Синапс – бұл қозуды (немесе серпіністі) жүйке талшықтарынан бұлшықетке немесе жүйке жасушасына өткізетін құрылымдық ұласу. «Синапс» — термині мен тұжырымдамасы C. Sherrington физиологиясына енгізілді. Ол орталық жүйке жүйесінің жұмысын зерттеп, 1897 жылы енгізген, шын мәнінде нейрондық синаптич деп атаған арнайы механизмнің көмегімен бір-бірімен байланысады. Бұдан кейінгі жылдары бұл идея бекітілді. Әрбір нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін. Ал әрбір нерв талшығы 10 мыңға дейін синапс түзе алады.Қазіргі кезде жұлын мен мидың түрлі бөлімдерінде 2 түрлі синапстар бар екені анықталды: қоздырушы және тежеуші синапстар. Орталық жүйке жүйесіндегі тежеуші нейрондардың аксондарының ұштарында тежеуші медиатор болады да, ол қабылдаушы нейронға тежеп әсер етеді. Ми сыңарларының қыртысындағы нейрондарда амин май қышқылы (ГАМК) тежеуші медиатор ролін атқарады.
Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар. Пресинапстық мембрана неиронның аксонының жуандаған ұшы — синапс түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады. Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялык заттан тұрады (лат. медиатор — делдал, арада жүруші). Медивтор – қозу үдерісін жеткізетін химиялық зат. Қабылдаушы нейронның пресинапстық бөлімімен жалғасатын жерінің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасында синапс с а ң л а у ы болады. Ол — клетка аралық сұйыққа толы кеңістік.
• Қызметінің реттелуінің рецепторлық принципі: Организм қызметі – бқл заңды рефлекторлық реакцияның стимулға жауабы. Рефлекторлық теория дамуының кезеңдері: 1. Декарттық (16 ғасыр) 2. Сеченовтік 3. Павловтық 4. Қазіргі нейрокибернетикалық.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қалыпты физиология Редаксиясын басқарған РМҒА академигіК.В. Судаков,қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы профессор Ф.А.Миндубаева,«ГЭОТАР-Медиа», 2019
2. Сәтбаева Х.Қ., Утепбергенов А.А., Нильдилбаева Ж.Б. Адам физиологиясы. (Оқулық). - Алматы. Издательство «Дәуір», 2005. - 663 бет.