қырдағы қалың елдің болашаққа деген сенімін күшейтті де, бөлекше саяси атмосфера қалыптастырды. Келер күннің жарқын жаңалықтарына деген риясыз сенім, идеалды болашақ туралы ойлар жоңғарлардың беті қайтқан тарихи оқилардан кейінгі шығармаларының негізгі арқауы болды.
Айналасын жер тұтқан
Айды батпас демеңіз,
Айнала ішсе, таусылмас
Көл суалмас демеңіз.
Құрсағы құшақ байлардан
Дəулет таймас демеңіз,
Жарлыны жарлы демеңіз,
Жарлы байға тең келіп,
Жайлауға жарыса көшпес демеңіз.
Жалғызды жалғыз демеңіз,
Жалғыз көпке теңеліп,
Бір жапанда соғысып,
Кегін алмас демеңіз.
Құландар ойнар қу тақыр
Қурай бітпес демеңіз.
Қурай бітпес құба жон
Құлан жортпас демеңіз.
Құрсағы жуан боз бие
Құлын салмас демеңіз.
Қулық туған құдаша
Құрсақтанбас демеңіз.
Қу таяқты кедейге
Дəулет бітпес демеңіз.
Шығармада бүгінгі шындық пен келешектегі идеал-өмір бір-бірімен ымырасыздықта суреттеледі. Жазушының шығармадағы оқиғаларға қатынасы, ұстанымы осы бейнелі контрасттардан айғақталып отырады. Бас қаһарманның əлі орнамаған, келешектен күтетін жарқын тұрмысы мен бостандығы жыраудың өзі идеяландырған уақытында, қиялында мүсінделеді. Оның сұлбасы нақты бейнеленбей, символдау арқылы меңзеледі. Өзінің субъективті идеалы тудырған уақытты ұсынып, оны үлгі ретінде қабылдауы, ақиқат өмірге қарсы қоюы жыраудың негізгі тəсілдері.
Бұқар ел мен жердің тағдырын жырға қосуда өзіне дейінгі жыраулардың дəстүріне иек артады. Өйткені бұған дейін жасалған эстетикалық мұраны игеріп алмай, жаңа ұмтылыстар жасау мүмкін еместігі де белгілі. Қазақ əдебиетінің төлбасыларының бірі, тегеурінді жырау — Қазтуғанның туған жерге деген шексіз махаббатының, ата жұртқа деген адам айтып жеткізгісіз сартап сағынышының ескертішіндей болған «Алаң да алаң, алаң жұрт...» толғауындағы асыл арқау Бұқардан жалғасын табады.
Дербес драма болуға лайық «Алаң да алаң, алаң жұрт...» пен «Бағаналы орда басты орда...» деп басталатын туындыларды тұтастырып тұрған тақырыптық-эстетикалық құрылымдарының бірлігі. Бұл шығармаларда қыр өмірінде болып жататын өзіндік өмір ағыстары, дала заңдарымен өмір сүретін адамдардың жортуылды өмірінің эпизодтары суреттеледі. Көшпенділер тіршілігі, дала романтикасы — жыраулар шығармашылығының өне бойынан маңызды орын алып, үнемі қайырылып келіп отыратын тақырыбы. Сахара өмірінің өзіндік сəні, қайталанбас өмір салтын, кең өлкені еркін кезген дала қазақтарының аңғал да батыр мінезін, өршіл рухын жыраулар ерекше құштарлықпен, көтеріңкі пафоспен бейнеледі. Өткен дəуірдің еркіндігіне іш тарту, тіпті идеалдандыру арқылы жыраулардың біршамасына тəн ортақ жүлге пайда болды. Жыраулар кеңістікті уақыттық формалар арқылы игеруде белгілі бір реттілікті, тарихи- əлеуметтік белгілерге сай «уақыттар байланысын» негізге алып, өз идеалына сай кеңістікті əр түрлі уақыттық өлшемдер арқылы көрсете алған.
Қырдағы елдің қызығы басылмайтын қызу тірлігі, кең даланы еркін кезген ерке ұландардың жортуылға толы өмірі, аңшылық құрып, серілікпен күн кешкен өрендері, қыз алысып, қыз берісіп жататын ауыл арасындағы дырдулы думан, жасыл жайлау, салқар көш — бəрі-бəрі қарт Бұқарға айрықша шығармашылық көңіл-күй қалыптастырды деп айта аламыз. Дала образы, қырдағы ел тұрмысына деген сағыныш жырау шығармашылығындағы романтизм желісін қалыптастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет