3. Банктік ресурстарды құрау көздері. Пассивтік операциялары. Банктің меншікті капиталын басқару



бет2/3
Дата22.11.2022
өлшемі24,71 Kb.
#51674
1   2   3
Банк ресурстары — бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануына, әмбебаптығы мен қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1) Банктің меншікті капиталы.
2)Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.
Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесін тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.
3.2. Банктің меншікті капиталы: көздері мен қызметтері.
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және т.б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрылды. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активтік шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі. Демек, дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді. Банктің бос резервінің мелшері активтік операцияларға жұмсалмаған оның ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады. Керісінше, егер бос жатқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әрбір коммерциялық банк өзінің корреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады.
Банктің меншікті капиталы — банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсаң, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, капиталдың бағасын нығайту мақсатына және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады. Меншікті капиталдың құрамдас бөліктері, жарғы капиталы және акционерлік капитал, үлестірілмеген пайда, т.б. Резервтік капитал және оны құрау тәртібі мен пайдалану мақсаты. Акционерлік капиталды құрау және оның «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан республикасының заңына сәйкес қалыптастырылуы, акционерлік капиталдың қаржы инструменттері, банктің жарғы капиталы және оны ұйымдық-құқықтық формасына байланысты қалыптастырудың ерекшеліктері. Жай акциялар мен артықшылығы бар акциялар және олардың банк капиталын құрау және басқару ісіне құрылтайшылар мен акционерлердің қатысуын реттеудегі рөлі. Субординацияланған қарыз, оның акциялармен және депозиттермен салыстырғандағы ерекшеліктері, банктің күрделі қарыз міндеттемелері, олардың банктің капиталын құраудағы орны. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігінің көрсеткіштері (коэффициенттері), функциялары, банк капиталының адекваттылығы туралы ұғым. Банктің меншікті капиталының жіктелінуі: негізгі және қосымша, иммобилизацияланған және «жұмыс істейтін», «қорғалған» және «қорғалмаған» бөліктері, «брутто» және «нетто» капиталы.
Акционерлік капитал туралы ұғым, оны басқарудың құқықтық негізі, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңы. Акционерлік қоғамды құру тәртібі, банктердің бағалы қағаздар эмиссиясының проспектісі, оны әзірлеу, сараптау және тіркеуден өткізу, бағалы қағаздарды ораналастыру, акционерлік капиталды есепке алу. Акционерлік капиталды қалыптастырудың қаржы инструменттері, олардың түрлері, шетелдік тәжірибе, банктің резервтік капиталы және олардың түрлері, оларды басқару. Меншікті капиталды есептеудің жолдары.
Акционерлік капитал келесі түрлерге бөлінеді:
- меншікті акционерлік қоғам;
- банктік резервтер;
- банктің ұзақ мерзімді мінездемесі (ұзақ мерзімді векселдері, облигациялары).
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады. Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет