3 бакылау сурактары Ас қорыту. Энергия алмасу. Тамақтану. Сыртқа шығару. Жылу реттелуі. Талдағыштар. Жоғары жүйке іс-әрекеті


Сыртқа шығару ағзалары, олардың гомеостазды сақтауға қатысы. Бүйректің қызметтері



бет8/11
Дата05.05.2023
өлшемі44,98 Kb.
#90401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3 бакылау сурактары Ас орыту. Энергия алмасу. Тама тану. Сырт а

Сыртқа шығару ағзалары, олардың гомеостазды сақтауға қатысы. Бүйректің қызметтері.

Сыртқа шығару ағзалары:бүйрек,өкпе,өт,тер,ас қорыту сөлдері
Бүйрек – сыртқа шығару жүйесінің негізгі ағзасы, несеп түзуші ағза. Диурез – несептің тузіліп, сыртқа шығарылуы. Қалыпты жағдайда тәуліктік диурез мөлшері – 1000 -1800 мл. Ол сыртқы ортаның температурасына, қабылдаған тамақтың мөлшері мен құрамына және ішкен судың мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады. Олигурия – тәуліктік диурездің азаюы. Полиурия – тәуліктік диурездің көбеюі. Энурез – түнде несепті ұстай алмау. Никтурия – түнде несептің көп түзілуі.
Бүйректің қызметтері:
І. Экскреторлық. Зат алмасу өнімдерінің сыртқа шығарылуы (несеп арқылы).
ІІ. Инкреторлық. Биологиялық белсенді заттардың түзілуі (ренин, медуллин, простагландин, брадикинин).
ІІІ. Экскреторлық емес: - АҚ реттелуі (ренин-ангиотензин жүйесі)
- эритропоэзге қатысу
- қанның ұюына қатысу
- зат алмасуына қатысу (белоктар, майлар, көмірсулар)
- Д3 витамнінің белсенуі
Бұлардың барлығы организмде гомеостазды қамтамасыз етеді

  1. Несеп түзілу механизмі




  1. Көру талдағышы, Торлы қабатының физиологиясы.

Көру жүйесі миға келетін сенсорлық ақпараттың 90%-ын береді.
Көз 2 бөлімнен тұрады:
1. Жарықты сындырушы
2. Жарықты қабылдаушы (торлы қабат).
Көдің жарық сындырушы ортасы:
- Қасаң қабық - Алдыңғы камера
- Көз бұршағы
- Шыны тәрізді дене Фокус қашықтығы 1м болатын линзаның сындыру күші - 1 диоптрия.
Көздің сындыру күші: алыс заттарға қарағанда - 59 Д, жақын заттарға қарағанда - 70,5 Д
Көру талдағышы бөлімдері сипаттамасы:
1. Шеткі бөлімі: Торлы қабық рецепторлары
I. фоторецепторлар – таяқшалар (110-125 млн.) және сауытшалар (6-7 млн.)
II. биполярлы жасушалар қабаты
III. ганглиозды жүйке жасушалар
2. Өткізгіш бөлімі. Көру жүйкесінің талшықтары ми негізіндегі қиылыс (хиазма)  ортаңғы ми (4 төмпешіктің жоғарғы бұдырлары)  аралық ми (латералды имек дене).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет