Дәріс: Қозғыш құрылымдардың физиологиясы Синапс немес Түйіспе



бет1/13
Дата21.03.2022
өлшемі5,55 Mb.
#28528
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Физиология №3 лекция


Дәріс: Қозғыш құрылымдардың физиологиясы

Синапс немес Түйіспе

Синапс немесе түйіспе – Жүйке жасушалары не жүйкемен не басқа жасушалармен түйіскен жерінде қозуды өткізетін (ет талшықтары, нейрон немесе секреторлық клеткалар) арнаулы құрылым. Бір нейронда 100 мыңдаған синапс болады.



«Синапс» ұғымын ғылымға 1897 жылы ағылшын физиологы Ч. Шерингтон енгізді.



Түйіспелер ұласқан жасушалардың түріне қарай нейронаралық, ет –жүйелік түйіспе құрылады.Нейронаралық синапстар өзі : аксо-дендриттік, Екі аксонның ұласқан жерінде аксо-аксондық, одан басқа әр түрлі нейрондар дендриттерінің арасында дендро-дендриттік, нейрон денелерін бір-бірмен байланыстыратың сомато-соматикалық және клетка денесі мен дендриттер арасыңда сомато-дендриттік синапстар да болады.

Синапс құрылымы негізгі үш бөлімінен тұрады: пресинапстық (Қозуды беретін жасуша), постсинапстық (қозуды алатын) мембранадан тұрады. Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасында синапс саңылауы болады. Ол клетка аралық сұйыққа толы кеңістік. Қозу үрдісі пресинапстқ мембранадан постсинапстық мембранаға жүйке ұшынан бөлінетін химиялық зат –медиатордың қатысуымен өтеді. Медиатор- қозу үрдісін жеткізетін химиялық зат, жүйке бүршігіндегі жасушаларда болады. Постсинапстық мембранада медиатормен әрекеттесін арнайы белок- қабылдағыш орналасады. Көпіршіктер бірінші пресинапстық мембранамен әрекеттесіп медиаторларды синапстық саңылауға береді. Оған энергия митохондриядан Түйіспе медиаторы ацетохолин болса, оның постсинасптық қабылдағышы холинрецептор.



Бірыңғай салалы бұлшықетте адреналин медиатор болып келеді, постсинапстық қабылдағышы адренорецептор.

Аксон ұштарын терминалдар деп те атаймыз. Мысалы бір нейронның аксон терминалы. Медиторлар толы көпіршіктер, мысалы ацетохолин.. Одар осында синтезделеді. Оны синтездейтін ЭПТ және Гольджи аппараты. Оғын энергияны митохондрия береді. Терминал ұшында. Импульс пресинастан постсинапсқа өтеді. Мембрана бойымен импульс келеді. + - ке өзгереді. !Әрекет потенциалы пайда болады. Ол кальции иондары каналдарын ашады.Оның ашылуы осы келген кернеуге тәуелді.Кальции иондары ішке көптеп енеді. Кальции иондары медиаторларды пресинастық мембранаға жалғайды. Ішіндегі медиаторлар синапстық саңылауға жіберіледі. Бұл медиаторлар екінші Посинапстық мембранада өзектер болады, өзектер натрии ионын ішке қарай өткізеді. Осы өзектердің ашылуы медиатор келіп жалғануына байланысты. Натрии ішке өтеді, калии шығады. Натрии ішке көп енуіне байланысты әрекет потенциалы туады мембрана бойымен ары қарай жылжып кетеді. Бір нейроннан екінші нейронға немесе екінші жасушаға импулс осылай өтеді.

Синапстар арқылы қозу өтудің екі механизмі болады: электрлік және химиялық. Ең көп тарағаны химиялық синапстар.

Химиялық түйіспелердің ерекшелігі сол, мұнда қозуды өткізу ерекше химиялық заттар тобы – медиаторлар көмегімен жасалады.

Түйіспеде қозу бір бағытта –пресинапстық мембранадан постсинапстық мембранаға қарай өтеді.

Қозу баяу өтеді, түйіспеде 0,2-0,5 мс кідіреді. Түйіспелік кідіріс дейді. Бірыңғай салалы бұлшықетте түйіспелік кідіріс 5-10 мс.

Электрлік (эфапстық) түйіспелердің ерекшелігі сол, бұларда қозуды өткізу электрлік жолмен аса жоғары жылдамдықпен жүреді. Организмде мұндай түйіспелер сирек болады (мысалы, жүректе).

Синапстарға тән болатын бірнеше функциональдық ерекшеліктер бар:

Әрбір жүйке клеткаларында көптеген тежеуші және қоздырушы синапстар болады. Бұл жүйке әрекеттерінің бір-бірімен байланысты қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.

Орталық жүйке жүйесіндегі тежеуші нейрондардың аксондарының ұштарында тежеуші медиатор болады да, ол қабылдаушы нейронға тежеп әсер етеді. Ми сыңарларының қыртысындағы нейрондарда гамма-амин май қышқылы (ГАМҚ) тежеуші медиатор ролін атқарады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет