3. Бағдарлама бойынша ата-аналарға арналған конференциялар. Белгіленген үлгі бойынша есеп беру



Pdf көрінісі
Дата05.02.2017
өлшемі253,24 Kb.
#3467

Оқушы –студенттер өзіндік жұмысы ретінде ұсынылған материалдар негізінде ата-

аналармен жүргізілетін жұмыстардың түрлеріне жоспар құрады, іс-әрекеттің түрлеріне 

сәйкес кеңес, нұсқау, есеп беру, жылжымалы папка дайындау, күнделіктер жазу, 

отбасылық газет, шығару және ата-аналарды оқу –тәрбие жұмыстарына тартудың 

жолдарын үйренеді, дербес әрекет етуге дағдыланып, теориялық білімдерін тәжірибеде 

қолдануға жаттығады, өмірлік дағдылары қалыптасады.  



Ата-аналармен қарым-қатынас стратегиялары.  

Арнайы ұйымдастырылатын жұмыстар:  

1.  Ай сайын өткізілетін ата-аналар жиналыстары.  

2.  Ата-аналар комитетін сайлауға арналған нұсқаулық жиналыстар.  

3.  Бағдарлама бойынша ата-аналарға арналған конференциялар.  

4.   Белгіленген үлгі бойынша есеп беру.  

5.  Ата-аналар портфолиосымен жұмыс. (Жылжымалы папка) 

6.  Жеке кеңестер, шағын топтық кеңес, үйге бару.  

Арнайы емес жұмыс түрлері.  

 

7.  Баланы бақшаға алып келгендегі және алып кеткендегі қарым-қатынас.  



8.  Дәптерлер , жазбалар, бақылау күнделіктері.  

9.  Хабарландыру тақталары.  

10. Ақпараттық парақ.  

11. Отбасылық газеттер шығару.   



Отбасы мүшелерінің топқа келуі. 

12. Белсенділік орталықтарына ата-аналардың келіп қатысуы. 

13. Облыстық, қалалық, аймақтық семинарларға отбасының қатысуы.  

14. Өткізілетін ертеңгіліктерге ата-аналардың қатысуы.  

15. «Әкелер мектебі» атасын, әкесін, ағаларын, інісін, шақыру.  

16. «Әжелер үлгі өнегесі» анасын, әпкесін, сіңлісін, т.б. 

17. Спорттық мерекелерге, демалыс орындарына баруға қатысу.  

18. ойын алаңдарын ашуға, демалыс орындарына баруға қатысу.  

19. Топ бөлмесінің  дизайындық безендірілуіне қатысу.  

20. «Әкем,анам  және мен» таныдық жарыстары.  

21. Ата-аналармен өткізілетін тренингтер.  

Балабақшада отбасылық бөлме. 

22. Ата-аналармен жүргізілген пікірлерім, сауалнама қортындылары.  

23. Ата-аналардың отбасы бөлмесіне келуі.  

24. Педагогикалық ынтымақтастық:  

а. Ұсыныс , сұраныстар негізінде арнайы кеңестер;  

б. Ата-аналардың ой пікрлері;  

в. Балабақша ұжымның ата-аналарға арналған алғыс хаттары.  

г. Жақсы ұйымдастырылған іс-шараларға байланысты естелік сувенирлер;  



д. Балабақша тыныс –тіршілігіне сауатты , белсене араласатын ата-аналарды 

мақтау қағаздарымен марапаттау;  



Ата-аналар жиналыстарын өткізуге арналған нұсқау. 

Балабақшада ата-аналарға жиналыстарды өткізуде тәжірибеде барысында бірқатар 

жетістіктер мен кемшіліктер кездеседі.  

Жетістіктеріміз:  

1.  Тәрбиешілер ата-аналар жиналыстарына дайындалу және өткізу барысында 

тәрбиеленушінің отбасындағы тәрбие жайында толық ақпараттар алып, оларды 

балабақша өміріне қарым-қатынасын анықтауға мүмкіндік болады.  

2.  Әр топтағы балалардың ата-аналарының ұжымын біріктіруге , ұйымшылдыққа, 

береке-бірікке қол жеткізе алады.  

3.  Ата-аналардың мамандықтарына сәйкес ұйымдарға байланысты өзара қарым-

қатынас жасауда қамтамасыз етеді.  

4.  Бала тәрбиесіндегі педагог пен ата-ананың бірлескен іс-әрекетінің нәтижесіне 

қол жеткізіп, оның жағымды әсері мен ықпал айқындалады.  

5.  Ата-аналардың пеагогикалық, психологиялық білімін арттыруды жүзеге  

асырудың мүмкіндіктері қарастырылады.  



Кемшіліктеріміз:  

1.  Ата-аналардың аталған жиналыстарға қатысу белсенділігінің төмендегі.  

2.  Ата-аналармен қарым-қатынас жасаудағы кездесетін қиындықтар.  

3.  Ата-аналар жиналыстарын өткізу формаларының (үнемі түрлендіріп , 

өзгертіп ,жаңаша бағыт- бағдар ұстана алмауы).  

4.  Педагогикалық біліктілік пен іскерліктің жеткіліксіздігі.  

5.  Балабақша жайындағы жағымсыз мәліметтер мен дұрыс емес ақпараттардың 

таратылуы.  

6.  Қаржы мәселесі жайында дұрыс шешімдер қабылдану қажеттілігі.  

Ата-аналар жиналыстарын дұрыс өткізу үшін педагогтар есіне.  

1.  Алға қоятын мақсатыңыз нақты, айқын болсын.  

2.  Жиналысқа арнайы мамандарды шақыру ең тиімді көмекші болмақ. Атап 

айтқанда психолог, әлеуметтік психолог, балалар дәрігері, ғалым-педагогтар. 

3.  Ата-аналар жиналысының тақырыбына сәйкес осы бағыттағы алуан түрлі 

әдебиеттермен танысу қажеттілігі.  

4.  Жиналысты өткізуге алдын ала дайындық кезеңнен жасау (жиналысқа дейін 

талдауға ұсынылатын сұрақтармен таныстыру, пікірлесу, өз ойларын ортаға 

салуға ұсыныс жасау, сауалнама жүргізу, оны алдын ала талдау).  

5.  Ұйымдастыру формасы ата-аналардың белсенділігін туғызатындай қызықты, 

тартымды болуы шарт: іскерлік ойындар, ата-аналар рингі, шағын топтармен 

жұмыс, тренинг, пікірсайыс, дөңгелек үстел, отбасылық кеңес, т.б.   

6.  Жұмыс барысында рефлексия жүргізуді ойластыру (сөз ойла, тез ойла, арт 

терапия, сұрақ –сауалдар ойын жаттығула, т.б.).   



7.  Жиналыс өткізілтін орын таза, желдетілген болуы керек, іс-әрекетке қажетті 

құрал-жабдықтар жеткілікті және оларды қалай орналастыру қажеттілігі алдын 

ала ойластырылуы керек.  

8.  Ата аналар жиналыстарда балабақшадағы кезеңде баланың іс әрекеті немесе 

мінез-құлқындағы кемшіліктер жайында айтудың қажеті жоқ, оларға 

сенімділікпен қараңыз, кінә тағудың аулақ болыңыз.  

9.  Баланың жақсы жақтарын айту сіздің міндетіңіз екенін ұмытып кетпеңіз.  

10. Ата-аналар жиналысына қатысушыларды мадақтауды, ризашылық білдіруді 

естен шығармаңыз.  

Ата-аналар жиналыстарының үлгісі 

Тақырыбы : «Ашық ой сұрақ жауап күні» 

Мақсаты: ата-аналардың бір-бірімен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және 

отбасы мәселелерін айқындау, оны шешу жолдарын іздестіру.  



Дайындық кезеңі:  

а)  Ата-аналарды жиналысқа шақыру, билеттер дайындау, хабарлама жасау, көрнекі 

хабарландыру жазып алу.  

б)  Экспресс пікіртерімге дайындық, (жасыл, сары түсті қағаздар және бор).  



Жиналыстың барысы:  

1.  Балабақша меңгерушісінің кіріспе сөзі (тәрбиеші, психолог,т.б.), тақырыппен 

және жиналыстың бағдарламасымен таныстыру.  



2.  Сәлемдесу: «Мен кіммін?». Ойынға қатысушылар екі екіден жұптасып, бір-

бірімен өздерін таныстырып, қысқаша сипаттама айтады, 2 мин. Уақыттан соң 

олар бірі екіншісін, екіншісі бірінші адамды көпшілікке таныстырады.  

3.  Ойын: «Біз бір-бірімізді жақсы білеміз бе?».  

Ойынға арналған сұрақтар:  



1.  Отбасымыздың ең сүйікті тағамы (әкесінің, анасының немесе баласының)?  

2.  Бала кездеріміздегі сүйікті іс-әрекеттерініңіз? Ол өз баласында байқала ма?  

3.  Жұмыстан келегеннен соң ең алдымен не істейміз?  

4.  Балаңыздың ең жақсы көретін қандай сапалық қасиеті бар?  

5.  Өзіңіздің сүйікті мерекеңіз?  

6.  Сізді балаңызқалай атағанын қалар едіңіз?  

7.  Өзіңіз және балаңыз қандай түстерді ұнатасыз?  

8.  Сіздің немесе балаңыздың ең жақсы көретін киімдері қандай?  

9.  Өзіңіз мектепте қандай пәнді сүйіп оқыдыңыз? Балаңыз ше?  

10. Сізді не қуандырады, шаттандырады? Балаңыз неге ерекше қуана алады? 

11.  Бала тәрбиесіндегі негізгі басты мәселе не деп ойлайсыз?  

4. Экспресс пікіртерім:  

Ата-аналарға сары және жасыл түсті қағаздар таратылады. Сары түс алғандар бір топ, 

жасыл түстегілер екінші топқа жинақталады. Егер мүмкіндік болған жағдайда ата-аналар 

әкелерді бір топқа, аналарды бір топқа бөлуге болады. Тәрбиеші (жүргізуші) төмендегі 

сұрақтарды жалғастырып аяқтауларын өтінеді:  



а)  Мен өз баламнан  қорқамын, себебі . . .  

б)  Балам мені жақсы түсінсе екен деп ойлаймын, өйткені ...  

в)  Мені баламның тәрбиесі толғандырады ...  

г)  Мен баламмен жеке сөйлескім келеді, себебі ....  

д)  Мен қуаныштымын, өйткені ...  

е)  Мен баламды болашақта ...  

ж) Мен өз балама ризамын, себебі ...  

Барлығы бірінші сөйлемді жалғастырып жазып болғаң соң тәрбиеші қағаздарды 

жинап алып, жасыл түстегі жауаптары оқиды, аты-жөндері аталмайды, қайталанған 

жауаптар тақтаға жазылады. Қортындысы шығарылып, келесі жауаптар оқылады.  

5. «Қайтарымды ашық ой».  

Тәрбиеші ата-аналарға сауал қояды. Не себептен бір бірін жақсы көретін адамдар 

арасында да қарым-қатынаста проблемалар туындайды?  

Себебі, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауды да, түсіне білуді де үйрену қажет, 

онымен «қарым-қатынас психологиясы» атты ғылым саласы айналысады, оны оқып танысу 

сіздің тікелей міндетіңіз болмақ. «Қайтарымды ой» айтуды тәрбиеші түсіндіреді: ол қысқа 

данұсқа, әрі екінші адамға қаратылады айтылуы қажет және сөзбен, ыммен, ишарамен 

жеткізіледі. Бет-әлпет құбылытарымен де білдіруге болады.  

Тәрбиешінің қортындысы: Мен үшін жаңалық болды ... Мен бүгін мына мәселе 

туралы ойландым ... Мен жиналысты басқаша өткізер едім ... Ата-аналар бұл сөйлемдерді 

жалғастырып аяқтайды, соңынан тәрбиеші оған топта өзі талдау жасайды.  

Ескерту: Ата-аналарға ұсынатын материалдар алдын ала дайындалады, кейбір 



сұрақ-сауалдар уақытты үнемдеу үшін алдын ала карточкаларға жазылып таратылады. 

Ашық ой айтуға ұсынылатын материалдар мазмұны балабақшаның көкейкесті 

мәселелерінен туындайды және оны таңдау тәрбиешінің шеберлігіне байланысты болады.  

Ата-аналар жиналысының үлгі тақырыптары:  

«Қайрымдылық пен қуаныш сыйлайтын күн»  

«Ойлау кеші».  

«Мен кіммін: оптимист пен , пессимист пе?»  

«Бала құқығын қорғау-парызымыз».  

«Бала мінезін тәрбиелеу мәселелері »  

«Отбасылық үлгі-өнеге».  

«Отбасындағы бала тәрбиесінің маңызы».  

«Балаңыз мектепке дайын ба?»  

«Баланы ойлауға қалай үйретуге болады?»  

«Баланың шыдамдылығы мен төзімділігін тәрбиелеу».  

«Баланың демалысын дұрыс ұйымдастыру».  

«Менің үйім-менің отбасым».  

«Отбасындағы еңбек тәрбиесі».  

«Бала тәрбиесіндегі ойынның орны»  

«Отбасылық салт-дәстүр» .  


«Бала денсаулығын сақтау-басты мәселе».  

«Баламен қарым қатынас мәдениеті».  

«Отбасылының рухани, мәдени құндылықтарының бала өміріндегі мәні».  

«Бала дамуындағы отбасының ықпалы».  

«Балабқша мен отбасының педогогикалық ынтымақтастығы».  

Педагогтар мен ата-аналар есіне, егер:  

-  Баланы үнемі сынап, мінейтін болсаңыз-онда ол барлығын жек көретін болып 

үйреніп кетеді;  

-  Бала жөнсіз күле берсе, оған үнемі ескерту жасаңыз ол тұйық, ұялшақ, бұйығы 

болады;  

-  Балаға үнемі ескерту мен тежеу жасасаңыз, ол өзін кез келген ортада кінәлі 

сезінуге үйреніп кетеді;  

-  Баланы орынды мақтай, мадақтай білсеңз, ол ақылды, байсалды, салмақты болуға 

талаптанады;  

-  Балаға үнемі қолдану көрсетіп отырсаңыз, ол өзін-өзі бағалай білетін болады;  

-  Балаңыз шыдамды, төзімді болып өссе, онда ол басқаларды да түсіне білуге 

үйренеді;  

-  Бала шындықты айтып өсетін болса, ол шыншыл адам азамат болып қалыптасады;  

-  Бала алаңсыз, қауіпсіз жағдайдаөсетін болса ол барлық адамдарға сеніммен 

қарайтын болады;  

-  Бала қауіп-қатермен, ұрыс-керісті, зұлымдылықты, жаман, жат қылықтарды көріп 

өссе, ол ашушаң, ызақор болады;  

-  Бала қайырымдылық пен мейірімділік, түсінушілік, сүйіспеншілік сезімдерді 

сезініп өссе, ол бұл әлемде махаббат пен сүйіспеншілікте болып, ата-анаға 

қайрымды болады.  

Ата-аналар алдында сөйлеуге үйрену ережесі 

Сөз сөйлеуді қалай бастау керек? Шаршы топ алдында сөз сөйлеу алғашқыда қындық 

туғызатыны белгілі. Дейтұрғанмен де ол өте маңызды, әрі құрметті. Бастапқыда 

тыңдаушылардың ақыл-ойы зерек, тың, сондықтан жақсы әсер қалдыруға болады. 

Сөз сөйлеуге алдын ала дайындалу керек.  

  Сөйлейтін сөз қысқа на нұсқа, нақты болғаны абзал;  

  Сөз сөйлеуде бірден ең негізгі мәселенің мәнін ашудан бастаңыз;  

  Сөз сөйлеуді бастағанда әзіл-сықақ немесе сын пікірлер айтудан аулақ 

болыңыз, ол үнемісәтті бола бермейді;  

  Сөйлеу барысында жөнді –жөнсіз кешірім сұрау ағаттық, не айтқыңыз келді 

соны нақ, дәлелді түрде айтуға тырысыңыз және әрдайым өзіңізге белгіленген 

орында болыңыз;  

  Сөз сөйлеуді жалған пікірлерден бастамаңыз, сөзіңіз еркін, табиғи, 

салмақтылықпен айтылатын болсын;   

  Аудиторияны өзіңізгетарту үшін сөз сөйлеуді бастағанда төмендегі әділ-

тәсілдерді пайдаланыңыз:  



  Тыңдаушылардың қызығушылығын арттыра біліңіз;  

  Тыңдаушылардың қызығушылығын арттыра біліңіз;  

  Қызықты оқиғалар мен мысалдар келтіре сөйлеңіз;  

  Нақты көрнекілік көрсетуден бастап сөйленіңіз тиімді болмақ;  

  Тыңдаушыларға сұрақ қоюды ұмытпаңыз;  

  Дәйек сөз бен фактілерден бастау да тартымды болады;  

  Сіздің сөзіңіз тыңдаушылардың өмірімен тығыз байланысты екенін 

дәйекті түрде  дәлелдей біліңіз.  

Сөз сөйлеуде ойыңызды айқын жеткізу үшін не істеу керек?  

1.  Сөз сөйлеуде ойды қарапайым тілмен түсінікті жетік айта білу керек.  

2.  Сіз айтайын деген ойдың басқаларға таныс әрі нақты болатынына сеніңіз.  

3.  Тындаушылардың көріп  қабылдануына жақсы әсер ете біліңіз.  

4.  Айтайын деген негізгі идеяны қайталаңыз, бірақ  бір  сөзді немесе сөз тіркесі 

үнемі қайталанбасын.  

5.  Ойды тиянақтау үшін өте көп мәселелерді қамтуға тырыспағаныңыз жөн.  

6.  Сөз аяқтауда қысқаша түйін жасауды ұмытпаңыз.  

7.  Егер мүмкіндік болса, нақты ұсыныс пен идеяны қалыптастыру жолын 

қарастырыңыз.   

8.  Аудиторияны сөйлеу барысында толық қамтуда және қызығушылықты ояту 

негізгі міндетіңіз екенін ұмытпаңыз.  

9.  Сөйлеуді қалай аяқтауға болады? Сөз соңы маңызды стратегиялық элемент. 

Тыңдаушылар сөз соңындағы айтылғанды естеріне жақсы сақтайды. Сөзді 

аяқтауға да жақсы дайындық керек. Ол үшін:  

  Ойды түйіндеу, өз сөзіңіздің қысқаша нұсқауы, негізгі идея;  

  Іске кірісуге шақыру, оны орындаудың жолдарын белгілеу;  

  Тыңдаушыларға орынды мадақтаулар айту (комплимент), күлкіге 

шақыру;  

  Поэтикалық жыр шумақтарын пайдалану, дәйексөздер қолдану;  

  Эмоционалдық көңіл күйді көтеру.  

  Сөз сөйлеу барысында бастапқы ой мен соңғы ойды байланыстырып, 

тыңдаушыларды жалықтырып алмай, дер кезінде аяқтаған тиімді. Сөз 

екпіні, дауыс ырғағы, интонация, үннің әуезді шығуына мін беру керек.  



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет